Алеуметтану тероиясы indb


Ульрих Бек: Жаһандану саясаты және космополитизм



Pdf көрінісі
бет449/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   596
Ульрих Бек: Жаһандану саясаты және космополитизм
Біз осы мәселе жөнінде Бектің (2000) пікірінің мәніне оның глобализм мен жа-
һандық арасындағы айырмашылықты талқылауы арқылы жетеміз. Глобализм – 
дүние жүзіндегі экономиканың үстемдігі, сондай-ақ капиталистік әлемдік на-
рықтың гегемониясы мен оның негізін қалай тын неолибералды идеологияның 
пайда болуына куә болып отырғанымыз туралы көзқарас. Бектің пікірінше, бұл 
көзқарас бір себептік және бір бағытта ойлауды қамтиды. Әлемдік дамудың көп 
өлшемділігі – экология, саясат, мәдениет және азаматтық қоғам – тек бір эконо-
микалық өлшемге қате түсірілген. Бұл қате экономикалық өлшемнің әлемдік на-
рыққа тәуелділігі үнемі бір бағытта артып келеді. Әрине, Бек әлемді әлдеқайда 
көп өлшемді және көп бағытты терминдермен талдайды. Бұған қоса, капиталистік 
әлемдік нарыққа қатысты мәселелерге, соның ішінде еркін саудаға кедергі келті-
ретін әртүрлі кедергілер бар екеніне және осы әлемдік нарықта жеңімпаздар ғана 
емес, сонымен қатар ұтылғандар да бар екеніне аса ықтият қарайды.
Бек глобализмге қатысты көзқарасты сынға алса да, жаһандық идеясы-
нан үлкен құндылық көреді, бұл жабық кеңістіктер әсіресе күннен-күнге 
бұлдыр сағымға айналып бара жатқан ұлттармен байланысты. Олар әртүр-
лі дәрежедегі билікке ие трансұлттық субъектілер қатысатын жаһанданудың
салдарынан жұтылып барады. Бұл трансұлттық процестер жай экономика ғана 
емес, сонымен қатар экология, мәдениет, саясат және азаматтық қоғамды қам ти-
ды. Мұндай процестер ұлттық шекаралардан өтеді. Енді ештеңе жергілікті жер-
мен шектелмейді. 14-тарауда талқыланғандай, жергілікті деңгейдегі жетістіктер 
мен апаттар, соның ішінде тәуекелдер (Beck, 2007) бүкіл әлемге әсер етеді.
Трансұлттық процестер бұрыннан болған; соған қарамастан, жаһандану кем 
дегенде үш себепке байланысты жаңа болып саналады. Біріншіден, оның геогра-
фиялық кеңістіктегі әсері бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауқымды. Екінші-
ден, оның уақытқа әсері әлдеқайда тұрақты; ол бір уақыттан екін шісіне әсерін


653
16-тарау

Жаһандану теориясы
жалғастырады. Үшіншіден, әртүрлі элементтермен, оның ішінде трансұлттық 
қатынастармен және желілермен байланысы бар. Бек сонымен бірге трансұлт-
тық процестің бұрынғы көріністерімен салыстырғанда жаһандықтың басқа да 
көптеген ерекшеліктерін атап көрсетеді:
1. Ұлттық шекаралар арасындағы өзара әрекет пен күнделікті өмір қарым-
қатынасы терең қамтылған. 
2. Бұқаралық ақпарат құралдары, тұтыну және туризм сияқты салалар осын-
дай трансұлттық қатынас тұрғысында өрістейді.
3. Қоғамдастық, еңбек және капитал әлдеқайда орынсыз.
4. Жаһандық экологиялық апаттардың алдын алу және олармен күресу үшін 
қабылданатын шараларды бірлесе шешу жауапкершілігі артып келеді.
5. Біздің трансмәдени өміріміздің өзгелерді қабылдау аясы кеңейіп келеді.
6. Жаһандық мәдениет индустриялары бұрын-соңды болмаған деңгейде та-
ралады.
7. Трансұлттық келісімдердің, акторлар мен институттардың саны артып, 
ықпалы күшеюде.
Бұл Бектің (14-тарауды қараңыз) модерн жайлы ойларын қайта талқылауға 
алып келеді және жаһандық пен оны қайта қалпына келтіру мүмкін емесін қазір-
гі уақытта «екінші модерн» деп аталатын құбылыспен байланыстырады. Алай-
да, ең алдымен, бұл «бірінші модернде» жүрген халықтардың билігі мен ұлттық 
шекараларының күшінің әлсіздігімен ерекшеленеді. Біздің жабық ұлттық мем-
лекеттерде өмір сүріп жатқанымыз «бірінші модерннің» басты алғышарты бо-
лып саналады. (Бек бұл ұғымнан қоғамның «кон тейнерлік теориясы» ретінде 
бас тартады). Осылайша, жаһандық және екінші модерннің мемлекет иелігінен 
шығарылуы, Бек үміттенгендей, трансұлттық ұйымдардың және, мүмкін, транс-
ұлттық мемлекеттің де өркендеуін білдіреді.
Бектің таяу жылдардағы жұмысының көп бөлігі, соның ішінде оның жаһан-
дану туралы ой-пікірлері, кеңістікте бекітілген ұлттың дәстүрлі әлеуметтану 
көзқарасын жылжымалы трансұлттық фокуспен ауыстыруға тырысатын кос-
мополитизм идеясымен байланысты (Beck and Grande, 2010; Beck and Sznaider, 
2005, 2006). Тұтастай алғанда, ой мен іс-әрекеттерге деген жергілікті шектеу-
лердің басымдығына тікелей қатысты. Осылайша, жаһандану дәуірінде адамдар 
бір жерде тұрақтап қалмайды (мысалы, Құрама Штаттар), оның орнына бір уа-
қытта «түрлі қалалар, аумақтар, этникалық топтар, иерархиялар, ұлттар, діндер 
де және т.б. анықталады (Beck and Sznaider, 2005:159). Бұл, мысалы, ұлтқа не-
гізделген перспективалармен байланысты дәстүрлі ойлаудан ауытқуды көздей-
ді, тіпті одан да асып, гибридті әлемнің «осы және басқа» мағынасында болуын 
көздейді. Әлбетте, мұндай космополиттік көзқарас жаһанданудан туындайды 
және онымен тығыз байланысты.
Бек Power in the Global Age («Жаһандық дәуірдегі билік») (2005b: xi–xii) 


654
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
еңбегінде космополитикалық бағдарлау «нәтижесі толығымен жарияланатын 
мета-ойынмен байланысты» әлемдік саясаттағы ұлттық және халықаралық қа-
ты нас тардан тысқары болуы тиіс деп ұйғарады. «Бұл – тек «ұлттық» және «ха-
лық аралық» салалар арасындағы ғана емес, сондай-ақ жаһандық кәсіпкерлік пен 
мемлекет арасындағы, трансұлттық азаматтық қоғам қозғалыстарымен, ұлтүсті-
лік ұйымдармен және ұлттық деңгейдегі үкіметтер мен қоғамдар арасындағы ше-
каралар, негізгі ережелер мен айырмашылықтар қайта қарастырылатын ойын». 
Дәл осы шындық бұл мета-ойынды жақсы түсініп, оны жеңе білуге қабілетті, 
ұлттықтан космополитикалық тұрғыдағы көзқарасқа өзгертуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   445   446   447   448   449   450   451   452   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет