118
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
мына ешқандай дәлел айтпайды және, шын мәнінде, өз теорияларында «мұн-
дай нәзік тақырып әлеуметтік құрылымдар қойнауында туындауы мүмкін» деп
болжайды.
Сонымен қатар Дюркгейм, көпшіліктің айтуынша, әлеуметтік процесте са-
наға белсенді рөл бере алмаған. Ол актор мен акторлардың психикалық про-
цестерін тәуелсіз және шешуші айнымалылар, яғни әлеуметтік фак тілермен
түсіндірілетін қосымша факторлар немесе, негізінен, тәуелді ай нымалылар ре-
тінде қарастырды. Адамдар, жалпы, оның әлеуметтік теорияла рында әлеумет-
тік күштер арқылы басқарылады; адамдар осы әлеуметтік күштерді белсенді
бақыламайды. Дюркгейм үшін автономия әлеуметтік күштерді еркін қабылдау-
дан басқа еш нәрсе емес. Демек, егер біз бұл сананы және кейбір психикалық
процестерді әлеуметтік фактілердің түрлеріне жат қызсақ та, олардың Дюрк-
геймнің басқа әлеуметтік фактілерде көрсеткеніне ұқсас, автономияны дамыта
алмайтынына күмән келтіруге негіз жоқ.
Шынында да, Каллегаро (2012:453) Дюркгейм үшін «адам – қазір-
гі қоғамның жоғары идеалы, әлеуметтік жеке тұлғаларға тәуелсіз индивид
болуға мүмкіндік беретін және оны талап ететін, адамға деген табынушылық-
тың аясында құрылған». Ойлауға қабілетті, ақылға сай әрекет ету – адамның
жеке қасиеті емес. Бұл – қоғамның жетістігі. Біз қоғам арқылы тек ақыл-ой
мен тәуелсіз әрекеттерге талпына отырып, ойлау қабілетіне ие боламыз. Бұл
көзқарас адамды қоғамнан бөлетін ең заманауи теорияларды сынайды. Дюрк-
геймнің еркіндік, ақыл-ой мен шығармашылық, әлеуметтік тәртіпке, сондай-ақ
әлеумет тік ынтымақтастыққа қайшы келмейтіні жайлы көзқарасын кез келген
қо ғамдық ғылым әлі де мойындауы тиіс.
Ақырында, Дюркгейм де өзінің болжамды консервативтігі үшін сынға ұшы-
рады (Milbrandt and Pearce, 2011). Жоғарыда айтқандай, Дюркгейм ілімінің
парсонстық нұсқасы позитивизммен, құрылымдық функционализммен және
олардың ғылым мен қоғамның консервативті нұсқаларымен салыстырыла-
ды. Дюркгейм социализмді сынағаны, феминистік қозғалысқа қарсыласуы,
моральға баса назар аударғаны және жеке шығармашылық күшіне қатысты
салыстырмалы түрдегі менсінбеушілігі үшін консерватор ретінде бағаланды.
Бұл Дюркгеймнің социализммен қарым-қатынасы өте күрделі және мораль
мен адамзат табиғаты сипатына қатысты көзқарасы айтылғандардан әлдеқайда
ерекше екенін көрсетеді. Мысалы, Дюркгейм таптық және марксистік социа-
лизмді сынға алған кезде социализмге ұжымдық сананың пайда болу нысаны
ретінде, соған орай, қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелерді шешудің ықтимал
шешімі ретінде жанашырлық танытты. Дюркгеймнің пайымдауынша, социа-
лизм, егер қолжетімді болса, саяси бағдарламаға емес, ғылыми-зерттеулерге
негізделуі керек. Бұл тұрғыда марксизмді социализмнен бас тартқандықтан
емес, «ол даулы және ескірген болжамдар» жиынтығы болғандықтан сынайды
(Lukes, 1972:323).
Дюркгеймнің идеяларына 100 жылдан артық уақыт өтсе де, қазірдің өзінде
жоғарыда айтылған сын-пікірлер мен қарсы пікірлер Дюркгеймнің әлеуметта-
ну нұсқасы – әлеуметтану ғылымына әлі де үлес қоса беретін құндылық екенін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: