Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет399/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   596
Әлеуметтік интеграция мен жүйелі интеграция. Жоғарыда келтірілген 
өмір-әлемі мен жүйе туралы ой-пікірлерді ескеріп, Хабермас мынадай қо ры-
тындыға келді: «Әлеуметтік теорияның іргелі мәселесі «жүйе» және «өмір- 
әлемі» деп белгіленген екі концептуалды стратегияны лайықты түрде қа лай 
біріктіруге болатынында жатыр» (1987a:151; italics added). Хабермас бұл екі 
тұжы рым дамалық стратегияны «әлеуметтік интеграция» және «жүйелі ин-
теграция» деп атайды.
Әлеуметтік интеграция тәсілі өмір-әлеміне және әрекет жүйесінің нор-
ма тивті кепілденген консенсус арқылы интеграциялануына назар аударады. 
Қоғам әлеуметтік интеграция арқылы біріккен деп есептейтін теорияшылар 
коммуникативті іс-әрекетке сүйенеді және қоғамды өмір-әлемімен тұтасты-
рады. Олар топ мүшелерінің ішкі перспективаларын қабылдайды және өз 
түсінігін өмірлік әлем қауымдастығының түсініктерімен орайластыру үшін 
герменевтикалық бағытты пайдаланады. Қоғамның үздіксіз өндірісі – өмір-
әлемінің символдық құрылымдарын сақтап қалуға бағытталған қоғам мүше-
лері іс-әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол тек қана қоғам 
мүшелерінің тұрғысынан қарастырылады. Аталған герменевтикалық тәсілде 
сыртқы бақы лаушының көзқарасы, сондай-ақ жүйелік деңгейде орындала-
тын ұдайы өндіріс процестерін түсіну жойылды деп айтуға болады.
Жүйелі интеграция тәсілі сырттай бақылау арқылы жүйе мен оның субъек-
тив ті қадағаланбайтын индивидуалды шешімдермен интеграциялануына 
назар аударады. Бұл тәсілді ұстанушылар қоғамды өзін-өзі реттейтін жүйе 
деп есептейді. Олар сырттай бақылау позициясын ұстанады, бірақ мұндай 
перспектива тек герменевтикалық түрде тиімді болғанмен, өмір-әлеміндегі 
құрылымдық үлгілердің шынайы қарастырылуына кедергі келтіреді.
Хабермасты қорытындылай келе, аталған ортақ тәсілдердің әрбірі белгі-
лі бір қағидаларды ұсынғанмен, олардың екеуінің де елеулі шектеулері бар. 
Әлеуметтік және жүйелі интеграцияның осындай сынына сүйеніп, Хабер-
мас аталған теориялық бағыттарды біріктіргісі келіп, өзінің балама тәсілін 
ұсынады. Ол: 
«Қоғамды әлеуметтік-мәдени өмір-әлемін сақтау шарттарын орын-
дауы тиіс жүйе деп есептейді. Доктриналық қоғам – әлеуметтік 


569
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
интеграцияланған топтардың жүйелі тұрақтандырылып тұратын
іс-әрекеттер кешені... Мен қоғамды әлеуметтік эволюция барысында 
жүйе секілді де, сондай-ақ өмір-әлемі секілді де дифференциациялана-
тын болмыс деп қарастыратын эвристикалық ұсынысты қолдаймын». 
(Habermas, 1987a:151–152; italics added)
Хабермас өзін жүйе де, сондай-ақ өмір-әлемі де қызықтырады дей отырып, 
жоғарыда келтірілген дәйексөздің соңында эволюцияға да қызығатынын тү-
сіндіреді. Жүйе де, өмір-әлемі де өркендеп келе жатқан рационалдандыру ба-
ғытында дамығанымен, өмір-әлемі мен жүйеде рационалдандыру әртүрлі фор-
мада болады және мұндай дифференциация – өмір-әлемін отарлаудың негізі.
Отарлау. Хабермастың қоғамды өмір-әлемі мен жүйеден құралады деп есеп-
теуі – отарлау идеясын түсінуде елеулі мәнге ие. Бұрын екі тұжырымдама 
тығыз байланыста болғанымен, бүгінде олардың арасында үлкен алшақтық 
байқалады; олар «бір-бірінен ажыратылды». Екеуі де рационалдандыру про-
цесіне ұшырағанымен, бұл процесс екі қондырғыда әртүрлі формада болады. 
Хабермас жүйе мен өмір-әлемінің арасындағы диалектикалық байланысты 
көргенмен (олар екеуі де бір-біріне жаңа мүмкіндіктерді ашады және шек-
тейді), оны қызықтыратын басты мәселе – заманауи әлемдегі жүйе қалайша 
өмір-әлемін бақылайды дейтін сұрақ. Басқаша айтқанда, оны жүйе мен өмір-
әлемінің арасындағы диалектиканың жойылуы және біріншісінің екіншісіне 
қатысты билігінің артуы қызықтырды.
12
Хабермас жүйе мен өмір-әлемінің рационалды ұлғаюын салыстырады. 
Өмір-әлемінің рационалдандырылуы коммуникативті іс-әрекеттегі рацио-
налдықтың өсуіне себеп болады. Бір-бірін жақсы түсінуге бағытталған іс-
әрекет нормативтік шектеулерден босатылып, күнделікті тілге тәуелді бола 
бастайды. Басқаша айтқанда, көбінесе әлеуметтік интеграция тілде консен-
сусты қалыптастыру процесі арқылы жетіледі.
Бірақ нәтижесінде тілге қойылатын талаптар өсіп, оның мүмкіндік шегі-
нен асып кетеді. Делингвистикалық медиа (әсіресе экономикалық жүйедегі 
ақша, саяси жүйедегі және оның әкімшілік аппаратындағы билік) диффе-
ренциацияланып және жүйеден бастау ала отырып, тым болмағанда, белгілі 
бір дәрежеде бос орынды толтырып, күнделікті тілді алмастырды.
Бұл функцияны тіл координациясының орнына ақша мен билік орын-
дайды. Өмір монетаризацияланып және бюрократтанып жатыр.
Басқаша айтқанда, күрделене түскен жүйе «өмір-әлемінің мүмкіндікте-
рін қиратып жатқан жүйелік императивтерді ысырып шығаруда» (Habermas, 
1987a:155). Осыған орай, Хабермас жүйенің өмір-әлеміндегі коммуникация-
ны шектейтін «зорлық-зомбылығы» туралы жазады. Бұл зорлық өмір-әле-
міндегі «патологияны» тудырады. Хабермас дүниежүзілік тарихты талқы-
лап, осындай өзгерістерді қарастырады:
«Жүйе мен өмір-әлемінің терең ажырауы еуропалық феодализмнің
стратификацияланған таптық қоғамынан қазіргі заманның ерте кезе-
ңін дегі экономикалық таптық қоғамдарына көшудің қажетті шарты 
болды; алайда модернизацияның капиталистік моделі бұрмалануымен, 


570
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
сонымен қатар толыққанды, ақша және билік бойынша дифференциа-
цияға ұшыраған ішкі жүйелер императивтерінің әсерімен өмір-әлемі 
символдық құрылымдарының заттануымен белгіленген болатын».
(Habermas, 1987а:283, italics added) 
Деформациялардың пайда болуын капитализммен байланыстыра оты-
рып, Хабермастың, тым болмағанда, неомарксистік тұжырымдама аясында 
жұмыс істеп келе жатқанын атап кетейік. Ол заманауи әлемді қарастыру 
барысында марксистік тәсілден бас тартуға мәжбүр (Sitton, 1996), өйткені 
өмір-әлемінің бұрмалануларын «таптық нақты тәсілмен тоқтату тіптен мүм-
кін емес болып көрінеді» деп қорытынды жасайды (1987а:333). Бұл шектеу-
ді және Хабермас жұмысының сыни теориялық бастауларын айта отырып, 
Вебер талдауларының да қатты әсер еткенін есте тұтқан жөн. Шындығында, 
оның айтуынша, өмір-әлемі мен жүйенің арасындағы айырмашылық және 
өмір-әлемінің ақырғы отарлануы бізге «өзіне қайшы келетін қазіргі заман» 
жайлы ве берлік тезисті жаңа қыры нан көруге мүмкіндік береді (Habermas, 
1987а:299). Вебердің пайымынша, бұл – субстанциалды және формалды ра-
ционалдық арасындағы жанжал мен Батыстағы соңғысының біріншіге үс-
темдік етуі. Ха бер мастың көзқарасы бойын ша, жүйенің рационалдығы өмір- 
әлемінің рацио налдығын жеңіп шығады, сөйтіп жүйе өмір-әлемін отарлайды.
Хабермас процестің негізгі күші экономика мен мемлекет секілді жү-
йелі деңгейдегі «іс-әрекеттің формалды ұйымдастырылған салалары» деп 
пайым дап, отарлау туралы өзінің ой-пікірлерін ерекше тұрғыда негіздейді. 
Хабермас дәстүрлі марксистік теорияларда заманауи қоғам мезгілдік жү-
йелі дағдарыстарға ұшыраған деп санайды. Аталған дағдарысты жеңу үшін 
мемлекет пен экономика тәрізді институттар өмір-әлеміне зиянын тигізетін, 
патология мен ішкі дағдарыстарға әкелетін іс-әрекеттер жасайды. Шын мә-
нінде, өмір-әлемі осындай жүйелер қыспағынан құрастырылады, ал комму-
никативті іс-әрекет консенсусқа жетуді үнемі бағдар тұта бермейді. Комму-
никация тұйыққа тіреліп, әлсіреп және бөлшектене бастайды, ал өмір-әле-
мінің өзі ыдыраудың шегінде тұрғандай көрінеді. Хабермастың бұл әлемде 
болып жатқан коммуникативті әрекетке деген қызығушылығын ескеретін 
болсақ, өмір-әлеміне қарсы осындай шабуыл оған маза бермейді. Жүйе та-
рапынан жасалып жатқан шабуыл қан шалықты жойқын болса да, өмір-әлемі 
«ешқашан біржолата жойылмайды» (Habermas, 1987а:311).
Егер қазіргі заманның ең маңызды мәселесі жүйе мен өмір-әлемінің 
бір- бірінен ажырауы, жүйенің өмір-әлеміне үстемдік етуі болса, онда оның 
шешу жолдары айтарлықтай анық. Бір жағынан, өмір-әлемін және жүйені 
қайтадан біріктіру қажет. Екінші жағынан, жүйе мен өмір-әлемінің диалек-
тикасы біріншісі соңғысын бұрмалаудың орнына, екеуі де бірін-бірі өзара 
байытатын және нығайтатындай қайта қалпына келуі тиіс. Алғашқы қоғамда 
жүйе мен өмір-әлемі шарпысқанмен, екеуінде де орын алған оңтайландыру 
процесі олардың болашақтағы қосылуы, бәлкім, адамзат тарихында бұрын-
соңды болмаған жүйе мен өмір-әлемінің жаңа байланыс деңгейін тудыруына 
мүмкіндік береді. 
Хабермас өзінің марксистік түп тамырына қайта оралды. Әри не, Маркс 
тарихтан, өткен уақыттан мінсіз мемлекетті іздеген жоқ, ол оны бола шақ-


571
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
та коммунизм мен адам баласының толықтай өркендеуі түрінде болжады.
Хабермас та оңтайландырылмаған жүйелер мен өмір-әлемі әлдеқайда бір-
тұтас болған көне қоғамға қарайламайды, ол оңтайландырылған жүйе мен 
өмір-әлемі үйлесімді түрде біріккен болашақ мемлекетке сенім артады.
Хабермас әлеуметтік күрестің марксистік теориясын қайта ойластырады. 
Маркс пролетариат пен капиталистер арасындағы бітіспес қай шылыққа ден 
қойып, оны капиталистік жүйенің қанаушылық сипатымен түсіндірген бо-
латын. Хабермас назарын эксплуатацияға емес, отарлауға аударып, соңғы он 
жылдықтардағы көптеген жанжалға талдау жасайды. Ол теңдікке, өзін-өзі 
танытуға, қоршаған орта мен әлемді қорғауға бағытталған әлеуметтік қозға-
лыстарды «жүйенің өмір-әлеміне бағытталған шабуылына қарсы реакция» 
деп есептейді. Әртекті топтардың мүдделері мен саяси жобаларының алуан 
түрлі болуына қарамастан, олар өмір-әлемінің отарлануына қарсы әрекет 
етті (Seidman, 1989:25). Өмір-әлеміне дұшпандық жасауға қарсы тұруға, 
жүйе мен өмір-әлемі бұрын-соңды болмаған дәрежеде бір-бірін байытып, 
болашақта үйлесімді дамуына үміт артуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет