60
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
капиталистер кім көбірек еңбек ете алады, тезірек жұмыс жасай алады немесе
кім бастықтың оңтайын таба алады деп, жұмыскерлерді бір-біріне қарсы қоя-
ды. Табысқа жеткен қызметкерлер қосымша сыйақы алады; жолы болмағандар
шеттетіледі. Кез келген жағдайда қызметкерлер арасында өздерінің әріптесте-
ріне деген қаскөйлік пиғыл пайда болады.
Бұл капиталистер үшін пайдалы, себебі олар өздеріне бағытталуға тиісті
дұшпандықтың алдын алады. Оқшаулану мен адамдар арасындағы дүрдараз-
дық капитализмде жұмысшыларды өз әріптестерінен алшақтата түседі.
Сонымен, капиталистік қоғамда жұмыс істейтін қызметкерлер өздерінің
адами әлеуетінен алшақтап келеді. Жұмыс орны біздің адами табиғатымызды
өзгертетін басты күш болудың орнына, жай ғана өзімізді ең аз мөлшерде адам
сезінетін, өзіміз бола алатын жерге айналады. Адамдар адам ретінде аз жұмыс
істейді, себебі олар өз жұмыстарында машиналар сияқты жұмыс атқарумен
шектеледі. Тіпті күлімсіреп сәлемдесулер бағдарламаланып, сценарий бойын-
ша жүреді. Басқа адамдармен және табиғатпен қарым-қатынас бірте-бірте ба-
қылауға алынатындықтан, сана-сезім жоғалады және, сайып келгенде, біржо-
лата жойылады.
Нәтижесінде адамның негізгі қасиеттерін бейнелеуге қабілетсіз адамдардың
бұқара тобы, бәріне жатсынып қарайтын жатбауыр жұмысшылардың қарадүр-
сін қалың тобыры пайда болады.
Иеліктен айыру – Маркстің диалектикалық таныммен зерделеген қай шы-
лықтардың үлгісі. Капитализмдегі еңбек және әлеуметтік жағдайлар мен өзгер-
ген адам табиғаты арасында нақты қайшылық бар. Маркстің бұл қайшылықтың
кейбір қырларын ескере бермейтінін атап өту керек. Біз жұмыс берушімен жа-
лақымызға сатып алатын нәрселермен бөлісетіндіктен, біраз игілікке қол жет-
кіземіз емес пе? Шынында да, бұл – нақты әлеуметтік өзгеріс арқылы шешуге
болатын иеліктен айырудың белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: