отбасын құрған әйелдер (олардың орындауы тиіс талаптарына қарамастан)
және бойдақ ерлер (олардың еркіндікке қатысты талаптарына қарамастан) күй-
зелістің барлық көрсеткіштерін жоғары бағалайды деген пайымдауларды дә-
лелдеу. Жақында жасалған зерттеулер көрсеткендей, Бернард анализі көп теген
отбасыларда әлі де өзектілігін жойған жоқ (Dempsey, 2002; Steil, 1997), басқа
жұптарда да эгалитарлы некенің либералды-феминистік идеалы жасалып отыр
(Grafand C. Schwartz, 2011; P. Schwartz, 1994).
Джоан Акер (1990) ұйымдардың жыныстық сипатқа қатысты бейтараптығы
491
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
туралы кең таралған пікірдің орнына «ұйымдардың гендерлік ішкі құрылымы»
бар деген өз ойын ұсынды. Оның бар екенін тым болмағанда бес себеп арқылы
түсінуіміз қажет: біріншіден, жұмыстың гендерлік сегрегациясы, соның ішінде
төленетін және төленбейтін жұмысқа қоса, жарым-жартылай ұйымдастырушы-
лық тәжірибенің көмегімен құралады. Екіншіден, гендерлік сегрегацияға орай,
әйелдер мен ерлердің арасындағы табыстар мен мәртебедегі теңсіздікте жарым-
жар тылай ұйымдастырушылық процестерде жасалады... Үшіншіден, ұйымдар
деге німіз – бұл жыныстың мәдени түрлері кеңінен таралған салалардың бірі.
Төртіншіден, жеке-дара гендерлік бірдейліктің кейбір аспектілері, әсіресе ер-
кектіктің аспектілері де ұйымдастырушылық процестер мен қысымдардың
өнімдері болады. Бесіншіден, маңызды феминистік жоба – кең ауқымды ұйым-
дарды адами мақсаттар үшін аса демократияшыл және аса жағымды сипатта жа-
сау (Acker, 1990:140).
Акер өз дәлелін гендерлік ішкі құрылымды «жұмысты бағалаудың» ген дер-
лік бейтарап міндетімен әшкерелеу арқылы көрсетеді. Талдау бірлігі ретінде
алынған «жұмысқа» фокусталу гендерлік бейтараптықты ұсынса, бұл өз кезе-
гінде ұйымдастырушылық құрылымға тән гендерлік жұмыс сегрега циясын жа-
сырады. Жұмысты бағалау Акер «ұйымдастырушылық логика» деп түсіндірген
терминдер арқылы іске асырылады, яғни «жауапкершілік, күрделілік пен иерар-
хиялық позицияның арасындағы сәйкестік туралы ұсыныс», бұл да гендерлік
бейтарап болады. Алайда әйелдердің жұмыс орындары иерархияның ең төменгі
сатысында болғандықтан, ұйымдастыру логикасына сәйкес, олардың жұмыста-
рының жауапкершілік пен қиындыққа қатысы бол май ды.
Акердің жасаған талдауы новаторлық сипатта болды. Ол ұйымдастыру-
шылық процестердің гендерлену моделін және «гендерлік субмәтін», «мінсіз
жұмысшы», «мінсіз жұмыс нормасы» мен «теңсіздік режимдері» сияқты ұғым-
дарды зерделеуді, сонымен қатар «салыстырмалы құндылық» саясатын зерттеу
шеңбері туралы түсінікті ұсынды (Kellyetal., 2010; Sayce, 2012; Schneidhofer,
Schiffinger and Mayrhofer, 2012).
In The Second Shift («Екінші ауысым») (1989) атты еңбекте Арли Хохшильд
ана мен жұбай болған әйелдердің қоғамдық салаға кірудегі тең емес шарттарын
көрсетеді, ол мұны жеке саланың жұмысын «екінші ауысым», яғни әйелдер-
дің орындауы тиіс күнделікті міндеттерінің сағаттық кезегі ретінде тұжы рым-
дайды. Екеуі де жұмыс істейтін жұппен арадағы сұхбатқа сүйеніп, Хохшильд
әйел адамның екіжақты жұмыс күнінің көрінісін суреттейді, кеңседегі жұмыс,
одан кейін үй жұмысы, ал мұндай күн кестесіндегі эмоциялы және физикалық
қиындықты мынадай сөзбен толық жеткізуге болады: «Қарны аш адам тамақ
туралы қалай айтса, бұл әйелдер де ұйқы мен демалыс туралы тура солай айт-
ты» (1989:10).
Хохшильдтің еңбегі әйелдер тәжірибесін әр тараптан қамтып, әйелдер мен
ерлер «жұмыс пен отбасын қалай басқарып, қалай үлгеретініне» қатысты ірге-
лі зерттеуге алып келді (Gimenez-Nadal and Sevilla-Sanz, 2011; Latshaw, 2011;
Milkie, Raley and Bianchi, 2009). The Time Bind («Уақыт белдеуі») (1997) еңбе-
гінде Хохшильд екі табыс көзі бар отбасыларда жұмыс пен отбасын тең ұстау
мәселесін әлдеқайда терең зерттейді. Ол отбасына бағдарланған саясатты ұсы-
натын компаниялардың әсерін қарастырады және жұмысшылар бұл саясатты
толық қолданбайтынын байқаған, себебі олар жұмыстағы уақытты – «жеке кез-
десуді» жұмысқа деген жауапкершілікпен теңестіретін корпоративті мәдениетте
олар әлдеқайда маңызы төменірек ойыншылар болып көрінуі мүмкін. Көптеген
492
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
жұмыскерлер, соның ішінде әйелдер мен еркектерде талаптардың түзулігі мен
марапаттаудың статистикалық жүйесіне байланысты жұмыста жұмыс істегенді
жөн санайды. Себебі үйде жүйесіз, шексіз және марапаттауы болмашы ғана жұ-
мысты орындауға тура келеді.
Осындай зерттеулерге сүйене отырып, либералды феминистік әлеуметтану-
шылар гендерді құрылым ретінде қарастыруға көшті (Ferree, Lorber and Hess,
1999; Lorber, 1994; P. Martin, 2004; Risman, 2004). Рисман (2004:432) бұл бағыт-
ты жынысты құрылымның бөлігі ретінде қарастыратын бұрынғы талдаулар-
мен салыстырады (жоғарыда «Гендерлік айырмашылық» бөлімінде айтылды).
Оның орнына ол гендерді адамның әрекет етуінің үш негізгі қозғаушы күші –
жеке-дара, мәдени-интеракционды және институттық күрделі құрылым ретін-
де сипаттайды. Бұл көзқарас бойынша, гендер «әлеуметтік стратификациялық
жүйе» ретінде қарастырылады (Risman, 2004:430), ол гендерлік еңбек бөлінісін
жасайды, сексистік идеология бойынша өмір мен мәдениет қоғамның орталық
ұйымдық құрылымы арқылы ұйымдастырылады.
Жуырда ғана феминистік әлеуметтанушылар, соңғы 50 жылдағы еңбек-
теріне қарамастан, гендерлік теңсіздіктің сұрақтарына жауап іздей бастады
(England, 2010; Ridgeway, 2011).
Риджуэй (2011) гендерлік теңсіздікті гендерлік факторлардың тұжырымда-
масы бойынша түсіндіреді. Бұл шеңберлер – адамдардың өз мінез-құлықтарын
өз гелерге бейімдеуінің жеңілдетілген сызбанұсқасын қамтитын мәдени идеялар.
Риджуэй қызметті координациялау мақсатында гендерлік шеңберлерді адам қа-
жеттіктерінің әлдеқайда кең әлеуметтік мәнмәтінінде қолданады, онда қатысу-
шылар жыныс, нәсіл мен жас сияқты категориялар бойынша жалпы категория-
ларды қолдану арқылы жедел түрде іске көшеді. Одан кейін олар өз субъектіле-
ріне категориялық сипаттамалар тұрғысынан жауап қатады. Ол бұл шеңберлерді
жұмыс, білім және қоғам сияқты ұйым дас тырушылық механизмдерге қарағанда
баяуырақ өзгереді деп есептейді. Осылайша, құрылымдар ескі түсініктегі жаңа
интерактивті баптауға енеді. Риджуэй бұл идеясын Силиконды алқаптағы IT
стартап жұмыстарындағы гендерге қарап, оларды дәстүрлі биотехнологиялық
фирмалармен салыстыру арқылы тестілейді. Оның ойынша, фрейм-талдау дұрыс
болған жағдайда дәс түрлі гендерлік сенім – ерлердің технология мен техникалық
қызмет тердегі қабілеттерінің әйел затына қарағанда әлдеқайда жақсы дамығаны
туралы ой күшейе түседі, әйелдер үшін ерлермен бірдей қызмет ету мүмкін емес
делінетін инновацияның бейресмилігіне негізделді.
Білім алу мен жұмысбастылық саласындағы әйелдердің білім үлгерімінің
өсуі туралы деректерді қарастыра отырып, Ингланд (2010) феминистер «те-
желген революцияға» соқтығып қалуы мүмкін деген қорытындыға келеді.
Мұндай табыстылық барлық әйелдерге бірдей әсер етпеді, дәстүрлі әйелдер-
дің қызметі мен жұмыс орындарын құнсыздандыратын мәдениеттің қайта кон-
фигурациялануына алып келмеді, бұған қоса гетеросексуалды жа қындасуға
байланысты келіссөздер үшін жаңа сценарий жасамады. Ингланд толыққанды
гендерлік теңсіздікке бағытталған қозғалыстың тежелуі кең тарал ған үш пікір-
дің өзара әрекеттесуін көрсетеді деп түйеді: әрбір адам өзінің жеке күш жұм-
сауы арқылы мобильдікті көтеруге құқықты; дегенмен әйелдер мен ерлердің
арасында үлкен айырмашылық бар және еркектердің атқаратын істері әйел-
дердікіне қарағанда әлдеқайда маңызды болып табылады деген пікірлер. Осы-
лайша төңкеріс тежеліп қалды, өйткені: 1) ер адамдар дәстүрлі әйелдер манса-
бының өсуіндегі жоғары өрлеу мобильдігін көрмейді; 2) әйелдер мен ерлердің
493
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
эссенциалистік сенімдерді қабылдауы олардың кездесуді, көңіл табу мен неке
құру секілді істерді атқару тәсілдерін берік түрде өзгертеді; 3) эссен циалистік
сенімді қабылдаған әйелдер өздерінің мобильдік тәжірибесі бұғат талмаса, дәс-
түрлі әйелдік мансапты қалайды (яғни көк жейделі әйелдердің таңдауы). Бұл
ана позициясынан дәстүрлі әйелдің мансабына көтерілуге ұм тылатын орта тап
қыздарына да қатысты.
Ингландтың талдауына қатысты айтылған әртүрлі жауаптар болды
(Crawley, 2011; Graf and Schwartz, 2011; Latshaw, 2011; Reskin and Maroto, 2011).
Өзгеріс қарқынына қарай алаңдаудың өсуі либералды феминистерді өзара жа-
қындастырып немесе айырмашылықтар теорияларына қатысты ортақ қызығу-
шылық тудырары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |