Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет370/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   596
Субъективтілік
Көптеген әлеуметтану теорияларында әлеуметтік тәжірибенің субъективті дең-
гейі микроәлеуметтік әрекеттермен (микросубъективтілікпен) не бол маса «мә-
дениет», немесе «идеология» ретінде макродеңгеймен (макросубъективтілік-
пен) байланыстырылады (13-тарауды қараңыз). Алайда феминистік әлеуметта-
ну актордың мақсаттары мен қарым-қатынастарын жекелеп түсіндіруді талап 
етеді. Бұл талап феминистік әлеуметтанудың басым бөлігі сияқты әйелдердің 
өмірін зерттеуден туындайды және оны, жалпы алғанда, бағыныш тылардың 
бәрінің өміріне қолдануға да болады. Әйелдер бағынушы ретінде мәдени және 
микроинтеракциялық тұрғыда бекітілген анықтамаларға қайшы келгендіктен, 
өздерінің субъективті тәжірибесінің айрықша екенін түсінеді. Әдетте әлеу-
меттанушылар микроәлеуметтік тәртіптің субъективті деңгейіне назар аудар-
ғанда, төрт негізгі мәселеге тоқталады: 1) рөлдерді қабылдау және өзгені тану;
2) қауымдық нормаларды интернализациялау процесі; 3) өзіндік мәннің әлеу-
меттік актор ретіндегі табиғаты; 4) күнделікті өмірді түйсіну таби ғаты. Бұл бө-
лімде осы мәселелердің әрқайсысы феминистік бағыт бойынша қарастырылады.
Субъективтіліктің дәстүрлі әлеуметтану моделі (Мид [9-тарауды қараңыз] 
пен Шюцтың теорияларында көрсетілгендей) рөлді қабылдау кезінде әлеу мет -


518
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тік актор өзін-өзі акторға азды-көпті ұқсайтын өзге адамдардың көзімен көру-
ді үйренеді деп тұжырымдайды. Бірақ феминистік әлеуметтану әйелдер әлеу-
меттену кезінде өздерін ерлердің көзімен көруге үйренетінін дәлелдейді. Тіпті 
олардың әлеуметтенгені соншалықты, өзін-өзі және басқа әйелдерді де еркектік 
көзқараспен қабылдайды. Әйелдердің рөлдерді қабылдау тәжірибесі ерлерден 
ерекше. Жай ғана өздеріне ұқсайтын әлеуметтік өз генің емес, тұпнұсқалы өзге-
нің рөлін қабылдап үйренуге міндеттілік фактісі арқылы қалыптасады. Әйелдер 
үшін ерлер өзге болып саналады және олар әйелдер үшін жұмбақ. Ал ерлер үшін 
өзге – бірінші кезекте, мәдениетте басым маңыздылыққа ие деп саналатын сапа-
лық қатынаста өздеріне ұқсас ерлер, яғни гендерлік сипат бойынша көрсетіледі. 
Феминистік теория бұл фор муланың жеке өмірдегі қысымшылық пен артық-
шылық векторларының қиылысуы арқылы күрделене түсетінін ескереді.
Рөлді қабылдау әдетте актордың қоғамдық өмірін қалыптастыратын мак-
ро- және микродеңгейдегі тәжірибелердің бірігуінен саналы түрде жасаған тұ-
жырымы. Өзіне «жалпылама өзгенің» рөлін алу үшін әлеуметтік акторларды 
үйрету арқылы қауымдастық нормаларын түйсінудің шарықтау шегі ретінде 
қарастырылады. 
Өзге сөзінің жекеше түрде қолданылуы әдетте микроәлеуметтанушылардың 
осы ойдан шығарылған, жалпылама өзгенің бірден-бір үйлесімді, жүйелі көрінісі 
ретінде қарастыратынын көрсетеді. Бірақ феминистердің ойынша, патриархал-
ды мәдениетте жалпылама өзгелер әйелді өзін «ерлерден кем» немесе «ерлерге 
тең емеспін» деп сезінуге мәжбүрлейтін еркектер басымдығына негізделген қо-
ғам нормаларының жиынтығын білдіреді. Әйел қауымдастықтың үстемдікті дәл 
көрсететін жалпылама өзгенің сезімін қалыптастыруына қарай, өзін-өзі бағалау 
және өзін-өзі тану сезімінің пайда болуына кедергі тудыруы мүмкін. Феминис-
тік теория адамдардың көпшілігінде бірыңғай жалпылама өзгенің болатынын 
жоққа шығарады. Бағынышты адам үстемдікке ие жалпыланған өзге немесе 
мағыналық жүйе арқылы басқарылатын және «балама» түсініктерді ұсынатын, 
басқаларды жалпылайтын «үй топтарында» орналасуы тиіс әлемдер арасында 
өмір сүруі қажет. Жалпылама өзгенің көптеген нұсқаларының болуы – тұлға 
болу немесе өзін-өзі қалыптастырудың күрделілігін түсіну үшін маңызды.
Микроәлеуметтанушылар ұсынған анықтамаға сәйкес, әлеуметтік актор 
күнделікті өмірді жеке қызығушылық тұрғысынан көреді. Феминистік әлеумет-
танушылар әйелдердің деңгейімен шектеліп қалатыны соншалықты – олар тіпті 
әлемде өз жоспарларын құру мағынасыз және мүмкін емес екенін айтады. Со-
нымен қатар әйелдер өмір-әлемін өздерінің жеке мүдделеріне сай игеру керек 
екенін сезіне алмайды. Олар өмір-әлемін әртүрлі акторлардың мүдделерін үй-
лестіретін орын ретінде сезіну үшін ғана әлеуметтенуі мүмкін. Әйелдерде сырт-
қы кедергілерден босатылған, кеңістіктің нақты салаларын бақылау тә жірибесі 
болмауы мүмкін. Дәл сол сияқты олардың уақытты сезінуі маңызды нәрселер-
дің басымдығын көрсетпейді. Өйткені олар басқалардың тілек-мүддесін үйлес-
тіруді өзіне басты мақсат етіп қояды. 
Әйелдер өзі мен өзгенің мүдделерін осылайша назарға ала отырып, жоспар 
құруы және әрекет етуі; рөлдердің бар балансын қақтығыс, рөлдік бөлініс ретін-
де емес, әлеуметтік өмірге жауап ретінде қабылдауы мүмкін.
Феминистік әлеуметтанушылар дәстүрлі микроәлеуметтанушылар бол-
жаған күнделікті өмірдің бірыңғай сана-сезімі жайлы көзқарасын сынға алды. 
Феминистік әлеуметтанушылар әйелдерге күнделікті өмірдің танымдық сти-
лінің ең кең тараған ерекшелігі – «екіге бөлінген сана» тән екенін атап өтеді. 


519
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Ол өз басынан өткеріп, одан қорытқан тәжірибесі мен сол тәжірибені сипаттау 
үшін қолданылатын білімнің әлеуметтік типтері арасындағы «ажырау жолы» 
арқылы анықталады (Dorothy Smith, 1979, 1987). Күнделікті өмір дің өзі бағы-
ныштылар үшін екі шындыққа бөлінеді: нақты, бастан өткен және қорытылған 
тәжірибе, сонымен қатар әлеуметтік типтеу шындықтары. Өз тәжірибесінің 
мәдени тұрғыдан үстемдік етуші ерлердің тәжірибесінен қаншалықты айыр-
машылығы барын түсінетін әйелдер ортақ субъективтіліктің ықтималдығына 
күмәнмен қарайды. Патриархалдық уақытпен толық реттел мейтін биология-
лық және әлеуметтік тіршілік иелері тұрғысынан олар ға өмірлік тәжірибе ре-
тіндегі уақыт пен әлеуметтік міндет ретіндегі уақыт арасындағы демаркация 
көбірек мәлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет