Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет345/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   596
Корпоративті актор. Нормалар жағдайында Коулман макродеңгейге көшті 
және ұжымдық акторды талдауын осы деңгейде талқылау арқылы жалғас тыр-
ды (J. Clark, 1996). Мұндай ұжым ішінде акторлар өздерінің жеке қызы ғушы-
лығымен әрекет ете алмайды, бірақ ұжымның мүддесі үшін әрекет етуі керек.
Жеке таңдаудан ұжымдық (әлеуметтік) таңдауға ауыстыру үшін әртүрлі 
ережелер мен тетіктер бар. Ең қарапайымы – дауыс беру, жеке дауысты жіктеу 
рәсімдері және ұжымдық шешімге келу. Бұл – микро-макроөлшем, ал ұжым 
ұсынған үміткерлер тізімі секілді заттар макро-микробайланысқа жатады. 
Коулман тұжырымдамасы бойынша, ұжымдық акторлардың жеке акторлар 
сияқты өз мақсаттары бар. Сонымен қатар ұйым, адамзат акторлары сияқты
ұжымдық мүддеге қайшы келетін өз мақсаттарымен жүре алады. Бұл мүдделер 
қақтығысы бізге ұжымдық билікке қарсы көтерілістің қайнар көзін түсінуге 


471
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
кө мектеседі. Мұндағы микро-макробайланыс адамдардың корпоративті құры-
лымдардың өкілеттілігінен және көтеріліске қатысушылардың заңды құқық-
тарынан айрылуын қамтитын тәсілдерді қарастырады. Сонымен қатар макро-
дан – микроға дейінгі байланыс адамды белгілі бір макродеңгейде оқшаулану-
ға, сондай-ақ акциялар мен инвестициялардан айырылуға алып келеді. 
Рационалды таңдау теорияшысы ретінде Коулман «жеке тұлғаның барлық 
құ қықтары мен ресурстары осы деңгейде бар» деген идеяны алға тартады. Жеке 
тұлғалардың мүдделері оқиға барысын анықтайды. Алайда бұл әсіресе «құқық-
тар мен ресурстардың басым бөлігін тәуелсіз ұжымдық акторлар иемде нетін» 
қазіргі қоғамда шындыққа жанаспайды (Coleman, 1990:531). Қазіргі әлемде 
ұжымдық акторлар үлкен мәнге ие. Ұжымдық актор жеке тұлғаға пайда немесе 
зиян келтірердей әрекет етуі мүмкін. Осыған байланысты ұжым дық акторды 
қалай талқылай аламыз. Коулман тұжырымдамасы бойынша, «барлық еріктілік 
жеке тұлғаларға сүйенеді деген тұжырымдамалық нүктеден басталса, олардың 
соңғы нәтижесі кез келген әлеуметтік жүйеде қаншалықты тиімді түрде жүзеге 
асатынын көруге болады. Әлеументтанушылар жеке тұлғаларды тәуелсіз деп 
санайтын қағидалар мен әлеуметтік жүйелердің қыз метін бағалауға оңтайлы 
тәсілдерге жүгінеді» (1990:531–532). 
Коулман үшін негізгі әлеуметтік өзгерістер көзі – «табиғи тұлға» актор-
ларын толықтыратын ұжымдық акторлардың пайда болуы. Олардың екеуі 
де акторлар болып саналады, себебі олар «ресурстар мен оқиғаларды бақы-
лайды, сол арқылы өз мүдделерін жүзеге асыру үшін шаралар қолданады»
(Coleman, 1990:542). Әрине, бұл жерде әрдайым ұжымдық акторлар қатысады, 
бірақ отбасы секілді бұрынғы, автономды акторлар арқылы құралған жаңа топ 
оларды ұдайы ауыстырып отырады. Енді бұл жаңа ұжымдық акторлар «бұрын-
ғылардың әлеуметтік жауапкершілігін қалай қамтамасыз етуге болады» деген 
мәселені көтереді. Коулман мұны ұжымдық акторлар мен агенттерге қатысты 
заңдар, сол сияқты сыртқы құрылымды өзгерту немесе ішкі реформаларды ен-
гізу арқылы реттеуге болады деп болжайды.
Коулман аудандар, діни топтар және мақсатты құрылымдар, экономикалық 
ұйымдар және үкімет сияқты отбасына негізделген бастапқы құрылымдарды 
бөліп көрсетеді. Ол бір кездері отбасында өзара байланыста болған іс-әрекеттің 
прогрессивті түрде «бөлінуін» көреді. Бастапқы құрылым функциялары бы ты-
рап, бірқатар корпоративті акторлар тарапынан қолдау табатындықтан, «ыды-
рап» кетеді. 
Коулман осы бөлінуге, сондай-ақ біз қазір бастапқы құрылымдарда ме-
кендеген адамдармен емес, мақсатты құрылымдардағы ұстаныммен айналы-
суға мәжбүр болып отырғанымызға алаңдаулы. Ол осылайша өз жұмысының 
мақ саты – «тәуелді адамдар жойылатын бастапқы құрылым секілді өмірге 
қабілетті әлеуметтік құрылымның іргетасын қалау» деген тұжырым жасайды
(Coleman, 1990:652).
Коулман әлеуметтік теорияның көп бөлігін өзі homo sociologicus деп ата ған 
көзқарасты қабылдағаны үшін сынайды. Бұл перспектива әлеуметтену про-
цесіне және адам мен қоғам арасындағы байланысқа ерекше көңіл ауда рады. 
Сондықтан homo sociologicus жеке адамдардың бостандығымен, оларға қой ған 
шектеулерге қарамастан, өз еркімен істейтін әрекетімен айналыса алмайды. 
Оған қоса бұл перспектива әлеуметтік жүйенің әрекетін бағалауға қабілетсіз. 
Керісінше, Коулманның пікірінше, homo economicus осы қабілетке ие. Сонымен 
қатар Коулман дәстүрлі әлеуметтануға ескі теориялық мантраларды қайта-


472
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лағаннан әріге бармағанына, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге ат салыса 
алмағанына және бізге қоғамның қай бағытта дамып бара жатқанын білуге кө-
мектеспегені үшін қарсы шығады. Әлеуметтану теориясы (сонымен қатар әлеу-
меттану зерттеулері) мақсатқа, қоғамның дамуына қызмет етуі тиіс. Коулман 
білім үшін білімге емес, «қоғамды қайта құру үшін керекті білімге» қызығатын 
әлеуметтік теорияны жақтайды (1990:651).
Коулманның әлеуметтік теорияға қатысты көзқарасы қоғамның өзгермелі 
сипаты туралы көзқарасымен тығыз байланысты. Алғашқы құрылымдардан 
өту және оларды мақсатты бағытталған құрылымдармен ауыстыру жаңа қо-
ғамдық ұйымдармен лайықты түрде толтырылмаған бірқатар бос орындарды 
қалдырды. Әлеуметтану мен әлеуметтік теориялар қоғамды қайта жаңарту 
үшін қажет (Coleman, 1993a, 1993b, Bulmer, 1996). Оның міндеті – мақсатты 
бағытталған құрылымдарды жою емес, осындай құрылымдардың мүмкін-
діктерін жүзеге асырып, түйткілдерінен арылу. Жаңа қоғам жаңа әлеуметтік 
ғылымды қажет етеді. Институттық салалардың арасындағы байланыстар өз-
герді, нәтижесінде әлеуметтік ғылымдар дәстүрлі пәндік шекаралардан өтуге 
дайын болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет