Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет447/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   596
Тарау мазмұны
С
оңғы жылдары жаһандану секілді бірде-бір тақырып дәл осынша таны-
малдыққа ие болмаған шығар, ол академиялық назардан да тыс қалған 
жоқ (Жаһандану туралы білімге кең көлемді шолу жасау үшін Джордж 
Ритцердің [2012b] редакторлығымен жарық көрген бес томдық Encyclopedia of 
Globalization («Жаһандану энциклопедиясын») қараңыз). Академиялық қызы-
ғушылық, негізінен, жаһанданудың төтенше қоғамдық маңызы мен оған алаң-
даушылыққа негізделген. Дегенмен академиялық әлемдегі ішкі себептер (мы-
салы, қазір жаһандану деп аталатын құбылысқа қатысты ерте және біржақты 
көзқарастарға деген реакциялар) осы тақырыпқа деген ынтаны арттырды. Осы 
тарауда және кітаптың басқа тарауларында қарастырылған әлеуметтік теория-
шылардың қай-қайсысы да жаһандану мәселесіне назар аудару үрдісінен тыс 
қалмады. Осы тақырып бойынша, әлеуметтік теорияшылардың кең көлемді жұ-
мысын толық талқылау мен жаһандану жөніндегі бүкіл әдебиеттерге шолу жа-
сау бұл тараудың ауқымынан асады. Төменде жаһандану жөніндегі ең маңызды 
теориялық жұмыстардың кейбіреуіне қысқаша шолу жасалады.
Жаһандану – бүкіл дүниежүзілік тәжірибелердің, қарым-қатынастардың, 
сананың және қоғамдық өмір құрылымдарының жалпыға ортақ таралуы. Ша-
мамен әрбір ұлт пен дүние жүзіндегі миллиардтаған адамдардың өмірі көп 
жағдайда жаһандану арқылы айтарлықтай жақсы жаққа өзгереді. Оның әсе-
рі мен маңызын Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) және Халықаралық Ва-
люта Қоры (ХВҚ) сияқты жаһандық ұйымдардың жоғары деңгейдегі жи-
на лыстарымен бірге жүретін қазіргі кездегі ортақ наразылықтардан айқын 
көруге болады (G. Thomas, 2007). Осы ұйымдардың алдында тұрған мәселе-
лердің ауқымы мен осы ұйымдарға қарсы наразылықтан бүкіл адамзат өзі-
нің маңызды ұлы кезеңге тап болғанын айқын сезінеді. Жаһандану теориясы
(W. Robinson, 2007) сонымен бірге әлеуметтік теорияға тән бірқатар жаңалық-
тардың, әсіресе модернизация теориясы сияқты бұрынғы перспективаларға қар-
сы реакцияның нәтижесінде пайда болды. Бұл теорияның ерекшелігінің бірі – 
оның батыстық бағытта болуы, Батыста болған оқиғаларға көңіл бөлудің басым-
дығы, сондай-ақ әлемнің қалған бөлігінің Батысқа одан бетер ұқсаудан басқа 
таңдауының жоқ болуы. Жаһандану теориясының көптеген нұсқалары болса да, 
олардың барлығында дерлік Батысқа (оның ішінде әсіресе Құрама Штаттарға) 


650
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
басты назар аударудан кенеттен бас тарту үрдісі бар және көптеген бағыттар 
бойынша жүріп жатқан трансұлттық процестерді ғана емес, сонымен қатар кез 
келген ұлттың немесе әлемнің аймағынан белгілі бір дәрежеде автономды және 
тәуелсіз процестерді қарастыру үрдісі бар (Аппадураи жұмысының төмендегі 
талқылауын қараңыз).
Жаһандану мәдени экономикалық, саяси және институттық тұрғыдан тал-
дануы мүмкін. Талдаудың әрбір түрі үшін негізгі айырмашылық гомо генділік 
немесе гетерогенділік тұрғысынан көрінеді. Мәдениеттің жаһандануы шектен 
тыс жағдайда жалпы кодтар мен практиканың трансұлттық кеңеюі (гомогендік) 
немесе әртүрлі мәдени гибридтер (гетерогендік) жасау үшін көптеген жаһан-
дық және жергілікті мәдени ресурстардың өзара әрекеттесетін процесі ретін-
де қарастырылуы мүмкін. Гомогендікке бағытталған процесс көбінесе мәдени 
империализммен, белгілі бір мәдениеттің басқа да мәдениеттерге әсер етуімен 
байланысты. Мәдени империализмнің көптеген түрлеріне, соның ішін де аме-
рикалық мәдениеттің, Батыстың немесе негізгі елдердің рөліне ерекше көңіл 
аударғандар бар (L. Crothers, 2010; de Grazia, 2005). Алайда Роланд Робертсон 
(1992, 2001) басқа адамдар арасында мәдени империализм терминін пайдалан-
баса да, бұл идеяға қарсы шығады. Оның танымал глокализация тұжырымда-
масы (төменде қараңыз) жаһандық мәдениет пен жергілікті мәде ниеттің өзара 
ықпалдасуы нәтижесінде пайда болатын бірегей глокалды (glocal) құбылысты 
талдайды.
Экономикалық факторларға назар аударатын теорияшылар олардың әлем-
дегі өсіп келе жатқан маңызы мен біртектілендіретін әсеріне назар аударады. 
Олар жаһандануды неолиберализмнің, капитализмнің және нарықтық эко-
номи каның (Antonio, 2007) әлемнің көптеген өңірлерінде таралуы деп ұғын-
дырады. Мысалы, кейбіреулер жаһандануға және сауданың кеңеюіне баса на-
зар аударды. Нобель сыйлығының лауреаты, экономист және Экономикалық 
кеңесшілер кеңесінің бұрынғы төрағасы Джозеф Стиглиц (2002) жаһандық 
экономикалық дағдарыстардың алдын алудың орнына, оны өршіткені үшін 
Дүниежүзілік банкке, ДСҰ-ға және әсіресе ХВҚ-ға қатты шүйлікті. Бұдан
бөлек, Стиглиц ХВҚ-ны ұлттық келіспеушіліктерді ескермейтін біртұтас, 
«барлығы үшін бір өлшем» деген біртектілік тәсілі үшін сынға алды. Әсіресе
ХВҚ және жалпылама жаһандану бай мемлекеттердің, әсіресе Құрама Штат-
тардың (ХВҚ шешімдеріне қарсы вето қоюға құқылы) пайдасына жұмыс істеді, 
кедей елдер зиян шекті. Жаһанданудың нәтижесінде байлар мен кедейлер арасы 
бұрынғыдан да алшақтай түсті.
Экономикалық мәселелерге баса назар аударатындар біртектілікті ерекше 
атап өтуге тырысса да, кейбір дифференциация (гетерогенділік) кем дегенде 
әлемдік экономика шектерінде өмір сүруді жалғастыра береді деп танылды. 
Шынында да, Стиглиц ХВҚ және басқа да жаһандық экономикалық ұйымдар 
тарапынан сараланған саясат қажет деп тұжырымдайды. Экономикалық са-
ладағы гетерогендіктің басқа формалары, мысалы, жергілікті мәдениеттерді 
тауарландыру және көптеген өнімдерді жергілікті қажеттіліктерге қарай икемді 
мамандандыру түрлерін қамтиды. Тұтастай алғанда, гетерогендікке баса назар 
аударатындар (Tomlinson, 1999) жаһандық пен жергілікті нарықтардың өзара 
әрекеттесуі – жаһандық нарықтың талаптарын жергілікті нарықтың шы найы-
лығымен біріктіретін бірегей «глокалды» ерекше нарықтың құ рылуына әкеледі 
деп есептейді.


651
16-тарау

Жаһандану теориясы
Саяси институттық бағыттарда біртектілік немесе әртектілікті ерекше атап 
көрсетеді. Мысалы, осы салада біртектілеу перспективасымен жұмыс істей-
тіндердің кейбірі ұлттық мемлекет үлгілерінің бүкіл дүние жүзіне таралуына 
және бүкіл әлем бойынша басқарудың ұқсас формаларының пайда болуына, 
яғни, басқаша айтқанда, әлемдегі басқарудың бірыңғай үлгісінің өсуіне барын-
ша назар аударады (Meyer, Boli, and Ramirez, 1997). Кеңірек айтқанда, көпте-
ген мекемелерде гомогенизацияның ұлғаюы алаңдаушылық тудырады (Boli and 
Lechner, 2005). Алда көретініміздей, кейбіреулер «трансұлттық институттар 
мен ұйымдардың өсуі ұлттық мемлекеттің және басқа да жергілікті, әлеу мет-
тік құрылымдардың әлеует-ықпалын елеулі түрде азайтып, адамдардың өмірін 
өзгертуге мүмкіндік береді» дейді. Саяси саладағы гомогенизацияның ең тосын 
көзқарастарының бірі – Бенджамин Барбердің (1995) «McWorld» туралы ойы 
немесе бүкіл әлем бойынша кеңінен таралған бірыңғай саяси
1
бағдардың өсуі.
Бір қызығы, Барбер балама көзқарас ретінде, «джихад», яғни жергілікті, эт-
никалық және реакциялық саяси күштердің (соның ішінде «шеттетілген мем-
лекеттер») ұлтшылдықты күшейтуді және бүкіл әлемде саяси гетерогендіктің 
артуына әкелетін идеяны қалыптастырады. Мак әлем (McWorld) мен Джихад-
тың жергілікті деңгейдегі өзара әрекеттесуі біріншісінің элементтерін (мысалы, 
жақтаушыларын тарту үшін интернетті пайдалану) және соңғысының (мысалы, 
дәстүрлі идеяларды және риториканы пайдалану) элементтерін біріктіретін бі-
регей, глокалды саяси құрылымдар жасауға мүмкіндік береді.
Гомогенизация/гетерогенизация мәселесі жаһандану теориясының басым 
бөлігін қамтиды, бірақ оның жан-жақты, толық емес екені анық. Бұл жа һан-
данудың негізгі теорияларының келесі талқылауында айқын көрінеді, Барбер
гомогенизация, гетерогенизацияны әртүрлі жолдармен талдай отырып, жаһан-
дану теорияларының бірқатар басқа қырларын да анықтайды. Бұл пікірталас 
төрт бөлімнен тұрады. Біріншіден, осы кітапта кездесетін кейбір қазіргі ірі тео-
рияшылардың (Гидденс, Бек және Бауман) жаһандану перспективаларын қа-
растырамыз. Содан кейін теориялық, жаһанданудың жоғарыда аталған ауқымды 
үш категориясына жүгінеміз: мәдени, экономикалық және саяси/институттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет