636
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
түрлі капиталдар мен активтердің құрылымы тұрғысынан ұйымдастырылған,
солардың ішіндегі ең бастысы – нәсілдік капитал» (Emirbayer and Desmond,
2015:88). Нәсілдік капиталы барлар нәсілдік өрісті анықтай алады. Амери-
калық нәсіл өрісінде еуропаның ақ нәсілді халқы ең көп капиталға ие және
осылайша Құрама Штаттарда нәсілге бөлінушілік адамдардың салыстырма-
лы құндылығы мен еңбегін анықтай алады.
Шын мәнінде, нәсілдік өріс басқа
өрістерді ұйымдастыруға әсер ету мүмкіндігіне ие. Мысалы, Эмирбайер мен
Десмонд нәсілдік өріс мәдениет өрісін қалай қалыптастыратынын сипаттай-
ды: «Бұл ақ нәсілділерге тиесілі нәсілдік капитал қара нәсілділерге қараған-
да жоғары немесе классикалық (яғни, негізінен, австрогермандық) музыканы
джазға қарағанда жоғары өнер формасы ретінде қарастыруға мәжбүр етеді»
(2015:88). Бурдьенің пайымдауынша, қоғам бір-бірімен өзара әрекеттесетін
әртүрлі өрістердің айналасында шоғырланған.
Осылайша, Эмирбайер мен
Десмонд үшін нәсіл әртүрлі нәсілдік өрістер арқылы шоғырланады. Мысалы,
сол өрістердің түрі мынадай: жаһандық нәсілдік өріс (Emirbayer and Desmond,
2015:83), ұлттық нәсілдік өрістер (2015:83), ақтар өрісі (2015:250), қаралар
өрісі (2015:95), үнділік өріс (2015:111). Тағы да осы өрістердің әр мүшесіне
қолжетімді түрлі позицияны, позицияларға сай билікті атауға болады. Олар
Құрама Штаттардағы қаралар өрісін талқылайды. Оның мүшелері осы өрісте
саяси-экономикалық және, өздері атағандай, «қара капитал» иелену арқылы
орналасады. Кондо лиза Райс (Джордж Буш әкімшілігінің
мемлекеттік хат-
шысы), мысалы, «саяси немесе экономикалық капиталдың көп мөлшеріне
ие, бірақ қара капиталдың аз көлеміне ие». Қара Пантера мүшелері немесе
гангстер рэперлері «аз эконо микалық немесе саяси капиталға ие, есесіне қара
капиталдың үлкен көлеміне» иелік етеді (2015:95–96).
Эмирбайер мен Десмонд сондай-ақ мәдени және ұжымдық-эмоциялы құ-
рылымдар нәсілдік өрістерді қалай ұйымдастыратынын талқылайды. Мәдени
құрылымдар – қоғамдық өмірді ұйымдастыратын «символикалық күштер мен
биліктер» (2015:98). Бұлар – Оми мен Уинанттың (2015)
өздерінің нәсілдің
қалыптасу теориясының өзегіне айналған әлеуметтік мағыналық жүйелердің
эквиваленті. Басқаша айтқанда, ұжымдық-эмоциялық құрылым тұжырымда-
масы салыстырмалы түрде жаңа. Көптеген нәсілдік теория танымдық/сим-
волдық жіктеу жүйелерін талдауға бағытталған. Осылайша, ол нәсілге қатыс-
ты сезімдердің әлеуметтік құрылымын талдамаған. Дюркгеймнің әлеумет-
тануына және Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық теориясына сүйенген
Эмирбайер мен Десмонд «топ мүшелері эмоциялық сезімдерді,
соның ішінде
таңдану, құрметтеу, жек көру және ашу-ызаға толы қиялдарды бөліседі» дей-
ді. Бұл ұжымдық эмоцияларда нәсілшілдікті тудыратын символдық/таным-
дық жүйелерге тәуелсіз логика мен күш бар. Олар топтық ынтымақтастықтың
негізін қамтамасыз етеді (мысалы, нақты нәсілшіл топқа жату сезімі), бірақ
сонымен қатар олар қатал нәсілдік кемсітушілікті қоздыруы мүмкін. Амери-
калық нәсілдік өріс құрылымында үстем полюстің басында тұрған адамдар
(ақтар) әсіресе өздерінің қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда «қауіпсіздікке
және айрықша құқыққа» ие болады, сондай-ақ «ұялу мен ашу-ыза» сезімдерін
де көрсетеді (Emirbayer and Desmond, 2015:120). Үстемдік
полюсінде қарама-
қайшы, «үміт және үмітсіздік, оптимизм және апатия» сезімдері қамтылады
(2015:121).