Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет67/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   596
Тауарлар
Маркс әлеуметтік құрылымдар жөніндегі және адам әлеуеті туралы өз көзқа-
растарымен тығыз байланысты жұмыстарының бәрінде де, ең алдымен, еңбек 
өнімдерін немесе алмасуға арналған өнімдерді талдайды. Георг Лукач ([1922] 
1968:83) айтқандай: «Тауарлардың мәселесі – ...капиталистік қоғамның ең бас-
ты құрылымдық мәселесі». Тауардан бастау арқылы Маркстің капитализм та-
биғатын ашуға мүмкіндігі бар.
Маркстің тауарға көзқарасы оның акторлардың өнімді жұмысына баса на-
зар аударған материалистік бағытына негізделді. Жоғарыда атап өтке німіздей, 
Маркс табиғатпен және басқа да акторлармен өзара әрекеттесу кезінде адамдар 


62
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
күнкөріс үшін өздеріне қажетті нәрселерді жасайды деп санаған. Бұл объекті-
лер дербес пайдалану үшін немесе өзге ортада басқалармен бірлесіп пайдала-
ну үшін жасалады. Маркс мұны тауардың пайдалану құндылығы деп атайды. 
Дегенмен капитализмде бұл процесс жаңа және қауіпті форманы қабылдайды. 
Өндірісті өздері үшін немесе жақын серіктестері үшін жасаудың орнына, ак-
торлар басқа біреу үшін (капиталистерге) жасайды. Өнімдердің айырбас құны 
бар, яғни сол арада бірден қолданылудың орнына, олар нарықта ақшаға немесе 
басқа нысандарға айырбасталады.
Пайдалану құны адам қажеттіліктері мен осы қажеттіліктерді қанағаттан-
дыра алатын нақты объектілер арасындағы тығыз қатынасқа байланысты. 
Әртүрлі заттардың пайдалану маңыздылығын салыстыру қиын. Нанның аш-
тықтан сақтап қалатын, аяқкиімнің аяқты ыстық-суықтан қорғауға арналған 
құндылығы бар. Бірінің екіншіге қарағанда көбірек пайдалану құндылығы бар 
екенін тап басып айту қиын. Олар сапалық жағынан ерекшеленеді. Сонымен 
қатар пайдалану құны тауардың физикалық қасиеттеріне байланысты. Аяғы-
мыз қарнымызды тойдыра алмайды, ал нан аяғымызды қорғай алмайды, өйт-
кені олар – физикалық тұрғыдан әртүрлі заттар. Алайда алмасу барысында 
әртүрлі тауарлар бір-бірімен салыстырылады. Бір жұп аяқкиім алты нанға 
ауыстырылуы мүмкін, немесе айырбастау құралы ақша болса, әдеттегідей 
бір жұп аяқкиім нанға қарағанда алты есе құнды болуы мүмкін. Айырбастау 
құны сандық түрде ерекшеленеді. Алайда бір жұп аяқкиімнің айырбас құны
нанға қарағанда көбірек. Сондай-ақ айырбастау құны тауардың жеке қасиет-
терінен бөлек болады. Тек жеуге болатын нәрселердің аштықтан құтқаруға 
қатысты құндылығы болуы мүмкін, бірақ кез келген нәрсенің құны долларға 
айырбастау арқылы бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет