Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет368/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   596
Макроәлеуметтік тәртіп 
Осы және алдағы екі бөлімде біз лексиканың және концептуализацияның қа-
лыптасқан әлеуметтану конвенциясы шеңберінде жұмыс істей отырып, таныс-
тыру рәсімін феминистік әлеуметтану теорияларының көпшiлiгінің сынына 
ұшыраса да макроәлеуметтік, микроәлеуметтiк және субъективтiк катего рия-
лары төңірегінде ұйымдастырамыз.
Феминистік әлеуметтанудың макроәлеуметтік тәртіпке деген көзқарасы 
марксистік экономикалық өндіріс тұжырымдамасын әлеуметтік өндірістің жал-
пыға ортақ тұжырымдамасына, яғни барлық адамның қоғамдық өмірін өндіруге 
дейін кеңейтуден басталады. Нарыққа арналған тауарлар өндірумен қатар, фе-
министерге арналған әлеуметтік кәсіпке үй шаруашылығының маңызды тауар-
ларын өндіру, үй жұмысын ұйымдастыру сияқты іс-шаралар кіреді; адамның 
ынтасын оятатын және қанағаттандыратын, адамды құрметтеуге, қолдау көр-
сетуге, сүйіспеншілік пен өзін-өзі бағалауға де ген эмоциялық қажеттіліктері; 
қауымдардың ережелері мен заңдарын жасай тын мемлекет пен дін және жағ-
дайларға институттанған, қоғамдық анықтамалар беретін саясат, бұқаралық ақ-
парат құралдары және академиялық дискурс. 
Осылайша қалыптасқан және кеңейтілген, топаралық қарым-қатынастардың 
марксистік моделі әлеуметтік ұйымның феминистік моделінде сол айқын қал-
пында қала береді. Әлеуметтік өндірістің осы түрлерінің әрқайсысы бұл қыз-
метте маңызды ресурстарды бақылайтын доминанттар немесе «қожайындар» 
ретінде әрекет етеді. Өндірістік сектордың әрқайсысындағы өндіріс қожа йын-
дарының қанауы нәтижесінде өз еңбектерінің жемісінен қағылған бағынушылар 
мен «қызметшілердің» жұмысына негізделеді. Біз марксистік теориядан гөрі, 
феминистік теория арқылы өндіріс барысында қожайындар мен қыз мет шілер 
арасындағы жақын қарым-қатынасты және қызметшінің қоғамдық өміріне қа-
жетті барлық затпен қамтамасыз етілетінін айқын көре аламыз. Эксплуатация-
ның өзара тығыз қатынастарында үстемдік мәжбүрлеу ретінде емес, патерна-
лизм, яғни «топқа қатысты жағымды сезімдердің топқа қатысты кемсітушілік 
ниеттермен үйлесуі» ретінде көрінуі мүмкін. Патернализмнің екі жағы да астар-
лы сипатта болып, үстемдік пен бағыныштылық қарым-қатынастарына ықпал 
етпейді (Jackman, 1994:11). Әлеуметтік өндіріс – тап, гендер, жыныс, нәсіл, жас, 
билік және білімі өте тығыз байланысқан қожайындар мен қызметкерлердің 
қосарлы иерархиясын ұйымдастыратын үстемдік пен эксплуатацияның көп өл-
шемді құрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдық өндірістегі стратификацияның осы үлгісі жекелеген институттар-
дың және әртүрлі, бірақ өзара байланысты рөлдер жүйесінен тұратын қоғамның 
құрылымдық-функционалдық көзқарастарының тікелей сын-пікірін ұсынады. 
Феминистік теория бұл кескіннің жалпылама емес екенін, бірақ ол қоғамның 
доминанттарының – ақ нәсілді еркек, жоғарғы тап және ересектік тәжірибеле-
рі мен артықшылықтарын бейнелейтінін мәлімдейді. Феминистік зерттеулер 
әйелдердің және басқа да бағынышты жағдайдағы адамдар әлеуметтік өмірді 
бөлінбейтін рөлдердің қозғалысы ретінде қабылдамайтынын көрсетеді. Оның 
орнына олар рөлдерді теңестіруге, рөлдерге байланысты мүдделер мен бағдар-
ларды біріктіруге, сондай-ақ осы біріктіру арқылы әлеуметтік инс титуттарды 


514
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
үйлестіруге қатысады. Шынында да, үстем таптың өндіріс жағ дайына бақылау 
жасауының бір көрсеткіші, оның мүшелері мақсатты рөлді бөлу мүмкіндігіне ие 
болуы ықтимал. Бірақ феминистік әлеуметтану бұл жағдайды өмірін және іс-
әрекеттерін бөле алмайтын акторлардың бағынышты қызметтеріне байланысты 
екенін атап көрсетеді. Шынында да, егер бұл ба ғынышты акторлар осыған ұқсас 
жолмен бөлінсе, күрделі индустриалды қо ғамдағы өндірістің бүкіл жүйесі құл-
дырайтын еді. Феминистік модельдің құрылымдық-функционалдық модель-
ден айырмашылығы әйелдердің бірік кен тәжірибелерін күнделікті өмірдің өте 
ұсақ текстурасын шығаратын көп теген басқа «қызметші» топтардың тәжірибе-
лері үшін жалпылауға болады деп атап көрсетеді. Осындай бағынышты таптар 
ұйымдастырылған қоғамдық өмірге ие деген түсінік құрылымдық-функционал-
дық теорияда бейнеленген түсініктен айрықша ерекшеленуі мүмкін, тіпті негізгі 
институттық сала ларды бірегейлендіру өзгеше болуы мүмкін. Дегенмен олар-
дың артықшы лыққа ие жақтары қоғамға қажетті және ол қазіргі қалыптасқан 
жағдайлардан, сондай-ақ институттық бөлінген әлемдегі қожайынының өзіне 
деген сені мінен туындайды.
Сонымен қатар феминизм әлеуметтік үстемдік құрылымындағы идеоло-
гиялық үстемдіктің негізгі рөліне баса назар аударады. Идеология – қоғамдық 
білім ретінде институттанған және бүкіл қоғамға тиімді түрде таралғаны сон-
шалықты – ол барлық әлеуметтік таптар үшін ортақ шындық және әлеуметтік 
өмірге қатысты сенімдер жүйесі болып есептеледі. Осылайша, феминистердің 
«әлеуметтік шындықты қоғамдық білім» деп санайтыны – жалпыға ортақ мәде-
ниет, біртіндеп құрылған әлеуметтік өнім емес, бірақ қоғам доминанттарының 
мүдделері мен тәжірибелерінің көрінісі және олардың қоғамдағы билігінің бір-
ден-бір маңызды көрсеткіші. Бұл көзқарастың дәстүрлі марксистік талдаудан 
айырмашылығы – феминистер үшін идеологиялық бақылау үстемдіктің негізгі 
процесі, ал дискурс пен білімді иерархиялық бақылау – қоғамдық үстемдіктің 
басты элементі.
Макроәлеуметтік тәртіпке қатысты феминистік мәселелердің өзегі – гендер-
ді құрылым ретінде макроқұрылымдық модельдеу. Дәл осы құрылымда қысым 
көрсету тамыр жаяды. Феминистік теорияшылар әйелдердің денелері әлеумет-
тік өндіріс пен көбеюде маңызды ресурс болып саналатыны, демек, ол эксплуата-
ция мен бақылау орнына айналатынын айтады. Гендерлік қысым ерлердің мүд-
делері мен тәжірибелерін бейнелейтін институттанған білімнің идеологиялық 
жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Басқалардың арасында гендерлік идеология 
ерлерді әлеуметтік-мәдени биліктің иегерлері ретінде айқындайды және ерлер-
ге үстемдік ету құқығы, әйелдерге әлеуметтік өндірістің барлық өлшемдерінде 
қызмет ету міндетін атқару сияқты рөлдерін бөліп береді. Гендерлік идеология 
әйелдерді ерлердің ынтызарлық нысандары ретінде қалыптастырады, олардың 
әлеуметтік құндылығы тиісті дене үлгісін жасауы арқылы анықталады. Соны-
мен қатар гендерлік идеология әйелдердің өндірістік қызметін жүйелі түрде тү-
зетіп және бұрмалап отырады: 1) олардың кейбірін тривиализациялау арқылы, 
мысалы, үй шаруашылығы жұмысы бойынша; 2) басқа қызмет түрлерін, мыса-
лы, аналық қызметті танымастай идеализациялау арқылы; 3) тағы бір маңызды 
жұмысты, мысалы, нарықтағы тауар өндірісінде әйелдердің көп және маңызды 
үлестерін елеусіз ету. Бұл идеологиялық процестер барлық әлеуметтік үстем-
діктің макроқұрылымдық өндірісіне қатысты қолданылуы мүмкін.
Капитализм мен патриархат аналитикалық түрде үстемдіктің түрлі фор мала-
ры болып бөлінсе де, көптеген сипаттар бойынша бір-бірін нығайтады. Мысалы, 


515
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
мемлекеттік және жекеменшік салаларға өндірісті ұйымдастыру және осы сала-
ларды реттеу екі үстемдік етуші жүйеге де пайда әкеледі. Капитализм әйелдердің 
жеке сектордағы еңбегі капитал үшін тегін жұмыскердің пайда болуымен ұтады, 
сондай-ақ олардың жеке сектор үшін жауапкершілігі бар әйелдерді маргинал 
етеді, бірақ әдетте жалақыны үнемі төмендете отырып, оларды арзан еңбектің 
қолайлы көзіне айналдырады. Сонымен қатар па триар хат әйел жұмыскерді қа-
наудан пайда көреді, сондықтан оның ерлерге тәуелді болуына себеп болады. 
Әйелдердің қоғамдық салаға араласуының күрделі болуы – ондағы бар «жақсы» 
жұмыспен ең бірінші ер адамдарды қамтамасыз ету үшін тиімді. Әйелдердің жұ-
мыс орындарында жыныстық қудалауға ұшырауы және қоғамдық жерлерде қы-
сым көру тәжірибесі – кездейсоқ құбылыс емес әрі маңызы жоқ микрооқиғалар 
да емес, патриархаттың капитал шекарасын қорғауға көмектесетін билік қарым-
қатынасының мысалы. Бұл бөліністі қоғам дық және жекеменшіктің «нәсілдік» 
және «жастық», сонымен қатар «гендерлік» аспектілері одан әрі қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет