Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет369/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   596
Микроәлеуметтік тәртіп
Микроинтерактивті деңгейде феминистік әлеуметтану (кейбір микроәлеу мет-
танулық көзқарастар сияқты) объективті жобалар немесе интерсубъективті 
мағына беру арқылы, адамдар бір-бірін қалай есепке алуға баса назар аудара-
ды. Феминистік әлеуметтану теориясы өзара әрекеттесудің дәстүрлі үлгілері 
(әлеуметтік бихевиористік және әлеуметтік анықтамалық) дем беруші катего-
риялардың макроқұрылымдағы теңдігі бірлескен жобаларды іздестіруде қалай 
әрекет ететінін немесе құрылымдық доминанттар тең дәрежедегілермен және 
бағындырушылармен өзара іс-қимылын қалай үйлестіретінін сипаттайды. Бі-
рақ феминистік теория құрылымдық теңсіздіктердің өзара әрекеттесуі кезінде 
әдеттегі үлгілерге қарағанда, олардың бірігуінде көптеген басқа да қасиеттер 
бар деп санайды. Бұл әрекет мақсатты емес, әртүрлі қызметтің мәні жасырын 
немесе көрінбейтін, жалпы мағынасы ең ықтимал болып табылатын жалпы-
лама параметрлерге әрдайым қолжеткізу ашық түрде болмайтынын білдіре-
ді. Бұл талдау гендерлік және постмодернистік гендерлік тұжырымдаманың 
сабақтас тармағы ретінде гендерлік әдебиет әлеуметтануына қосымша аспек-
тілер ұсынады. Барлық интерактивтік жағдайларда гендерлік қатынас пен 
гендерлік айырмашылықтар тұрақты болуы мүмкін. Адамдар өзара қарым-қа-
тынаста басқа адамдардың жауаптарын күтіп қана қоймай немесе басқаларға 
еліктеу ғана емес, сонымен қатар олардың іс-қимылын зерделей отырып, өз 
әрекеттерін түзетеді.
Көптеген негізгі микроәлеуметтану белгілі іс-әрекеттердің сызықтық ба ғыт-
тарын көздейтін мақсатқа бағдарланған адамдар үлгісін көрсетеді. Кері сінше, 
феминистік зерттеу көрсетіп отырғандай, біріншіден, әйелдер өмірі кездейсоқ-
тыққа толы, негізгі себептер әйелдердің некеге тұрмауы, күйеулерінің іс-қи-
мылдары, өмір жоспарына балалардың күтпеген әсерлері, ажырасу, жесірлік 
және әйелдер басым бөлігінің еңбек ақысының төмендігі. Екіншіден, күнделікті 
өмірде әйелдер өз мақсаттарын желілік дәйектілікпен іске асырмайды, өзгелер-
дің қажеттіліктері мен талаптарына қарай бейімдейді. Бұл тақырып аналар мен 
қыздар арасындағы эмоциялық және реляциялық симбиозды талдайды, яғни 
әйелдермен тығыз қарым-қатынаста болатын әйел топтарының сипаттамалары 
арқылы оқытушылар, медбикелер, хатшылар, тіркеу бөлімшелері және кеңсе кө-
мекшілері ретінде әдеттегі сабақтарда, сонымен қатар аналар, қоғам және туыс-


516
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тық координаторлар сияқты қызмет атқаратын әйелдерді талдауға негізделді. 
Әйелдер іс-әрекеттеріне «жауапты» деп санайтын бол сақ, біз оларды енжар әсер 
етушілер деп сипаттамаймыз. Оның орнына, біз олар ды өз мақсаттарына ғана 
емес, басқа адамдардың тілектерін, әрекеттерін және талаптарын бақылау, үй-
лестіру, жеңілдету және салыстыру міндеттеріне бағдарланғандар деп білеміз. 
Микроәлеуметтанудың мақсатқа бағдарланған акторларының қарапайым мо-
делінің орнына, феминистік зерттеулер өздерінің күнделікті өмірінде басқалар-
дың іс-әрекет желілеріне жауап беретін және ұзақ мерзімді перспективада олар 
бақылай алмайтын осы жағдайлардың біреуіндегі акторларды көрсетеді.
Қарапайым микроәлеуметтік теория интерактивті жағдайлардағы бірлесіп 
жұмыс жасау мен мағыналық құрылымға қатысты қысымның соншалықты зор 
болуы акторлардың макроқұрылым туралы ортақ ойларын дамытып, теңдікке 
ұмтылуына бағыт береді деп болжайды. Әйелдер мен ерлер арасындағы өзара 
әрекеттесу туралы феминистік зерттеулер бұл идеяға қарсы, өйткені олар әлеу-
меттік өзара әрекеттер макроқұрылымдық жүйенің әсер ету арқылы кеңінен 
таралғанын алға тартады. Күнделікті тұрмыста әйелдер кездейсоқ қауымдас-
тықтар, кездесулер, неке, отбасы және жалдамалы жұмыс арқылы өзара қарым-
қатынас жасайтын ерлерге құрылымдық жағынан бағынышты болып көрінеді. 
Әйелдер жеке тұлға ретінде қол жеткізе алатын теңдік немесе үстемдіктің ең 
кең таралған түрі – гендерлік институт. Ол интерактивті про цестің ішіндегі осы 
құрылымдық үлгі арқылы тиімді әрекет етеді. 
Гендерлiк теңсiздiктiң макроқұрылымдық үлгiсi әйелдер мен ерлердiң өзара 
iс-әрекеттерімен тығыз байланысты және ол тек жобаларды кім ойлас тырып, кім 
жүзеге асыратыны туралы еңбектің кең ауқымды бөлінуіне ғана емес, сондай-ақ 
мекенжай мен сөйлесу формаларындағы, көзбе-көз байланыстағы және кеңістік 
пен уақытты бақылаудағы бедел мен құрметті айқындайтын процессуалды те-
тігіне әсер етеді. Интерактивті жағдайдағы ерекшелік ретінде теңсіздіктің бұл 
болжамы нәсіл мен таптық факторлар феминистік талдау құрылымына енген 
кезде күшейе, күрделене түседі.
Әлеуметтік анықтамалар «әлеуметтік өзара әрекеттесудегі негізгі үздіксіз 
жобалардың бірі – ортақ мағыналарды құру» деп болжайды. Қатысушылар 
бір-бірін көре отырып, қарым-қатынас жасау арқылы тіл табысып, ортақ ке-
лісімге келеді. Феминистердің пікірінше, бұл ұйғарым билік пен идеология-
ның макроқұрылымдары арқылы микро-өзара әрекеттесу және ену фактісі 
бойынша бекітілуі керек. Бұл құрылымдар қарым-қатынас жасау әрекеттері 
арқылы мағыналарды қалыптастырады. Ерлер әйелдермен өзара байланыста 
доминант ретінде әйелдердің белсенділігін түсіндіру үшін басқа макродеңгей-
лерге жүгініп немесе ашық зерттеу жүргізгеннен гөрі, гендерлік идеологияның 
макроқұрылымындағы әйелдер белсенділігіне үлкен мән береді. Өздерінің тә-
жірибелерінде бір ғана идеологиялық интерпретациялауға ұшыраған әйелдер 
диалектикалық шиеленіс жағдайында тұрып, бұл идео логияны өмірдің шына-
йылығына қарай бейімдейді. Бұл шиеленістің мағынасы әртүрлі. Әлеуметтік 
зерттеушілер ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынас жа сайтын субъектілер 
ортақ көзқарастарды немесе ортақ түсіністік жүйесін қалыптастырады деп 
есептейді. Феминистердің зерттеуі ең жақын, ұзақ мер зімді некелік байланыс-
та, жоғарыда айтылған себептер бойынша, ерлер мен әйелдердің бір-біріне бө-
тен болып қала беретінін және олар әртүрлі әлемде өмір сүріп жатқанын көр-
сетеді. Бұл «жатсыну» бағынышты әйелге қарағанда, үстемдік етуші ер адамда 
айқынырақ көрінуі мүмкін (Dorothy Smith, 1979). 


517
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Демократиялық этос өзара әрекеттесудің әлеуметтік-анықтамалық және 
әлеуметтік-бихевиористік сипаттамаларын қалыптастырады. Дәстүрлі үлгілер 
адамдардың өзара әрекеттесуге және одан бас тартуға қатысты тең мүмкін дікте-
рімен таңдау еркіндіктері бар екенін білдіреді. Феминистік зерттеулер – әйел-
дер өзара қарым-қатынас жасап, өздерімен ұқсас жағдайларды бастан кешкен 
әйелдермен сөйлесу барысында өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін кең мағына-
лы іс-әрекет шеңберін қамтиды. Оның үстіне, бұл қауымдастықтар тәжірибелік, 
эмоциялық және мағыналық қолдау көрсету арқылы әйелдерді өзіне тарта түсуі 
мүмкін. Алайда әйелдер осы жағдайларды таңдауда еркін құқыққа ие емес. Заң, 
интерактивті үстемдік және идеология бұл қоғамдық таңдауды шектейді, кем-
сітеді де, тіпті әйелдер де өздерінің көркіне күмәнмен қарай бастайды. Мұндай 
жағдайларда қауымдастық еркін және ашық таңдау емес, жасырын, шектелген 
және қарым-қатынас пен мағына үшін көзге көрінбейтін аренаға айналады.
Ақыр соңында, өзара әрекеттесу тәжірибесінің феминистік талдауы терең 
психикалық құрылымдар тұрғысынан түсіндірілетін ерлер мен әйелдер ара-
сындағы айырмашылықты атап өтуі мүмкін. Ер адамдарды тәрбиелеу инди ви-
дуализацияны және әйел затынан бас тартуды мадақтайды, сондықтан ерлер 
ерте жасында еркектік артықшылыққа ұмтылу оның әйелдік мінез-құлықтар-
дан алыстауын білдіретінін ұғады. Сол сияқты әйелдер еркектерге және бір-бі-
ріне қатысты жүктелген міндеттердің бірі – ерлердің назарын аудару, жасаған 
әрекеттеріне түсінік беру және мақұлдау сияқты өзара әре кеттесу қимылдары 
арқылы бір-бірінің субъективтігін мойындауы екенін ертеден біледі. Бұл мінез-
құлықтар ерлер мен әйелдер арасындағы өзара әрекеттесуді ғана емес, гендерлік 
топтардағы өзара әрекеттесуді де түсіндіреді. Әйелдер өздерін ауық-ауық бір-
біріне неғұрлым жауапты және басқа адам дардың қажеттіліктері мен тілектерін 
көбірек бақылап отырушы ретінде көр сетеді. Ерлер бөлісу құқығы мен міндет-
терін сезінуге бейім келеді. Оны олар жеке мақсаттарға қол жеткізу және өзара 
қарым-қатынастың қалыпты сипаты ретінде емес, адамдардың өзгелер алдында-
ғы жауапкершілігін жомарттық ретінде қарастыру үшін жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет