Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет445/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   596
Қорытынды


646
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
1. Нәсіл және этникалық анықтамалар Эмирбайер мен Десмондтың «Нәсілдік үстемдік 
дегеніміз не?» деген мақаласынан алынған. Онда нәсілдік ғылымнан хабардар ететін 
негізгі түсініктер мұқият талқыланған. Нәсілдік және этникалық топтармен қатар, 
ұлтты және бес жалпылама қателікті немесе нәсілшілдік жайлы «жаңылысуларды» 
талқылайды.
2. 1600 жылдардың ортасынан бастап 1900 жылдардың ортасына дейін барлық еуропа-
лық ірі мемлекеттердің отарлары болды. 1800 және 1900 жылдары Англия мен Фран-
ция әлемдегі ең ірі империяға айналып, көптеген елдерді отарлады. Олар: Таяу Шы-
ғыс, Азия, Солтүстік Африка және Сахарадан Оңтүстік Африкаға дейін, Үндістан, Ка-
риб теңізіндегі мемлекеттер, Латын Америкасы және Солтүстік Америка (MacQueen, 
2007). Кейбір ерекше француз отарлары Мартиника (ол бүгінгі күнге дейін француз-
дардың меншігі – бөлім), Алжир, Ливан, Вьетнам, Мали, Сенегал, Чад және Мадагас-
карды қамтиды.
3. Фанон идеяларының маңыздылығын мойындайтынына қарамастан, Лумба оның білім 
алған орта тап отаршылдық субъектісінің тәжірибесін барлық отаршылдық субъекті-
лерге жатқызатыны үшін сынға ұшырағанын атап көрсетті (Loomba, 2015:150–151).
Сондай-ақ зерттеуде гендерлік талдау болмағаны үшін сынға алды.
4. Гегель мен Фанон еңбектерінде құлдықтың әр түрі сипатталады. Атап айтқанда, Фанон 
өзінің мартиниктік ата-бабалары ұшыраған нәсілдік құлдық туралы баяндайды. Гегель-
дің қожайын-құл диалектикасы нәсілдік емес. Фанон үшін бұлар барлық айырмашылық-
ты қамтиды.
5. Алжирде білім алған, Фанонмен замандас әлеуметтанушы Пьер Бурдье – Фанон мен
Сартр сияқты теорияшылардың «схемалық» марксистік көзқарасын сынға алды (Raewyn
Connell, 2007:43). Ол «марксистік көзқарас айтарлықтай теңдестірілмеген немесе әлеу-
мет тану ғылымына сай келмейді» деп ойлады. (2007:43). Керісінше, Коннеллдің айтуын-
ша, Бурдьенің мақсаты «Алжир күресін екі тараптан оқытуға арналған фактілердің сал-
қын мөлшерлемесін» қамтамасыз ету болды (2007:43).
6. «Батыстық» сөзін мұқият пайдалану керек, себебі ол – географиялық орналасқан жер 
ғана емес, шығыстану ғылымындағы идея. Қазіргі заманғы кей теорияшылар «Сол-
түстік пен Оңтүстік арасындағы айырмашылық заманауи жаһандық теңсіздікті жақсы 
көрсетеді» деп болжайды (Raewyn Connell, 2007).
7. Басқа ықпалды ғалымдардың қатарында марксист Антонио Грамши және гуманист 
Джамбаттиста Вико бар.
8. Таяу Шығыс және Қиыр Шығыс сияқты санаттар да ориенталистік түсінік.
9. Келесі тізім Коллинздің Мэриленд университетіндегі (Fall, 2005) магистранттарға ар-
налған «Нәсіл және нәсілшілдіктің сыни теориялары» атты курсының оқу жоспарынан 
алынған.
10. Оми мен Уинант ұдайы long duree (ұзақ мерзімді) терминін пайдаланады. Терминді Ан-
нал тарихи мектебінің мүшелері енгізген (Wallerstein, 8-тарауды қараңыз) және әлеу-
меттік құрылымдардың ұзақ, баяу, тектоникалық дамуын және трансформациясын көр-
сетуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет