Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет403/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   596
Ескертпелер


ІII БӨЛІМ
Модерндік 
теориядан
постмодерндік 
әлеуметтік теорияға 
дейін (және одан 
кейінгілер)


14
Модернизмнің заманауи 
теориялары


579
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Модернизмнің классикалық теорияшылары
Модернизмнің қуатты күші 
Қоғамдағы тәуекелдер 
Холокост және икемді модернизм
Модернизмнің аяқталмаған жобасы
Өзіндік мән, қоғам және дін
Ақпараттандыру және желілік қоғам
Тарау мазмұны
Ә
леуметтануда қазіргі қоғамды модерн әлемі деп қабылдаушылар мен соң-
ғы уақытта маңызды өзгерістерге толы жаңа, постмодерндік әлемге өттік 
деушілердің арасында толассыз пікірталас жүріп жатыр. 14–17-тараулар 
осы екі
теориялық тұжырымға арналды. Біз бұл тарауларда ғалымдардың әлем-
ді қазіргі жағдайлар және түсініктермен байланыстыратын еңбектерімен таны-
самыз. 17-тарауда бірқатар постмодерн теорияшыларының неғұрлым маңызды-
рақ идеяларына шолу жасалған.
Модернизмнің классикалық теорияшылары
Классикалық әлеуметтанушылардың басым көпшілігі модернизм қоғамын тал-
даумен де, сынаумен де қабат айналысып келеді. Мұндай күрделі пайымдаулар 
Маркс, Вебер, Дюркгейм және Зиммель тәрізді ғалымдардың еңбектерінде айқын 
көрініс тапты. Олардың барлығы қазіргі заманның пайда болуы мен үстемдік құ-
руы төңірегінде ой толғады. Төрт ғалым да еңбектерін сол кезеңде жүзеге асқан 
құбылыстарды сынау арқылы жандандырып қана қоймай, оның артықшылығы 
туралы да жақсы жазды.
Әрине, Маркс үшін модернизм капиталистік экономикамен байланысты 
болды. Ол феодализмнен капитализмге өтудің табысты болғанын мойындады. 
Алайда өз еңбегінде осы экономикалық жүйені және оның бұрмаланғанын сы-
наумен шектелді.
Вебер үшін қазіргі әлемнің өзекті мәселесі формалдық рационалдықты 
рационалдықтың басқа типтері арқылы кеңейту, соның нәтижесінде рацио-
налдықтың темір торын айқындап көрсету болды. Осы темір торға қамалған 
адамдар, өздерінің тұлғалық қарым-қабілеттерін толық ашып көрсете алма-
ды. Вебер, мысалы, бюрократияның бұдан ертеректегі ұйымдастыру фор-
маларына қарағанда алға басудағы артықшылығын түсініп, бәрінен бұрын 
рационалдықпен байланысты мәселелерге айырықша көңіл аударды.
Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, модерн заманы шынайы ынтымақтастық-
пен және ұжымдық сананың әлсіреуімен сипатталды. Шынайы ынтымақтастық 
еркіндік пен өнімділік әкелгенімен, бірқатар шешімі жоқ мәселелерді қалыптас-


580
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тырды. Мысалы, моральдың мұндай жаппай әлсіреуінен адамдар өздерінің мақ-
сат-бағдарынан жаңылдық. Басқаша айтқанда, аномиядан зардап шекті.
Классикалық теорияшылардың төртіншісі Георг Зиммельді көп жағдайда 
модернист (Frisby, 1992) және постмодернист (Jaworski, 1997; Weinstein and 
Weinstein, 1993) ретінде егжей-тегжейлі қарастыруға болады. Ғалымның зерт-
теулері екі категорияға да жататын болғандықтан, осы тарау мен 17-тарау өзара 
байланысты. Осы тарауда Зиммельді модернист ретінде қарастыратын болсақ, 
17-тарауда еңбектерін постмодернист ретінде талдаймыз.
Д. Фрисбидің көзқарасынша, «Зиммель – қазіргі заманның бірінші әлеумет-
танушысы» (1992, 59). Зиммель қазіргі заманды екі негізгі фактор – қала және 
ақша экономикасымен өзара байланыста қарастырады. Қазіргі заманда халық 
қалаға тығыз шоғырланып, экономикасы күшейетін болса, онда ақша айналымы 
да кеңейеді (Frisby, 1992, 69).
Погги (1993) модернизм заманы мәселелерін ақшаға, негізінен, Зиммель-
дің The Philosophy of Money («Ақша философиясы») еңбегіне ([1907] 1978) 
байланысты қозғайды. Оның байқауынша, мұнда бүгінгі заманға қатысты үш 
көзқарас байқалады. Біріншіден, қазіргі заман адамдарға бірқатар артықшы-
лықтар беріп, постмодерндік қоғамда айтып жеткізе алмастай болып, ашыл-
май қалатын және басып тасталатын түрлі мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай 
жасайды. Сондықтан Зиммель осы заманды «сауатты, көзі ашық» қоғам өмір 
сүретін кезең ретінде бағалайды (Poggi, 1993:165). Екіншіден, ақшаның қазіргі 
қоғамға тигізетін зор әсері туралы ой қозғайды. Соңында, Зиммель ақшаның 
қазіргі қоғамға тигізетін жағымсыз әсеріне, әсіресе адамдар арасын алшақта-
татын факторға ерекше тоқталады. Бұл мәселе бізді тұтасымен Зиммельдің 
әлеуметтану теориясындағы, сонымен қатар оның қазіргі заманғы әлеуметта-
нуындағы басты сұраққа: объективті және субъективті мәдениет арасындағы 
алшақтықтың ұлғаюы арқылы көрінетін «мәдениет қасіретіне» немесе, Зим-
мель айтқандай, индивидуалдық мәдениеттің азаюына және объективті мәде-
ниеттің ұлғаюына алып келеді (Frisby, 1992:69).
Фрисбидің көзқарасы бойынша, Зиммель қазіргі қоғамның «тәжірибесіне» 
аса мән берді. Оның басты элементтері: уақыт, кеңістік және контингенттік се-
бептер – осы тарауда талқыланатын қазіргі уақыттың бірқатар заманауи теория-
ларының орталық аспектілері.
«Модернизм заманы тәжірибесін Зиммель қас қағым сәт және қатысу 
сезімі өзара келісім табатын үзілмелі, өтпелі уақыт ретінде қарастырады; 
кеңістік – арақашықтық пен жақындықтың диалектикасы іспетті және се-
беп – шартты, еркін және кенеттен болатын тәрізді». 
(Frisby, 1992:163–164)
Дегенмен Зиммельді постмодернист ретінде қарастыруға болады. 17-та-
рауда басқа классикалық теорияшылардың арасында оның постмодернистерге 
көбірек жақын екеніне көз жеткіземіз. Дерек, әрине, дерек болып қала береді, 
сондықтан біз мұны модернист ретінде де жоққа шығармаймыз. Зиммель басты 
назарда ұстаған қала мен ақша экономикасы – модернизмнің негізі. Сол себепті 
Зиммель, Маркс, Вебер және Дюркгеймді қазіргі заман әлеуметтануын жасаған 
теорияшылар деп таныған дұрыс. 1920 жылға қарай аталған ғалымдар өмірден 
өткен еді. Біз, XXI ғасырға аяқ басқан ұрпақ, олардың көзқарасымен және таны-
мы бөлек әлемде ғұмыр кешкенімен санасуымыз керек.


581
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Бұдан постмодернизм нақты 1920 жылдан бастау алады деген шешімге кел-
меуіміз керек. «Әлемде сол уақытта болған өзгерістер модернмен салыстырған-
да қалай жүрді, оны жаңа ұғым – постмодернмен бейнелеген дұрыс па?» деген 
сұрақ туындайды. Осы және 17-тарауда аталған мәселелер талқыланады.
Сондай-ақ әлемді түрлі таныммен қабылдайтын, оны модерн заманы деп бей-
нелейтін бірқатар бүгінгі теорияшылардың ойларын (басқа да ғалымдардың [for 
example, Lefebvre, [1962] 1995; Touraine, 1995; P. Wagner, 1994; E. Wood, 1997] 
еңбектерін ашып жазуға кітап көлемі көтермейді) қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет