Алеуметтану тероиясы indb


Әлеуметтік теорияның негіздері



Pdf көрінісі
бет342/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   596
Әлеуметтік теорияның негіздері
Коулман «әлеуметтануды әлеуметтік жүйеге жұмылдыру қажет» деп тұжы-
рымдайды, бірақ мұндай макрофеномендер индивидуум түптұлғасы болатын 
ішкі факторлармен түсіндіріледі. Ол жұмысты осы деңгейде бірнеше себептер-
ге байланысты қолдайды, соның ішінде мәліметтер әдетте жеке деңгейде жина-
лады, содан кейін агрегатталады немесе жүйелік деңгейін қамтамасыз ету үшін 
құрастырылады. Басқа себептердің ішінен жеке деңгейге арнайы назар аудару-
ға септігін тигізетін нақ осындай «араласу» әдетте әлеуметтік өзгерістерді құру 
үшін жасалатынында болып тұр.
Мәлім болғанындай, Коулман перспективасының негізінде «әлеуметтік 
теория – бұл жай ғана академиялық жаттығу емес, сонымен қатар осындай 
«араласулар» арқылы әлеуметтік өмірге әсерін тигізуі қажет» деген идея 
жатыр.


466
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Жеке тұлғаға ерекше назар аударатынын ескере отырып, Коулман өзінің 
әдіснамалық дарашыл екенін мойындайды, дегенмен ол өзінің перспекти васын 
сол бағыттың «ерекше нұсқасы» ретінде көреді. Оның көзқарасының ерекше-
лігі – ол пайда болу идеясын қабылдайды және ол жүйенің ішкі фак торлары-
на көңіл бөлгенімен, бұл факторлардың жеке іс-әрекеттер мен бағыттар болуы 
міндетті емес. Демек, микродеңгейдің феномені жеке тұлғаларға қа рағанда тал-
даудың негізі бола алады.
Коулманның рационалды таңдау бағыты «адамдар мақсатты түрде, құнды-
лықтар немесе қалаулары арқылы айқындалатын мақсатпен (сәйкесінше, іс-
әрекеттермен) әрекет етеді» деген өзінің негізгі идеясында түсінікті айтылған 
(1990:13). Бірақ Коулман (1990:14) кейін көптеген теориялық мақсаттар үшін 
оған өз пайдасына аса көңіл бөлетін рационалды акторлардың нақты тұжы-
рымдамасы қажет болғанын айтады.
Оның теориясында екі негізгі элемент бар: акторлар және ресурстар. Ре-
сурс тар – бұл акторлардың бақылауы және олардың қызығушылық таныт қан 
нәрселері. Осы екі элементті ескере отырып, Коулман олардың өзара әре кетте-
суінің жүйелік деңгейге қалай жетелейтінін көрсетеді:
«Әлеуметтік әрекет жүйесі үшін минималды негіз – екі актор. Олардың 
әрқайсысы бір-бірінің қызығушылығын туғызған өз ресурстарын бақы-
лауда ұстайды. Олардың әрқайсысы басқаның бақылауындағы ресурс-
қа қызығушылық танытады, мақсатқа бағытталған акторлар бір-бірімен 
байланысты әрекеттерге қатысады... әрекет жүйесі... бұл құрылым, актор-
лардың әрқайсысы өзінің мүдделерін іске асыруға барынша ұмтылумен 
бірге, олардың өзара әрекеттесуіне немесе жүйелік сипатқа ие болуына 
мүмкіндік береді».
(Coleman, 1990:29)
Коулман рационалды таңдау теориясына сенгенімен, ол бұл тұжырым қа-
зіргі уақытта барлық сұрақтарға жауап береді деп санамайды. Бірақ ол өзін осы 
бағытта алға жылжу мүмкін деп санайтыны анық, себебі ол «рационалдыққа 
негізделген әлеуметтік теорияның табысы – теория түсіндіре алмайтын әлеу-
меттік белсенділік саласында дәйекті төмендеуінде» (Coleman,1990:18).
Коулман адамдар шынайы әлемде өздерін әрқашанда рационалды ұста май-
тынын мойындайды, бірақ оның өз теориясына әсері аз екенін сезеді: «Менің 
тұжырымдамам бойынша, мұнда жасалған теориялық болжамдар ұқсас келеді, 
акторлар әдеттегідей тура рационалдыққа сай әрекет жасай ма, әлде, байқал-
ғандай, ауытқуға түсе ме?» (1990:506; Inbar, 1996).
Жеке рационалды іс-әрекетке бағытталғанын ескерсек, Коулманның мик-
ро-макромәселелерге назар аударуы – микро-макролық байланыстарға не месе 
жеке адам әрекеттерінің бірлесуі қоғамдық жүйедегі мінез-құлықтардың қа-
лыптасуына алып келеді. 
Бұл мәселеге аса мән бере отырып, Коулман сонымен қатар микро-мак-
робайланысына немесе жүйе акторлар бағытын қалай шектейтініне қызы-
ғушылық танытады. Соңында, ол қарым-қатынастың микро-макролық ас-
пек тісіне немесе басқа әрекеттердің жеке тұлға әрекеттеріне әсер етуіне ден 
қояды. 
Бұл тепе-теңдікке қарамастан, Коулманның көзқарасында кемінде үш не-
гізгі әлсіздік бар. Біріншіден, ол микро-макромәселесіне баса мән бере оты-


467
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
рып, басқа қарым-қатынастарға аздап шектеу қояды. Екіншіден, ол микро-
макромәселесін елемейді. Үшіншіден, ол бір бағытты меңзейді; басқаша айт-
қанда, микро-макрофеномендері арасындағы диалектикалық қатынастарға 
мән бермейді.
Коулман өзінің рационалды таңдау әдісін қолданып, бірқатар макродең гей 
феномендерін түсіндіреді. Оның негізгі ұстанымы теорияшыларға өз дерінің ак-
тор туралы тұжырымдамаларын үнемі сақтауды және сол микротұ рақтылық-
тан макродеңгейге дейінгі феномендердің әртүрлі бейнелерін жасап отыруды 
міндеттейді. Осылайша макрофеномендердегі айырмашылықтарды микродең-
гейдегі өзгерістерге емес, макродеңгейдегі қатынастардың әртүрлі құрылымда-
рына жатқызуға болады.
Микро-макроқозғалыстағы басты қадам – бұл бір тұлғаның екіншісіне өз 
өкілеттігі мен құқықтарын беру. Бұл акция бір актордың басқаға бағынышты 
болуына әкеп тірейді. Ең бастысы, ол ең негізгі макрофеномендерді жасайды: 
екі тәуелсіз актор емес, екі адамнан тұратын белсенді бірлік. Бұл құрылым 
акторлардан дербес жұмыс істейді. Өз мүдделері үшін әрекет етудің орнына, 
басқа актордың немесе тәуелсіз ұжымның мүдделерін іске асыруға ұмтылады. 
Бұл тек басқа әлеуметтік шындық қана емес, сонымен бірге «ерекше кемші-
ліктері бар және ерекше мәселелерді тудырады» (Coleman, 1990:145). Қол-
данбалы бағытты ескере отырып, Коулман осы мәселелерді зерттеуге мүдделі 
болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет