Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет407/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   596
Модернизм және интимдік
Гидденс осы тақырыптардың көпшілігін The Transformation of Intimacy («Ин-
тимдік трансформациясы») (1992) еңбегінде көтереді. Бұл жұмыста ол жа-
қындықтың қазіргі уақыттағы өзгерістеріне назар аударады. Гидденс заманауи 
әлем туралы ой-пікірінің маңызды бір тұжырымдамасы – таза қатынастар 
туралы былай түйіндейді: «Әр адамның басқа адаммен жасайтын тұрақты 
қарым-қатынасының әлеуметтік қаты настарда оның өзі үшін жасалуын көр-
сететін ситуацияға алып келетінін және екі тараптың әрқайсысына бұл қаты-
настарды жалғастыру одан жеткілікті қана ғат алуды қамтамасыз ету үшін ғана 
жалғасатынын көрсетеді» (Giddens, 1992:58). Шынайы сезімге негізделген 
қарым-қатынас теңдік тұрғысы нан жы ныстық – эмоциялы қарым-қатынасты 
сипаттайды. Ішкі қарым-қаты настардың демократияландырылуы тұтасымен 
жеке тұлғалық қатынастардың ғана емес, макроинституттық тәртіпті демокра-
тияландыруға әкелуі мүмкін. Әйелдер («заманауи эмоциялық революционер-
лер» [Giddens, 1992:130]) бастаманы қолға алған және ерлер «артта қалған» 
кездегі жақын қарым-қатынастар сипатының өзгеруінің жалпы қоғам үшін ре-
волюциялық салдары бар.
Модерн әлемінде интимдік пен сексуалдық (және басқалары да) секвестр-
лендірілген. Дегенмен олардың дәстүрлі қоғамдарда өзара жақындықтан ма-
ғыналық тұрғыда алшақтатылғанына қарамастан, бұл да репрессияның түрі 
болып табылады. Нәзік қарым-қатынас жасау үшін рефлексиялық күш-жігер 
моральдық және этикалық мәселелерден бөлек контексте жүзеге асырылуы ке-
рек. Дегенмен бұл заманауи шараның қысымға ұшырауы адамдардың, әсіресе 
әйелдердің өзін-өзі және басқаларды рефлексивті қалыптастыруға тырысуымен 
байланысты. Осылайша, Гидденс сексуалдық тұрғыдан еркіндік алуға немесе 
плюрализмге қатысты емес, керісінше, жыныстық қарым-қатынастарда қазірдің 
өзінде жақсы жүріп жатқандай көрінетін маңызды этикалық және адамгершілік 
өзгерістерге қатысты пікір таластырады.


588
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
«Бізге одан әрі өріс алатын эмансипация бағдарламасы үшін саяси рево-
люцияларды күтудің қажеті жоқ және мұндай революция ештеңеге кө-
мектеспейді де. Революциялық процестер қазірдің өзінде жеке өмірдің 
инфрақұрылымында жақсы жүріп жатыр. Интимдік қысымның трансфор-
мациясы пси хикалық, сондай-ақ әлеуметтік өзгерістерге және «төменнен 
жоғарыға» ауысып жатқан осындай өзгерістерге басқа көпшілік, инсти-
туттар ар қылы потенциалды түрде тармақталуы мүмкін. Сексуалдық 
эмансипация, менің ойымша, қоғамдық өмірдің кең ауқымды эмоциялық 
қайта ұйымдастырылуының құралы болуы ықтимал».
(Giddens, 1992:181–182)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет