Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет327/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   596
Құндылық қағидасы
«Адамға өзінің іс-әрекетінің нәтижесі неғұрлым құнды болса, оның
іс-әрекетті іске асыру ықтималдығы соғұрлым жоғары».
(Homans, 1974:25)
Кеңсе жағдайын мысалға алар болсақ, әркімнің келесі біреуге ұсынатын 
сый ақысы құнды болып есептелсе, акторлардың қажет іс-әрекетті орындау ық-
тималдығы да соған сәйкес жоғары болады. Бұл кезеңде Хоманс сыйақылар мен 
жазалау тұжырымын ұсынды. Сыйақы – оң мағынадағы іс-әрекет. Сыйақыны 
ұлғайту қажетті іс-әрекеттің орындалу ықтималдығына әкеледі. Жазалау – те-
ріс мағынадағы іс-әрекет. Жазалау қатайған сайын субъектінің өз қалауы бо-
йынша іс-әрекет ету мүмкіндігі азая береді. Хоманс жазалауды «адамдардың өз 
әрекетін өзгертуге мәжбүрлеудің тиімсіз құралы» деп санайды, себебі адамдар 
жазалауға ықпалсыз іс-әрекетпен жауап қайтаруы мүмкін. Еріксіз іс-әрекетті 
ынталандырмаған жөн, ақыры мұндай іс-әрекет жойылады. Сый ақылардың 
артықшылықтары бар екені белгілі, алайда олар аз мөлшерде болуы мүмкін. 
Хоманс бұл тек қана гедонистік теория емес екенін анық көрсетті, сыйақылар 
материалистік (мысалы, ақшалай) немесе альтруистік (басқаларға көмек) тү-
рінде болуы мүмкін.
Депривация-сатиация қағидасы 
«Адам өткен уақытта белгілі бір марапатты жиі алса, алдағы уақытта ала-
тын сол марапаттың құны азая түседі».
(Homans, 1974:29) 
Кеңседе өзгелерге кеңес беру немесе кеңес алу үшін адамдар бір-бірін жиі 
марапаттауы мүмкін, алайда ол марапат олар үшін құндылығын бірте-бірте жо-
ғалтады. Бұл жерде уақыт шешуші мағынаға ие, егер белгілі бір марапат ұзақ 
уақыт бойы қайталана берсе, адамдардың қанағаттану ықтималдығы азаяды.
Алайда бұл кезеңде Хоманс өзге екі сыни тұжырымдаманы анықтады: құн 
және кіріс. Кез келген іс-әрекеттің құны альтернативті іс-әрекет бағытында жо-
ғалтылған сыйақы ретінде анықталады. Әлеуметтік айырбаста кіріс шығындар 
үшін алынған көбірек сыйақы ретінде қарастырылады. Соңғысы Хоманстың 
депривация-сатиация туралы болжамдарын өзгертуіне түрткі болды, себебі 
«адамның іс-әрекеті нәтижесінде алынған пайда неғұрлым көп болса, оның 
орындалу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады» (1974:31).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет