Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет408/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   596
Қоғамдағы тәуекелдер
Біз Гидденстің жұмысындағы қазіргі заманға байланысты тәуекелдер туралы 
мәселені қозғадық. Оның айтуынша,
«Модернизм – тәуекел мәдениеті қалыптасқан кезең. Меніңше, бұл әлеу-
меттік өмір өзінің табиғаты бойынша бұрынғыға қарағанда анағұр лым 
қауіпті; көптеген адамдар үшін бұл олай емес. Керісінше, тәуекел тұжы-
рымдамасы әлеуметтік әлемді ұйымдастырушы акторлар мен техникалық 
мамандар үшін түбегейлі ұғымға айналуда. Қазіргі заман өмірдің белгілі 
бір жақтары мен тәсілдерінің жалпы қаупін азайтады, сонымен бірге бұ-
рынғы кезеңдерде белгілі бір деңгейде немесе толық белгісіз жаңа тәуе-
келдер өлшемін енгізеді».
(Giddens, 1991:3–4)
Сондықтан Гидденс (1991:28) осы бөлімде талқыланатын жұмыс туралы 
тезисті «неғұрлым дәл» бейнелейді: Ulrich Beck’s Risk Society: Towards a New 
Modernity (1992; Bora, 2007; Bronner, 1995; Then, 2007; Wilkinson, 2011).
Бұл пікірталас тұрғысынан Бек жұмысының субтитрі өте маңызды. Өйт-
кені Бек те, Гидденс сияқты, постмодерн дәуіріне ауысқанымыз туралы тү-
сі нік ті жоққа шығарады. Бектің пікірінше, модернизмнің жаңа түрінде өмір
сүруді жалғастырып отырмыз. Оның алдыңғы «классикалық» кезеңі өнеркә-
сіптік қоғаммен байланысты болса, онда жаңа заманауи қоғам мен оның тех-
нологиялары тәуекел қоғамымен байланысты (N. Clark, 1997). Біз әлі тәуекел 
қоғамы деңгейіне жетпесек те, индустриалдық қоғамда ғана өмір сүріп жатқан 
жоқпыз, яғни қазіргі әлемде екеуінің де элементтері бар. Шын мәнінде, тәуекел 
қоғамын индустриялық қоғамның бір түрі ретінде қарастыруға болады, себебі 
бұл тәуекелдердің көбі өнеркәсіпке тән. Бек оның келешегіне қатысты төменде-
гі шолуларды ұсынады:
«Жаңғыру ХІХ ғасырда феодалдық қоғамның құрылымын бұзып, индус-
триал дық қоғамды қалыптастырғаны сияқты, бүгінде жаңғыру индус-
триалдық қоғамды ығыстырып, соның нәтижесінде тағы да бір заманауи 
қо ғам пайда болды... Бұл кітаптың тезисі: біз – модернизмнің аяқталуы-
ның емес, модернизмнің, яғни оның классикалық өнеркәсіптік дизайны-
ның шегінен шығатын модернизмнің басталуының куәгерлеріміз».
(Beck, 1992:10)


589
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Содан кейін «осы жаңа заман деген не? Ал онымен бірге ілесіп жүретін тәуе-
кел қоғамы қандай?» деген сұрақ туындайды.
Бек жаңаны және жаңадан пайда болып келе жатқан форманы рефлексив-
ті модернизм дейді (Zinn, 2007а). Батыста индивидуализация процесі жүруде. 
Яғни агенттер құрылымдық шектеулерден неғұрлым еркін болса, нәтижесінде 
рефлексивті түрде өздерін ғана емес, сонымен қатар өздері өмір сүріп отырған 
қоғамды да жасауға соғұрлым қабілеттірек болып отыр. Мысалы, таптық ситуа-
цияны анықтаудың орнына, адамдар азды-көпті дербес әрекет етеді. Өз құқығы 
өзіне берілген адамдар рефлексивті болуға мәжбүр болды. Бек осындай әлем-
дегі әлеуметтік қарым-қатынастар мысалында рефлексивтіктің маңыздылығын 
көрсетіп, «жаңадан құрылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен әлеуметтік же-
лілер қазір жеке-дара таңдалуы керек; әлеуметтік байланыстар рефлексивті си-
патқа ие болғандықтан, бекітіліп, қолдауға ие болып, жеке адамдар арқылы ылғи 
жаңарып отырады» (1992:97) дейді.
Бек модерн заманындағы және классикалық индустриалдық қоғамнан, ин-
дустриялық қоғамның көптеген сипаттамаларын өз бойында сақтаған, соған 
қарамастан, өзінің алдыңғы ізашарынан айырмашылығы бар тәуекел қоғамға 
өтудегі үзілісті көреді. Классикалық модерн заманының басты мәселесі – бай-
лық және оны барынша біркелкі етіп қалай бөлуге болатыны. Озық модерндік 
қоғамдағы басты мәселе – тәуекел және оны қалайша болдырмау, азайту не-
месе бағыттау мәселесі. Классикалық модерн заманында идеал теңдік болса, 
озық модерн заманында – қауіпсіздік мәселесі. Классикалық модерн заманын-
дағы адамдар теңдіктің жағымды мақсаттарын іздеу арқылы ынтымақтастық-
қа қол жеткізсе, озық модерн заманында осы ынтымақтастыққа қол жеткізу, 
негізінен, негативті және қауіптерден құтылу үшін қорғану мақсатында жүзеге 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет