Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет322/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   596
Тарау мазмұны
Б
ұл бөлімде біз бір-бірімен байланысты үш теорияға – айырбас теория-
сына, рационалды таңдау теориясына және желілік теориясына назар 
аударамыз. Рационалды таңдау теориясы айырбас теориясын, әсіресе 
актордың ра ционалды әрекет туралы ойларын дамытқан интеллектуалды 
әсерлердің бірі болды. Алайда қазіргі айырбас теориясы рационалды таңдау 
теориясының әсерін көрсету барысында, оның өзі де басқа интеллектуалды 
бағыттардан әсер алып, өз саласының аясында бірегей бағыттарды қалып-
тастырды (Willer and Emanuelson, 2008). Осылайша қазіргі айырбас және 
рационалды таңдау теориялары бір-бірімен соншалықты сабақтаспайды. Ір-
гелі айырмашылық тары ның бірі – рационалды таңдау теорияшылары жеке 
таңдау шешіміне баса назар аударса, айырбас теорияшылары үшін зерттеу 
бірлігі – әлеуметтік қарым-қатынас. Соңғы уақытта айырбас теорияшыла-
ры әлеуметтік қарым-қатынас желілеріне ерекше көңіл аудара бастады және 
бұл қадам олардың желілік теориясымен байланысуына себептесті. Желілік 
теориясының рационалды таңдау теориясымен ортақтығы бар, алайда ол 
адамдардың рационалдығы туралы пікірді мойындамайды (Mizruchi, 1994). 
Жалпы, алдыңғы екі бөлімде қарастырылған теорияларға қарағанда бұл тео-
риялар позитивистік бағдарды ұстанады.
Айырбас теориясы
 
Молм мен Куктың (1995; Cook and Rice, 2001, 2005; Lovaglia, 2007) ізін қуа 
отырып, біз айырбас теориясының даму тарихына шолуды оның бихевиористік 
негіздерінен бастаймыз.
Бихевиоризм
Бихевиоризм психологияда жақсы танымал, бірақ әлеуметтануда ол – мінез- 
құлық әлеуметтануына (Baldwin and Baldwin, 1986; Bushell and Burgess, 1969) 
тікелей әсерін, әсіресе айырбас теориясына (Molm, 2005a) жанама әсерін ти-
гізді. Мінез-құлық әлеуметтанушысы актор мінез-құлқының қоршаған ортаға 
әсері мен оның актордың кейінгі әрекеттеріне әсері арасындағы байланысты 
зерттейді. Бұл байланыс «операнттық себептілік» немесе «мінез-құлықтың өз 
салдарынан модификациялануы» арқылы жүзеге асатын оқу процесіне негіз 
болады (Baldwin and Baldwin, 1986:6). Мінез-құлық бастапқыда, сәби кезін-


436
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
де кездейсоқ мінез-құлық ретінде бағалануы мүмкін. Мінез-құлық өзі әре-
кет ететін ортаға, ол әлеуметтік не физикалық болсын, әсер етеді және өз 
кезегінде әртүрлі жолмен оған кері «әрекет етеді». Бұл реакция – оң, теріс 
немесе бейтарап – акторлардың кейінгі әрекеттеріне ықпал етеді.
Егер реакция қолдау тапса, болашақтағы ұқсас жағдайларда ондай әре-
кеттер қайталанады. Егер реакция жанға бататындай немесе жазаланатын-
дай бол са, мінез-құлықтың болашақта қайталануы екіталай. Мінез-құлық 
әлеумет танушысы қоршаған орта реакциясының тарихы немесе қазіргі 
мінез-құлықтың салдары мен табиғаты арасындағы байланысты зерттеуге 
мүдделі. Осы мінез-құлықтың бұрынғы салдары оның қазіргі күйіне ықпал 
етеді. Өткен кезең дердегі белгілі бір мінез-құлықтың сырына үңіле отырып, 
біз актордың қазіргі жағдайда соған ұқсас мінез-құлық танытатынын бол-
жай аламыз.
Бихевиористердің қызығушылығын тудыратын құбылыстардың бірі – 
сый ақы (немесе күшейтуші) мен шығындар (немесе жазалар). Сыйақылар 
олардың мінез-құлқын нығайту (яғни күшейту) сипатымен анықталады, ал 
шығындар мінез-құлықтың қайталану ықтималдығын азайтады. Төменде 
көрсетілетіндей, жалпы алғанда, мінез-құлық, әсіресе сыйақы мен шығын-
дар туралы идеялар ерте айырбас теориясына елеулі ықпалын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет