Агенттік-құрылымдық әдебиеттердегі негізгі ерекшеліктер
Америка Құрама Штаттарындағы микро, макроинтеграциясы мен еуропа-
лық тардың агенттік-құрылымдық мәселе бойынша жұмыс істеуінің ара-
сында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, әлеуметтік агенттің
табиғаты туралы әдебиеттерде едәуір келіспеушіліктер кездеседі. Бұл сала-
да қызмет ететін ғалымдардың көбі (мысалы, Гидденс, Бурдье) агентті ин-
дивидуалды актор ретінде түсіндіруге бейім, ал Туреннің «акционалистік
әлеуметтануы» агент деп әлеуметтік таптар секілді ұжымдық құрылымдар-
ды санайды. Шын дығында, Турен агенттікті «тарихи әрекет жүйесінің бір
немесе одан көп элементтерін тікелей іске асыратын, сондай-ақ әлеуметтік
үстемдіктің қарым-қатынастарына тікелей қатысатын ұйым» ретінде анық-
тайды (Touraine, 1977:459). Аталған мәселе бойынша, үшінші орынды ин-
дивидтер секілді ұжым ды да агент ретінде қарастыратын Берне мен Флэм
алып отыр (see also Crozier and Friedberg, 1980).
Индивидуалды акторларды агент ретінде қарастыратындардың арасында
айтарлықтай келіспеушіліктер байқалады. Мысалы, габитус үстемдік ететін
Бурдьенің агенті Гидденстің (немесе Хабермастың) агентіне қарағанда әл-
деқайда механикалық болып көрінеді. Бурдьенің габитусы «құрылымдарды
құрылымдайтын тұрақты, жылжымалы диспозициялар жүйесін, яғни тә-
жірибелер мен түсініктерді қалыптастыру мен құрылымдау қағидаларын»
қамтиды (Bourdieu, 1977:72). Габитус стратегияның қайнар көзі бола тұра,
«шынайы стратегиялық ниеттің өнімі емес» (Bourdieu, 1977:73). Ол субъек-
тивтілік те, объективтік те емес, ол екі типтің де элементтерін байланыс-
тырады. Әлбетте, бұл ретте акторды «еркін және ерікті құрушы билікке»
ие деп түсіну теріске шығарылады. Мүмкін, Гидденстің агенттері де еркін
күшке ие емес шығар, алайда олар Бурдьенің агенттеріне қарағанда әлдеқай-
да ерікті. Бурдьенің агенттері өз габитустарының, ішкі («құрылымдаушы»)
құрылымдарының ие лігінде тұрғандай болып көрінсе, Гидденстің шығарма-
шылығындағы агенттер – бүлдіруші іс-әрекеттер. Бұларда, тым болмағанда,
572
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
басқаларға қарағанда өзінше әрекет етудің қандай да бір таңдау мүмкіндігі
бар. Оларда билік бар және өз әлемдеріне әсер етеді (see also Lukes, 1977).
Ең маңыздысы – олар құрылымдарды қалыптастырады (және өздері де со-
лармен қалыптасады). Бурдьенің шығармашылығында керісінше, кейде бө-
лектенген болып көрінетін габитус сыртқы әлеммен диалектикалық қарым-
қатынасқа түседі.
13
Дәл осылай, агенттік-құрылым теорияшыларының арасында құ рылым
деп нені тұспалдағандарында айқын келіспеушіліктер бар.
14
Кей бір теория-
шылар негіз ретінде қандай да бір белгілі құрылымды ерекше көрсетеді,
мысалы, Крозье мен Фридбергтің еңбегінде ұйымға, ал Туренде саяси инс-
титуттар мен ұйымдарда байқалатын әлеуметтік үстемдіктің қарым-қаты-
настарына басты мән беріледі. Өзгелері болса (Burns, 1986:13) бюрократия,
мемлекеттік құрылыс, экономика және дін секілді бірқатар әлеуметтік құры-
лымдарды зерттейді. Гидденс әлеуметтану әдебиетінде кездесетін құры лым-
ның ешбір басқа анықтамасына сәйкес келмейтін ерекше анықтамасын ұсы-
нады (ережелер мен мүмкіндіктердің рекурсивті ұйымдастырылған жинақ-
тары) (Layder, 1985). Алайда оның жүйелерге ұдайы өндірі летін әлеуметтік
тәжірибелер ретінде берген анықтамасы көптеген әлеуметтанушылардың
«құрылым» деген мағынасына өте жақын. Құрылымды зерттеушілердің өз
арасындағы айырмашылықтармен бірге, бұл теорияшылар мен басқа лардың
арасында да өзгешеліктер болады.
Құрылым мен агенттікті біріктіру әрекеті әртүрлі теориялық позиция-
лардан жасалып жатыр. Мысалы, әлеуметтік теория аясында Гидденс фе-
номенология, экзистенциализм және этнометодологияға, ал жалпы тұрғыда
жаңа лингвистикалық структурализм, семиотика және герменевтикаға қара-
ғанда функционализм мен структурализмге айрықша шабытпен ден қойған-
дай болып көрінеді (Archer, 1982). Бурдье субъективизм мен объективизмге
қанағат етерлік баламаны антропологиялық теориядан табуға тырысады.
Хабермас Маркс, Веберден, сыни теорияшылар, Дюркгейм, Мид, Шюц және
Парсонстан алынған идеяларды жинақтауға ұмтылады.
Еуропада агенттік немесе құрылымдық бағытқа қатысты шиеленіс байқа-
лады. Әрине, Бурдье көбінесе құрылымға қарай бет бұрады, ал Гидденс осы
жанрдағы басқа теорияшыларға қарағанда әлдеқайда тегеурінді (Layder,
1985:131). Агенттік пен құрылым бағытындағы қиындықтарға қарамастан,
америкалық микро-макрожұмыстармен салыстырғандағы, еуропа лық жұ-
мыстарға тән ерекшілік – осы екі ұғымды бөлуден және оларды диалекти-
калық (мысалы, Бурдье, Гидденс, Хабермас) түрде қарастырудан бас тарту
қажеттілігі. Америкалық микро-макротуындыларында агенттік пен құры-
лымды диалектикалық тұрғыдан қарастырудың еуропалық әрекеттерімен
қатар, Ритцер микро-макроинтеграцияны және объективті-субъективті кон-
тинуумдарды диалектикалық шеңберде қамтуға тырысады.
Дайетц пен Бернс (1992) агенттік пен құрылымға бұрынғы жұмыстардың
күшті және әлсіз жақтарын көрсететін тәсілді қолдануға талпынып көрді.
Агенттіктің әлеуметтік акторға тіркелуі үшін төрт шарт орындалуы қажет.
Біріншіден, актор билікке ие болуы тиіс; ол өзгерістерді жүзеге асыруға қа-
білетті болуы қажет. Екіншіден, агентпен жасалатын әрекеттер мақсатқа
бағытталған сипатта болуы керек. Үшіншіден, актор белгілі бір таңдауға,
573
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
іс-әрекеттердің біршама еркіндігіне ие болуы қажет. Нәтижесінде бақылау-
шылар акторлардың әрекеттеріне қатысты тек ықтималды мәлімдеме жасай
алады. Ақыры, агенттер өз әрекеттерін рефлекстеп, олардың нәтижелерін
қадағалап және осы білімді іс-әрекеттің негіздерін өзгерту мақсатында қол-
дануы тиіс. Жалпы алғанда, қызмет континуум түрінде қарастырылады; бар-
лық актор белгілі бір дәрежеде агенттікке қатысады және ешбір актордың
агенттігі толықтай еркін, ешқандай шектеусіз бола алмайды.
Дайетц пен Бернстың айтуынша, теңдеудің басқа құрылымдық бөлігі
агенттікті шектеу. Біріншіден, тіпті егер агент белгілі бір әрекеттерге ниет-
тенсе де, олар қандай да бір технологиялық және физикалық себеп салда-
рынан іске аспауы әбден ықтимал. Екіншіден, құрылым (әсіресе ережелер)
белгілі бір әрекеттерді қажет етсе, басқа әрекеттердің мүмкіндігін жоққа
шығарады. Нәтижесінде оның қызметі позитивті де, негативті де санкция-
лаушы билігі бар басқа агенттердің тарапынан шектеліп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |