Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет68/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   596
Тауар фетишизмі
Тауар – адам еңбегінің өнімі, бірақ олар өздерін жасаушылардың мұқтаж дық-
тары мен мақсаттарына қызмет етпеуі мүмкін. Айырбас құны нақты та уар дан 
еркін айналып жүретіндіктен және кез келген адамнан бөлек салада бар секілді 
көрінгендіктен, біз осы объектілер мен олардың нарығы тәуелсіз, дербес еке-
ніне сенеміз. Толық дамыған капитализмде бұл сенім объектілер мен олардың 
нарықтарының нақты, тәуелсіз құбылыстарға айналғаны сияқты шындыққа 
айналады. Тауар тәуелсіз, мистикалық сыртқы шындыққа ие деуге болады 
(Marx, [1867] 1967:35). Маркс осы процесті тауардың фетишизмі деп атады 
(Dant, 1996, Sherlock, 1997). Маркс бұл арқылы тауарлардың секстік мағына-
ға ие болатынын білдірген жоқ, өйткені бұл пікірін Фрейдтің фетиш туралы 
түсінігінен әлдеқайда бұрын айтқан еді. Маркс кейбір діндердің тә жірибелі 
мамандарының, мысалы, зуналықтардың фигуралар жасап, содан кейін оларға 
ғибадат ету жолдары жайлы айтып берді. Маркс фетиш деп біз өзіміз жасаған 
және оған құдай сияқты ғибадат етіп, кие тұтқан нәрсені сипаттады.
Капитализмде біз жасайтын өнімдер, олардың құндылықтары және айыр- 
бастан тұратын экономиканың адам қажеттіліктерінен тыс өзіндік мақсаты бар. 
Тіпті өз еңбегіміз, Маркс айтқандай, бізді шын мәнінде адам етіп қалыптастыра-
тын нәрсе сатып алатын және сатылатын тауарға айналады. Өз еңбегіміз өзіміз-
ден бөлек айырбас құнына ие болады. Ол дерексіз нәрсеге айналды және капита-
листің бізге үстемдік ететін объектілерін жасау үшін пайдаланылады. Осылайша, 


63
2-тарау

Карл Маркс
тауарлар – жоғарыда талқыланған оқшаулаудың көзі. Тіпті өзін-өзі жұмыспен 
қамтыған тауар өндірушілердің еңбегі де өз мақсаттарына қол жеткізіп, қажетті-
ліктерін қанағаттандыру үшін емес, нарыққа шығару үшін керек.
Сонымен, Маркс экономика тек акторлар ғана орындауы мүмкін деп са-
найтын функцияны қабылдайды, яғни құндылықты өндіру функциясы. Маркс 
үшін бір нәрсенің шынайы құндылығы еңбектің пайда болуымен және біреуге 
қажет болуымен сипатталады. Тауардың шынайы құндылығы адамның әлеу-
меттік қатынастарын білдіреді. Керісінше, капитализмде Маркс былай дейді: 
«Адам дар арасындағы белгілі бір әлеуметтік қатынас... олардың көздеріне зат-
тардың өзара фантастикалық нысанындай елестейді» (1867–1967:72). Тауарға 
және нарыққа нақты мән беру арқылы адам капитализм тұсында оларды бақы-
лау функциясын жоғалтады. Сондықтан тауар – «жұмбақ нәрсе, өйткені ерлер 
еңбегінің әлеуметтік сипаты сол еңбектің нәтижесі ретінде объективті түрге 
ие болады: өндірушілердің өз еңбегіне қатынасы олардың өздерімен емес, ең-
бек өнімі арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас тұрғысында сипатталады» 
(Marx, [1867] 1967:72).
Мысалы, осы мәтінді оқуға отырудан бұрын сатып алған кофе шыныаяғы 
туралы ойланыңыз. Бұл қарапайым трансакцияда жүздеген адамдармен қа-
рым-қатынас жасалды: даяшы, кофехана иесі, кофені кептіретін жерде жұмыс 
істейтін адамдар, импорттаушы, жүк көлігінің жүргізушісі, кеме құрылысын-
дағы және порттағы жұмыскерлер, кофе дәндерін алып келген кемедегі бар-
лық адамдар, кофе плантациясының иесі, жинаушылар және т.б. Сондай-ақ сіз 
кофе саудасы арқылы тарихи қалыптасқан, зауыт иесі мен қызметкер арасын-
дағы ерекше қарым-қатынас және басқа да көптеген әлеуметтік қатынастар 
арқылы дамыған елдердегі үкіметтің ерекше нысаны – нақты сауда қарым-қа-
тынастарын қолдадыңыз. Мұның бәрін бір шыныаяқ кофе үшін ақша алмасу 
арқылы жасадыңыз. Бұл екі зат – ақша мен кофе байланысында барлық әлеу-
меттік қатынастар жасырынады.
Маркстің тауарларды талқылауы және олардың фетишизмі бізді жеке актор
деңгейінен ауқымды әлеуметтік құрылым деңгейіне дейін алып келеді. Тауар-
лардың фетишизмі экономикаға тәуелсіз объективті шындықты айғақ тайды, 
ол акторға қатысты сыртқы және мәжбүрлі сипат алады. Осылайша тауардың 
фетишизмі заттандыру тұжырымдамасына аударылды (Lukacs, [1922] 1968, 
Sherlock, 1997). Заттандыру тұжырымдамасын «заттау» немесе адамның жа-
ратқан әлеуметтік формалары табиғи, әмбебап және абсолютті нәрселер еке-
ніне сену процесі деп санауға болады. Заттандыру нәтижесінде әлеуметтік ны-
сандар осы сипаттамаларға ие болады. Заттандыру тұжырымдамасы адамдар 
әлеуметтік құрылымдар өздерінің бақылауынан тыс өмір сүреді және өзгер-
мейді деп санайтынын білдіреді. Бұл сенім толыққанды көрегендікке ай нал-
ғанда пайда болады. Сонда құрылымдар іс жүзінде адамдарға берілген сипат қа 
ие болады. Адамдар экономиканың объективтілігі мен беделінің көрінісімен 
гипноздалады. Адамдар жұмыс орындарынан айырылып, мансаптық таңдау 
жасайды немесе экономикаға байланысты үнемі көшіп жүреді. Алайда, Маркс-
тің айтуынша, экономика – объективті, табиғи нәрсе емес. Бұл – үстемдік ны-
саны, пайыздық өсімдер мен жұмыстан босату туралы шешімдер, яғни бір топ-
қа басқалардан артық пайда әкелетін саяси шешімдер.
Адамдар әлеуметтік қарым-қатынастардың және әлеуметтік құрылымдар-
дың барлық түрін растайды. Олар тауарларды және басқа да экономикалық 


64
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
құбылыстарды (мысалы, еңбек бөлінісі) қалай растаса (Rattansi, 1982, Walli-
mann, 1981), діни (Barbalet, 1983:147), саяси және ұйымдастырушылық құры-
лым дарды да солай дәлелдейді. Маркс мемлекетке қатысты: «адам мен оның 
арасындағы бұл қайшылықтардан кейін қоғам соңғы жеке тұлға мен қоғамның 
нақты мүдделерінен ажырасқан мемлекет ретінде өзіндік нысанды қабылдай-
ды» деген ұғым қалыптастырды (Bender, 1970:176). Капитализм әлеуметтік қа-
тынастардың белгілі бір түрлерінен тұрады, олар нысандарға қатысады, нақты 
адамдардан тәуелсіз. Мойше Постон былай дейді (1993:4): «Нәтиже – әлеумет-
тік үстемдіктің жаңа, барынша абстрактілі формасы, адамдарға нақты құры-
лымдық императивтер мен шектеулерді көрсетіп, тура үстем жағдайға парапар 
түсіну мүмкін емес (мысалы, жеке немесе топтық үстемдік)».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет