Алеуметтану тероиясы indb


Жаһандануды зерттеген негізгі заманауи теорияшылар



Pdf көрінісі
бет448/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   596
Жаһандануды зерттеген негізгі заманауи теорияшылар
Энтони Гидденс: Жаһанданудағы «Тұрлаусыз әлем» 
Гидденстің (2000) жаһандану туралы пікірлері оның модернизмнің қуатты 
күш (juggernaut) туралы ой-пікірімен ұштасып жатыр (14-тарауды қараңыз). 
Гидденс сондай-ақ жаһандану мен тәуекел арасындағы тығыз байланысқа, 
әсіресе қолдан жасалған тәуекелдің өсуіне мән береді. Жаһанданудың құбыл-
малы әлемінің басым бөлігі біздің бақылауымыздан тыс, бірақ Гидденс пес-
симистік көзқарасқа мүлдем бой алдырмайды. Біз құбылмалы әлем тудырған 
мә селелерді шектей аламыз, бірақ оны ешқашан толық бақылай алмаймыз.
Ол демократияға, әсіресе Еуропалық одақ сияқты халықаралық және транс ұлт-
тық демократиялық формаларға үміт артады.
Гидденс – жаһанданудағы жалпы Батыстың және АҚШ-тың ерекше рөлі-
не назар аударатындардың бірі. Сонымен қатар жаһанданудың екіжақты про-
цесс екенін және оның Америка мен Батысқа қатты әсер ететінін мойындайды. 


652
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Сондай-ақ ол Батыстан тыс (мысалы, Қытай, Үндістан) елдерде жаһанданудың 
уақыт өткен сайын үлкен рөлге ие болып, анағұрлым орталықсыздандырылып 
жатқанын растайды. Жаһанданудың жергілікті мәдениетті бұзып, оларды қайта 
жандандыруға қызмет ететінін мойындайды. Және ол жаһандану «жүруге қо-
лайсыз жолдарды қысқартып», басып өтетін аумақтарға жаңаша қарауға мүм-
кіндік береді деген инновациялық ойды ұсынады. Ол Францияға дейін жалға-
сатын Испанияның солтүстігіндегі Барселона төңірегіндегі аумақты мысалға 
келтіреді.
Бүгінгі күнде жаһандық деңгейде орын алып отырған негізгі конфликтілер 
фундаментализм мен космополитизм арасында. Нәтижесінде Гидденс «жаһан 
дық космополитикалық қоғам» пайда болатынын айтады. Алайда тіпті оған
қарсы шыққан негізгі күш – фундаментализм де – жаһанданудың өнімі. Соны-
мен қатар ол өз мақсаттарына жету үшін жаһандық күштерді (мысалы, бұқара-
лық ақпарат құралдарын) пайдаланады. Фундаментализм әртүрлі діни, этни-
калық, ұлтшылдық, саяси сипаттағы формаларды қабылдай алады, бірақ, Гид-
денстің пайымдауынша, қандай формада болуына қарамастан, фундаментализм 
космо политизмге қарама-қайшы әрі зорлық-зомбылықпен байланысты болған-
дықтан, әрқашан қиындық туғызады (Хантингтон еңбегін талдауды қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет