Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет356/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   596
Интеракционистік. Гендерлік ерекшеліктердің пайда болуын әлеуметтану 
тұрғысынан әлдеқайда жаңаша түсіну зор жетістік ретінде гендерді этно әдіс-
намалық талдаудан туындап отыр. Этноәдіснама (10-тарауды қараңыз) «инс-
титуттар, мәдениет және стратификациялық жүйелер бөлек тұлғалардың өза-
ра әрекеттесуінің ағымдағы қызметі арқылы сақталып тұрады» деп түсіндіреді. 
Бұл идея жынысқа қатысты қолданылса, онда ол «адамдар гендерлік мәселемен 
айналысады» деген ой түсінігін туындатады.
Уэст пен Циммерманның 1987 жылы жазған Doing Gender («Гендерді жүзеге 
асыру») атты мақаласы – қазіргі кезде бұл позицияның классикалық пікірі. Жы-
ныс, жыныс категориясы мен гендердің арасын ажырату оның бастапқы нүкте-
сі болып саналады. Нәресте биологиялық жыныстың (азды-көпті айқын бола 
алады) қандай да бір конфигурациясы арқылы дүниеге келеді. Туу барысының 
басы-қасында болған ересектер жынысының белгілі болуына негізделе отырып, 
нәрестеге жыныстық категория беріледі. Осындай тіркеуден кейін нәрестені 
қоршаған барлық адамдар және нәрестенің өзі де гендермен айналыса бастайды, 
яғни берілген жыныс категориясына сәйкес келетіндей әрекет ете бастайды. 
Жауапкершілік қағидасы арқылы этноәдіснамадағы шешімге не қажет екенін 
бәрі қалай біледі: адамдар өздері таңдаған кез келген жол арқылы жай ғана әре-
кет етпейді; өзара әрекеттесу кезінде адамдар басқа адамдарға да қатысты пай-
далы немесе түсінікті болатын мінез-құлық үшін «жауапкершілік» артып қоя-
ды. Демек, адамдар «басқалар мұны нақты жағдайда қалай сипаттай алар еді деп 


488
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
күтіп, мінез-құлықты басқарады» (Fenstermaker and West, 2002:212). Осылайша, 
гендер – бір-бірімен өзара әрекеттесетін адамдар арқылы әлемді ұғыну мен оның 
жұмыс істеуіне мүмкіндік беру әдісі ретінде үнемі болып отыратын құбылыс.
Мысал келтірсек, «дұрыс» қоғамдық дәретхананы пайдалану – бұл әртүрлі 
потенциалды қиыншылықтардан құтылу тәсілі. Бұл дегеніміз – қарбалас күн-
ді ешбір қиындықсыз өткізу тәсілі және мұны жасап отырған адам гендермен 
айналысып жатырмын деп ойламауы әбден мүмкін. Адам сезімдерінің бар ау-
қымын білдіретін құшақтау, күлу, шағымдану жолдары гендерлік қалыптасқан 
және адамдар басқа адамдармен араласып, сөйлесу кезінде жағдайға байланыс-
ты қолданады. Шындығында, гендерлік сұрақтан туындайтын тағы бір мәселе – 
«Гендермен айналыспау мүмкін бе?» деген сұрақ.
Мұндай тәсілдің қазіргі кездегі танымалдығы оның тек теориялық тия нақ-
тылығын ғана көрсетіп қоймайды. Бұған қоса, ол ерлер мен әйелдерді кө бінесе 
бір-біріне ұқсас көретін АҚШ тарихындағы белгілі түсінікке қатысты жарамды 
екенін көрсетеді. Этноәдіснамалық түсіну жыныстан-жынысқа теориясына, жы-
ныс категориясынан гендерге өтудегі барлық гендерлік тәжірибеге ортақ бастау 
болады: еркектер мен әйелдердің екеуі де осыны көреді және екеуі де гендерлік 
сипат бойынша қызметтермен айналысады.
Алайда «жасауды, орындауды» қарапайым түрде түсіну еркек пен әйел 
адамға бірқалыпты болып көрінгеніне қарамастан, Уэст пен Фенстермейкер
(1995, 2002) және Уэст пен Циммерман (1987) гендерлік саладағы болмыстың 
бір бөлігі – «айырмашылықты жасайды», өзгешеліктерді жасау барысында, өз-
дерін ерлерше немесе әйелдерше ажырату үшін әрекет ететінін мойын дайды. 
Ажыратудың бұл әрекеттері гендерлік сәйкестікті сақтап тұру үшін бір жағдай-
дан келесі жағдайға қарай қайталанып отырады. Бұл теорияшылар өздерінің 
«жасауға» қатысты талдауларын айырмашылықтың басқа мағына ларына, со-
ның ішінде нәсіл мен тапқа дейін кеңейтті. Гендерлік ерекшелік терді ескеріп, 
осының барлығын өндіретін әлеуметтік механизм – жыныс категориясына қа-
тысты жауапкершілікті, есеп берушілікті орнату.
Бұл бағытқа қойылатын басты сын – жауапкершіліктің стандарттары қай-
дан алынатынының түсініксіздігінде, өйткені ол адамдардың өзара әрекеттесу 
барысында көбінесе ерекше ұқсас мінез-құлық көрсететін фактісін ескермей-
ді (Maldonado, 1995; L. Weber, 1995). Тағы бір жиі қайталанатын кем шілік: 
«гендерлік» тезиске негізделген пікірталастар мен зерттеулердің көп шілігі 
гендерлік теңсіздіктің интерактивті өнімдеріне сыни тұрғыдан мән бер мей-
ді әрі осындай үлгілерді «жою» жөніндегі феминистік жобаның соңына та-
бандап түсе алмайды. (Deutsch, 2007; Risman, 2009; Thorne, 1995). Тағы бір 
сын – гендерлік айырмашылықты жасайтындардың корпоративтілік туралы 
сұрақты шешуге қатысты тәсілден бас тартуына байланысты (R. Connell, 2009; 
Messerschmidt, 2009). Дороти Смит (2009) былай деп сын айтады: «Гендерді 
жасау» жыныс, нәсіл және тап арасындағы айырмашылықтарды жеңілдетеді 
және сәйкестендіреді. Дегенмен кез келген әдеби ізденістердің көрсетуі бо-
йынша, гендерлік айырмашылықтар туралы тезис мұғалімдерді, зерттеушілер 
мен теорияшыларды оның салдарын бақылаудың, соның ішінде транс сексуал-
дардың өмірлік тәжірибесін бақылаудың кеңейтілген жобасына ынталанды-
рып келеді (C. Connell, 2010). «Гендермен айналысу» теория ретінде философ 
Джудит Батлердің гендерлік «көрсетілімі» болып саналады деген постмодер-
нистік тезисіне қарай үлкен резонанс тудырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет