Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет324/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   596
ДЖОРДЖ КАСПАР ХОМАНС
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Photograph courtesy of the American Sociological Association


438
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ДЖОРДЖ КАСПАР ХОМАНС 
мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі мен оның екінші кезектегі ең бағалы мақсатқа 
қол жеткізу мүмкіндігі арасындағы байланысты айқындайды.
«Жеке әрекетке шектеулердің екінші көзі – әлеуметтік институттар. 
Фридман мен Хечтердің пікірінше, индивидтің әрекеттері әдетте туған-
нан өлгенге дейін отбасылық және мектеп ережелері; заңдар мен қаулы-
лар; шұғыл шаралар; шіркеулер, синагогалар мен мешіттер; ауруханалар 
және жерлеу бюролары бойынша шектеледі. Жеке тұлғалар үшін қол-
жетімді іс-қимыл бағыттарының жиынтығын шектеу арқылы ойынның 
күштеп міндеттейтін ережелері, соның ішінде нормалар, заңдар, күн тәр-
тібі және дауыс беру әлеуметтік нәтижелерге жүйелі түрде әсер етеді».
(D. Friedman and Hechter, 1988:202)
Ол теория деп атаған нәрселер тек тұжырымдамалық схемалар болып табылады және теория 
кем дегенде бірнеше қағиданы қамтымаса, теория бола алмайды деп шештім. Менің бұл көзқа-
расымның дұрыстығына ғылыми философия бойынша бірнеше кітап оқығаннан кейін сенімді 
бола бастадым.
Теорияны ұсыну үшін жалғыз қағида жеткіліксіз. Оны түсінуге феномен теориясы септігін тигізді. 
Түсініктеме жалпыға бірдей төменгі тәртіпті бір немесе одан да көп қағидалардың берілген не-
месе шекаралас шарттармен, не болмаса параметрлермен байланысты жалпы қағидалардан ло-
гикалық түрде туындайтынын көрсетеді. Мен осы мәселеге қатысты өз ұстанымымды The Nature 
of Social Scienc («Әлеуметтік ғылымның табиғаты») атты кітабымда (1967) жеткіздім.
Содан кейін мен өзімнен «Адамдар тобында» тұжырымдаған эмпирикалық қағидалар мен әлеу-
меттік психологиядағы далалық және тәжірибелік зерттеулерді оқығаннан кейін назарымды ау-
дарған қағидаларды түсіндіру үшін қандай жалпы қағидалар қолдануға болатыны туралы сұра-
дым. Жалпы қағидалар бір ғана шартқа сәйкес келуі керек: менің бастапқы түсінігім бойынша, 
олар жеке адамдарды адамзат мүшелері ретінде сипаттауы қажет.
Мұндай қағидалар әлдеқашан анықталып қойған еді, мен оларды өзім ойлап шығара алмас едім. 
Олар менің ежелгі досым Б.Ф. Скиннер және басқа да ғалымдар анықтаған мінез-құлықтық пси-
хологияның қағидалары болып шықты. Олар адамның физикалық ортадағы жеке әрекеттерін 
де, оның басқалармен өзара әрекеттесу кезіндегі мінез-құлқын да жақсы сипаттап берді. Social 
Behavior («Әлеуметтік мінез-құлық») атты кітабымның екі басылымында (1961 және 1974 жылда-
ры түзетілген) мен осы қағидаларды тиісті жағдайда біркелкі тұрақты әлеуметтік құрылымдардың 
пайда болуын және құрылымдардың оларды құруға ниеттенбеген индивидтердің әрекеттері ар-
қылы сүйемелдену жолдарын түсіндіруде пайдаландым. Мен бұл мәселені әлеуметтанудың ең 
басты негізі деп танимын.
Құрылымдар құрылғаннан кейін оларға кіретін немесе олармен байланысқа түсетін адамдардың 
мінез-құлқына одан әрі әсерін тигізеді. Бірақ бұл әсер бастапқыда құрылымдардың құрылуы мен 
сақталуын түсіндірген қағидалардың өздеріне түсініктеме береді. Құрылымдар бұл қағидалар 
қолданылатын жаңа жағдайларды қамтамасыз етіп қана қояды. Менің әлеуметтануым ұжымдық 
емес, жеке-дара болып қала береді.
(Джордж Хоманс 1989 жылы қайтыс болды. [See Bell, 1992, for a biographical sketch of Homans. See 
also Fararo, 2007; Molm, 2005b]).


439
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Бұл институттық шектеулер белгілі бір әрекеттерді ынталандыруға және 
басқалардан бас тартуға көмектесетін оң және теріс санкцияларды қамтамасыз 
етеді.
Фридман мен Хечтер рационалды таңдау теориясына негіз болатын екі 
ойды атап өтеді. Біріншісі – агрегация механизмі немесе «әлеуметтік нәти-
жеге қол жеткізу үшін біріктірілген жеке әрекеттер», іске асыратын процесс
(D. Friedman and Hechter, 1988:203). Екіншісі – рационалды таңдау жасауда-
ғы ақпараттың маңыздылығы. Кезінде, акторлар ашық әрекеттердің балама 
курстары арасында мақсатты таңдау жасау үшін барынша толық немесе, кем 
дегенде, жеткілікті дәрежедегі ақпаратқа ие болуы тиіс деп есептелді. Алай-
да қолда бар ақпараттың саны немесе сапасы өзгермелі және бұл өзгермелілік 
акторлардың таңдауларына терең әсер ететіні – бұл күнде жұрт мойындаған 
шындық (Heckathorn, 1997).
Ертеректе қалыптасу кезеңінде айырбас теориясына рационалдықтың ру-
диментарлы теориясы әсер етті. Кейінірек осы тарауда біз рационалды таң-
дау теориясын қарастырғанда онымен байланысты кейбір күрделі тұстарды 
талқылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет