Алеуметтану тероиясы indb


Жыныстық ерекшелік теориялары



Pdf көрінісі
бет354/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   596
Жыныстық ерекшелік теориялары. Бұл теориялар феминистік дискурста 
қайта жанданды (e.g., Khanna, 2010; Mortensen, 2006; Zerilli, 2005). «Жыныстық 
дифференциация» – бірқатар философиялық зерттеулерді қамтитын термин, 
экзистенциалды, феноменологиялық, лакандық – адами тұрғыда конституция-
лық құқықтары, яғни ерлер мен әйелдердің мәдени немесе символдық көрініс-
теріне сәйкес келетін және қарсы тұрған адамдар туралы мәселе. Жыныстық 
айырмашылықтар теориясы «айырмашылықты» өмірлік факт ретінде қабыл-
дайтын социобиология мен мәдени феминизмге деген көзқарасын күрт өзгер-
теді. Жыныстық айырмашылықтар теориясы айырмашылықты өмірлік факт ре-
тінде емес, ер адам мәдениеті өзі ашатын және өзіне қолданатын процесс ретінде 
түсінеді. Бұл мәдениет әйелдер тәжірибесін, өзін танудың тұжырымдамалық 
шеңберінің аясында білудің жолдарын және оның әйелді «Өзге» формасында 
көрсететін, сонымен қатар ер агентінің қарама-қарсылығы ретінде қарастырады. 
Феминистік теорияшылар жыныстық айырмашылықты әйелдердің еркін бо-
луының мүмкіндіктері мен адам эмансипациясы ретінде зерттейді.
Жыныстық айырмашылық теориясы классикалық үлгіде ер адам (және ер-
лерге бағыталған) философиясына, әдебиетіне және психоанализіндегі идея-
ларға феминистік жауап ретінде Францияда пайда болды (Egeland, 2006). 
Оны ең алғаш ұсынған Симона де Бовуардың «The Second Sex» ([1949] 1957) 


486
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
талдамасы болып саналады, феминистік экзистенционализмді Жан-Поль Сартр-
мен біріге отырып, экзистенционализмнің ең ірі жобасының бір бөлігі ретінде 
құрды. Экзистенционализм түсінігі бойынша, әлемдегі өзге дүниелерге қараған-
да адамдардың «болмысы» (олардың шын мәнінде кім болатындары) олардың 
«өмір сүру салтымен» ерекшеленеді, яғни адамдар өздерін жасауға ерікті. Жеке 
индивид үшін «басқа» адам оған «белгіленген» тарихы бар объект ретінде қарау 
арқылы оның тіршілігін мойындап, сонымен қатар оны шектейді. Әрбір адам 
үшін үлкен мәселе – еркіндік жауапкершілігін өз мойнына алу, себебі ол бас-
қаның өзіндік мәнін мойындау қажеттігінен бас тартуды біл діруі мүмкін. Осы 
тұрғыда де Бовуар: «Әйел болып тумайды, әйел болып қа лыптасады», – дейді. 
Дегенмен бұл экзистенциалды саяхат нәсілдік азшылық пен төменгі таптардың, 
негізгі діни бағыттағы емес адамдарға қалай қиын болса, әйелдер үшін де со-
лай қиын, себебі үстемдік жағдайындағы ер адамдар әйелдің мәнін әйелдер сте-
реотипі арқылы және олардың кім болуды қалайтын таңдау еркіндігінен айыра 
отырып анықтауға тырысқан еді. Әйелдер тек ерлерге қарсы шығу арқылы өз 
бостандығына қол жеткізе алды, ерлердің қалауынан шығып, өз болмысын мо-
йындату үшін біраз еңбектеніп қарсыласты. Алайда бұл әйелдерге өзіндік мәнін 
анықтау әрекеттері тұрғысынан болмыстарын ұғынуды талап етеді.
Де Бовуар әйелдерге бас тартуға кеңес береді, ал Хелен Сикс, Люси Ирига-
рай, Джулия, Моник Виттиг сияқты француз феминистері тобының зерттеулері 
Жак Лаканның, Жак Дерридтің, Фердинанд де Соссюрдың еңбектеріне сүйе не-
ді. Бұл тұжырымдар бойынша әйелдердің күші мен құдіреті тілдері мен сөздері 
арқылы сезілді. Бұл түсінік лакандық психоанализде екі уәжбен түсіндіріледі: 
біріншіден, де Соссюр тілдің абсолютті дұрыс не бұрыс мағынаға ие емес екенін, 
алайда оппозициялық тарапта сөздер айтыла алатынын атап өткен еді, екінші-
ден, Фрейдті қайта қарастыру, яғни санасыз ойлауда жыныстық айырмашылық 
жоқ, бірақ тек фаллос үшін жынысты бөлу – елес тетуді, символикалық және 
реалды үш негізгі тіркеушіні қарастырады. Жыныс тық айырмашылық түрлі 
әдістер арқылы жүзеге асырылады, алайда бұл арада сөз екі жынысқа да тиесілі 
(E. Purcell, 2011). Бұл теорияшылар әйелдерді вербалды емес қатынастық қосу 
арқылы балама сөздікке дейін тәжірибені пайдалануда олардың тілі, жазуы мен 
семиотикасын бекіту үшін жеке әрі ұжымдық түрде босатуды көздейді.
Жыныстық айырмашылық теорияларына оралу барысында тек еуропалық 
феми нис тердің зерттеулерін ғана басшылыққа алып қоймай, сонымен қатар 
гендердің статис тикалық көріністері арасындағы жаңа бағыттарды және өндіріс 
саласындағы гендердің шектен тыс өзгермелі тұжырымдамаларын, әсіресе эт-
ноәдіснамада «жасалатын» гендерлік теорияны (келесі бөлімді қараңыз) және 
постмодерндік перформативті теорияны (төменде постмодерндік феминизмді 
қараңыз) кеңінен қамтуымыз керек. Осы жыныстық айырмашылық теория-
лары символикалық саланы феминистік талдаудың негізі ретінде ұсынады
(e.g., Pollock, 2010). Олар әйел тәжірибесі мен олардың өмір сүретін фалло-
центристік ұғым дар әлемінде маргинализациялануын, шығындарын және жа-
сырын талпыныста рының жүзеге асуы үшін қалай пайдаланатынын зерттеді 
(Mortensen, 2006). Бұл дәстүрдегі соңғы жұмыстар әйелдердің ұжымдық жұ-
мыстарын талап етеді, себебі олардың мақсаты – өз ұғымы бар әлемді жасау ар-
қылы ерлердің көз қарастарын қайта өзгерту. Әсіресе топтық әйелдерге саяси 
мақсат пен өздерінің дербестігін дәлелдейтін ұстанымдарды, әлеуметтік әлемді 
реформалайтын мүмкіндіктерді қарастыру қажет болды (Zerilli, 2005).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет