Алеуметтану тероиясы indb


Басым интегративті желілер теориясы



Pdf көрінісі
бет338/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   596
Басым интегративті желілер теориясы
Рональд Берт (1982) құрылымды детерминизмнің кешенді формасын ойлап 
табуға тырысатын желілік теорияшылардың алдыңғы сапында болды. Берт 
«атомистикалық» және «нормативті» бағыттар арасындағы әрекеттер теория-
сындағы бөліністі тұжырымдайды. Атомистикалық бағытта «балама әрекеттер 
акторлардың бір-бірінен тәуелсіз бағаланады, сондықтан бағалар бас акторлар-
ға сілтемесіз жасалынады», ал «нормативті жүйедегі акторлардың басқа лармен 
қарым-қатынасы әлеуметтік нормаларға сәйкес, бір-біріне тәуелді жеке актор-
лар арқылы анықталады» (Burt, 1982:5). 
Берт «атомистикалық және нормативті іс-әрекет арасындағы айырмашы-
лықты айналып өтетін», «іс-әрекетке қатысты екі түрлі перспективаны синтез-
демейтін, осылайша интеллектуалдық тұрғыдан осы екі көзқарастан да асып 
түсетін» өзіндік перспективаны дамытады
 (1982:8). 
Ол екі түрлі көзқарастан алғанына қарамастан, басқа екеуінен «шекті баға-
лау постулатының критерийлері арқылы» өзгешеленетін құрылымдық перспек-
тиваны дамытады. Өлшемдер ұсынылған құрылымдық көзқарас есебінен ак-
торлық мәртебе – рөлдік жиынтық, еңбекті түрлендіру болып бөлінеді. Актор 
балама әрекеттердің пайдалылығын жартылай өзінің жеке жағдайларына және 
жартылай басқалардың жағдайларына қатысты бағалайды (1982:8). Берт өзінің 
бағытын атомистикалық ағымның логикалық жалғасуы және нормативті тео-
рия бойынша эмпирикалық нақты шектеу деп түсінеді.
Берттің әрекет теориясының құрылымын 11.1-сызба айқындайды. Берттің 
сипаттауы бойынша, «акторлар әлеуметтік шектеулер салдарынан мақсатқа 
сәйкес әрекет етеді» (1982:9; Mizruchi, 1994). Оның ойынша:
«Акторлар әлеуметтік құрылымда тіршілік етеді. Әлеуметтік құрылым 
әртүрлі балама әрекеттерді қолдану арқылы олардың өзіндік қалыбын 
жасап, әлеуметтік кескіндерін айқындайды. Сол мезетте әлеуметтік құ-
рылым акторлардың шара қолдану мүмкіндіктерін дифференциалды 
түрде шектейді. Нәтижесінде қабылданған әрекеттер, әлеуметтік құры-
лым үлгісіндегі қызығушылықтар және мүмкіндіктер – өз қызығушы-


461
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
лық тарын өз мүмкіндіктері шегінде көздейтін акторлардың бірлескен 
функциясы болып табылады. Соңында, шектеу шеңберінде қабылдана-
тын мұндай шаралар әлеуметтік құрылымның өзін өзгертуі мүмкін және 
бұл өзгерістер құрылым шеңберінде акторлар соқтығысатын жаңа шек-
теулерге әкеледі».
(Burt, 1982:9)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет