Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет489/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   596
Жыныстық қатынас
Джудит Батлер (1990, 1993, 2004a) – ең белді квир теорияшыларының бірі. 
Ол өзінің гендер мен жыныстың әлеуметтік қатынас арқылы қалыптасаты-
ны жайлы тұжырымымен танымал. Феминистік теорияларда гендер ер мен 
әйелдің қоғамдағы рөлін білдіреді. Бұл рөлдер әдетте әлеуметтік құрылым-
дар ретінде қарастырылады. Жыныс ерлер мен әйелдердің биологиялық те-
гін сипаттайды. Батлер басқа феминистердің гендерлік рөлдерді әлеумет-
тік құрылым дегенімен келіседі, бірақ ол алға бір қадам жасап, жыныстың 
да әлеуметтік құбылыс екенін айтады. Батыс қоғамы ер және әйел деген
екі жыныс қана бар деп танығанмен, Батлер біздің осы айырмашылықты 
қабыл дауымыз мәдени және тарихи жетістік екенін дәлелдейді. Бұл айыр-
машылық ер және әйел категориясына жатпайтын дене бітімдерді назардан 
тыс қалдырады (see also Fausto-Sterling, 2000). Ол сондай-ақ дәстүрлі жы-
ныс және гендер категорияларының комбинациясы, рекомбинациясы және 
олардың құштарлықтары арқылы құрылған көптеген бірегейліктерге көңіл 
аудармайды. Мысалы, Джудит Халберстам (1998) әйелдің бойындағы еркек-
тік қасиеттің көрінісін талқыласа, Рики Энн Уилчинс (1997) гендер мен 
бірегейлік нормаларына транссексуал адамдардың қарсылық жасағанын 
талдайды.
Қолда бар идеялармен жыныстық қатынас тұжырымдамасына бет бұра 
аламыз. Батлердің перспективасында жыныс, гендер және құмарлық дененің 
автоматты меншігі емес, бірақ жыныстық қатынас кезінде пайда болады. Жы-
ныстық бірегейлікке (біреудің өзін «нағыз ер» ретінде көруі) және соған қоса 
жыныстық тартымдылық жайлы идеяларға сәтті қол жеткізу гендерлік рөл-
дің сәтті қалыптасуына тәуелді. Бұл Гоффманның «мен» – туа біткен өзіндік 
болмыс емес, әлеуметтік қойылымдар арқылы қалыптасатын құбылыс» дейтін 
идея сына ұқсас (9-тарауды қараңыз). Тұлға өзінің болмысын уақыт тоғысында 
әлеуметтік қатынастар арқылы қалыптастырады, осыған сәйкес жыныс, ген-
дер және жыныстық құмарлық қатынастардан пайда болады. Мысалға, ердің 
гетеронормативті гендерлік қатынастары ер денесін еркектік гендерлік көрі-
ністермен және әйелдерге деген құмарлықтың еркектік сипаттарын бірге ұш-
тастырады. Осы денелер, құмарлықтар, әлеуметтік рөлдер арасындағы бай ла-
ныс өздігінен берілмейді, ол мәдени және тұлғалық жетістіктердің арқасында 
пайда болады.
Жыныстық айырмашылық пен гендердің қалыптасқан табиғатын көрсе-
ту үшін Батлер (1990) қойылым жасаушыларды ауыстыру мысалын кеңінен 
қолданады. Трансвестит – әйел бейнесіндегі ер адам. Сәтті зерттеу жұмысы 
гендердің қойылым екенін, оған қоса құмарлық көпшілік алдында қойылым 
қоятындар арқылы туындайтынын көрсетеді. Сонымен қатар «еркекшора-
лық» (butch) бірегейлігіне талдау жүргізеді. Ол квир мәдениетте еркектік 
қа сиеттерді қабылдаған лесбиан ретінде қарастырылады. Голливуд жұлдызы 
Джеймс Дин көптеген еркекшора лесбиандар өздерінің күнделікті өмірінде 
еліктейтін тұлғаға айналған (Halberstam, 1998). Батлер еркекшоралық – ердің 
рөліне енген жай әйел ғана емес екенін айтады. Яғни жыныс пен гендерді жаңа 


731
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
жолмен зерттегенде, еркекшора жыныстық айырмашылықтың және құмар-
лықтың жаңа формасын тудырады. Бұл мысалдар жынысты және жыныстық 
құмарлықтың нақтылығын немесе шынайылығын кемітпейді. Оның орнына 
әлеуметтік мәдени ойында аса шынайы сезімдер мен бірегейліктер пайда бо-
латынын көрсетеді.
Осыған байланысты Батлер (1993) тыйым салынған белгілі бір мәдени 
қойылымдар «мағынаға ие денелер» қалыптастыратынын айтады. Батлер ма-
ңызды сөзін екі мағынада пайдаланады. Бір жағынан, «маңызды» біре гейлік-
тердің жүзеге асатын жолын сипаттайды. Сөйлеу тіліндегі айырма шылықтар 
мәнері талассыз шынайы болмыстай сезіліп, денеге сіңеді. Кейде «маңызды» 
ұғымы саяси процесс ретінде де сипатталады. Жыныстық айыр машылық 
өзгелердің арасында басымдық беретін әлеуметтік құрылымдар арқылы қа-
лыптасады. Осы тұста маңызды және маңызы жоқ денелер болады. Соңғысы 
маргиналдарға айналып, әлеуметтік және саяси қысымға ұшырайды. Маңыз-
ды денелердің құрылысына назар аударған Батлер ғайбаттау (1997), интер-
персоналды этика (2005), соғыс, қысым және аза тұту (2004b) жайлы жалпы 
теориялық сұрақтар қойды. Джорджо Агамбен (17-тарауды қараңыз) екеуі 
бір тақырыпты көтерді, Батлер үнемі «өмір сүруге лайық жан», кімнің өмірі 
құнды, кімнің өмірі тұтынушы болып есеп теледі және әлеуметтік әлемнің 
қай түрі осы ерекшеліктерді қабылдайды деген сұрақтарға алаңдаушылық 
білдірді (Lloyd, 2011).
Қойылымдар тұжырымдамасы квир теориясы үшін өте маңызды. Егер 
жыныс және гендер орныққан болса, басым жыныстық айырмашылықтың 
өміршеңдігі олардың қойылымдарының жалғасуына тәуелді. Қойылым тұ-
жырымдамасы арқылы Батлер гетеросексуалдықты нақты жолмен табиғи-
лықтан айырады. Ол оны әлеуметтік құрылысқа ғана жатқызбайды әрі оның 
таңдауға лайықты тұрақты қойылым екенін көрсетеді. Әйел болу үшін өзін-
-өзі әйел сияқты ұстау қажет. Бұл автоматты түрде пайда болмайды және 
тәжірибені қажет етеді. Сонымен бірге қойылым тұжырымдамасы Батлердің 
гетеросексуалды матрицаға қарсы бәсекелестігіне негіз болады. Гейлер құ-
қығын қорғауға ба ғытталған әрекеттерге қарамастан, Батлер гетеросексуал-
ды мәдениетте гейлер мен лесбияндарға орын беруді құптамайды. Керісінше, 
гетеросексуалды қоғамдық ұйымды өзгеріске бейім, ашық, тәуелсіз гомосек-
суалды қоғам дық ұйыммен алмастыруға шақырады. Осындай кез келген қа-
дам норматив ті әлеуметтік тәртіптің бұзылуына ғана әкеліп қоймай, соны-
мен бірге гетеро сексуалдық пен гомосексуалдықтың бинарлы қарама-қайшы 
құбылыс екенін растайды. Квир теориясы утопиялардан, эссенциализмнен 
және бинарлықтан бой тартып, сексуалдықты тұрақты және тұрақты жалға-
са тын сексуалдық пен құмарлықты қалыптастыратын әрекеттер жиынтығы 
деп біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет