Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет110/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қазіргі қолданылуы
Дюркгеймнің әлеуметтану саласына әсері өте тереңде жатыр. Оның идеялары 
шексіз талқыланған әлеуметтанудың көптеген салаларына, соның ішінде әлеу - 
меттану теориясы, әдістер, қылмыс, психикалық денсаулық және дін салала-


119
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
рындағы зерттеулерге әсер етті (Milbrandt and Pearce, 2011). Дюркгеймнің 
әлеуметтік фактілерге ден қоюы, соған қатысты еңбектері Ирвинг Гоффман 
(1959) мен Гарольд Гарфинкель (2002) сияқты микроәлеуметтанушыларға 
шабыт бергені көпті таңғалдырады. Роулз (2016:3) бұл жағдайды былай түсін-
діреді: «Гоффман мен Гарфинкель екеуінің уәжі – бұл сәйкестікті әлеу меттік 
нысандарды құру үшін құрылтайшылық тәжірибеде ынтымақтастық жасау 
мақсатында қол жеткізуге болатын әлеуметтік фактілер, бұл Дюркгейммен ті-
келей байланысты. Дюркгеймнің идеялары мәдени әлеуметтанудың да муында 
да кездеседі (Alexander, 1988; Alexander and Smith, 2001). Александр Дюркгейм 
әлеу меттануын мәдени әлеуметтану үшін «күшті бағдарлама» әзірлеуге не-
гіз ретінде алды. Әлеуметтік фактінің келіспеушілігіне назар аудара отырып, 
Александр мәдениеттің автономды әлеуметтік күш ретінде зерттелуін талап 
етеді. Ол осы күшті бағдарламаны америкалық саясат пен холокост сияқты әр-
түрлі құбылыстарды талдау үшін қолданды.
Бұл Дюркгейм жұмысының тағы бір соңғы жылдары қолдануын еске түсі реді. 
Олардың The Racial Order («Нәсілшілдік тәртіп») (2015) атты кітабында Эмир-
байер мен Дез монд нәсілдің жүйелі теориясын дамыту үшін көптеген ойшылдар-
дың идея ларына арқа сүйейді. Атап айтқанда, олар нәсілдік тәртіптің символика-
лық құрылымдарын сипаттау үшін Дюркгеймнің мәдениет теориясына сүйенеді. 
Олар «нәсіл – биологияға тән табиғи факт емес, терең тарихы бар әлеуметтік факт 
екеніне» дауласты. Мәдениет – адамдардың әлемге көзқарасын, әсіресе нәсілдік 
айырмашылықтарды мойындауы үшін негізгі категориялармен қам тамасыз етеді. 
Мәдени құрылымдар «акторлардың мотивтерін, әлеуметтік қа тынастарын, инс-
титуттарды қасиетті және зайырлы деген категорияларға» бөліп қарастыратын 
қос жүйе негізінде құрылған (2015:106). Әлеуметтік би лік тұрғысынан қасиетті 
деп жіктелгендер зиялы деп есептелетіндермен салыс тырғанда басыңқы тұрады. 
Америкалық нәсілдік орта шығу тегі еуропалық ақ нәсілді адамдарды – қасиетті 
деп, ал қара нәсілділерді зайырлы топқа жіктегені тарихтан белгілі. Бұл бөлініс 
тек мәдени ғана емес, сонымен қатар «баспаналық, кәсіби сегрегациядан аралас 
некеге дейін жіктелетін әлеуметтік формаларды» қалыптастырады (107).
Дюркгеймнің әлеуметтануын пайдалану арқылы зерттеуге болатын тағы бір
заманауи құбылыс – ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ).
Шредер мен Линг (2014) ақпараттық және коммуникациялық технология лар-
дың әлеуметтану немесе құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау үшін Дюрк - 
геймге (және Веберге) сүйенеді. Мысалы, олар «ақпараттық және коммуника-
циялық технологиялар «неомеханикалық» ынтымақтастықты дамытуға мүм-
кін дік береді» деп мәлімдейді. Ақпараттық және коммуникациялық техноло-
гия лар дың адамдарды бір-бірінен алыстататыны жайлы дәстүрлі идеяға қара - 
ма-қарсы Шредер мен Линг (2014:797) шын мәнінде АКТ «адамдар ме диация-
лық бай ланыс, таралған сандық объектілер арқылы бір-бірі мен байланысын 
жылдамдатады» деген пікірге тоқталған. Ұялы теле фон дар қашықтықтағы жа - 
қын достар арасындағы қарым-қатынастарды сақ тайды. Әлеуметтік желі сайт-
тары онлайн бірлестіктер қалыптастыру үшін мүмкіндік ұсынады. Бұл топтар 
онлайн немесе сандық рәсімдер арқылы өзара ынтымақтастық орнатады және 
Дюркгеймнің дінге қатысты зерттеулерінде келтірген ән айту және билеу сияқты 
рәсімдерге ұқсас, «біздің facebook, электронды пошта, ұялы телефон арқылы жа-
қын достарымызбен әзілдесу, өсек, сырласу тәрізді мағынасы ортақ жағдайға назар 
аударуымызға мүмкіндік береді» (2014:799). Бұл зерттеу заманауи технологиялар 
қоғамға қауіп төндіреді деген идеяға күмән келтіреді. Оның орнына, Дюркгеймге 
ұқсас, Шредер мен Линг әлеуметтік құрылымдардың осы сипаттары, шын мәнінде, 
ынтымақтастықтың жаңа түрлерін дамытатынын айтады.


120
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Дюркгейм әлеуметтануындағы негізгі екі тақырып – әлеуметтіктің жеке-даралық-
тан басымдығы және қоғамның ғылыми тұрғыдан зерттелуі туралы идеясы. Бұл тақы-
рыптар оны әлеуметтік фактілер тұжырымдамасына әкелді. Әлеуметтік фактілерді эм-
пирикалық түрде зерттеуге болады, жеке адамның болмысынан тыс, адамға қатысты 
мәжбүрлі және басқа да әлеуметтік фактілермен түсіндіріледі. Дюркгейм әлеуметтік 
фактілердің материалдық және материалдық емес екі негізгі түрін анықтады. Ол үшін 
аса маңызды тақырып әлеуметтік емес фактілерге қатысты болды. Соның ішінде мо-
ральдық, ұжымдық сана, ұжымдық көзқарастар және әлеуметтік бағыттар деген факті-
лерді терең талдады.
Дюркгейм The Division of Labor in Society («Қоғамдағы еңбек бөлінісі») атты ең үлкен 
еңбегінің бірінде ұжымдық сананың орнын жаңа еңбек бөлінісіне сәйкес тәуелсіз дербес 
құрылған органикалық ынтымақтастық басатынын айтады. Ол түрлі құқықтық жүйе-
лерді талдау арқылы механикалық және органикалық ынтымақтастықтың арасындағы 
айырмашылықты зерттеді. Механикалық ынтымақтастықты репрессивті заңдармен, ал 
органикалық ынтымақтастықты қалпына келтіруге негізделген құқықтық жүйелермен 
байланыстырады.
Дюркгеймнің келесі кітабындағы суицид туралы зерттеуі – оның еңбектеріндегі ма-
териалдық емес әлеуметтік фактілердің маңыздылығын дәлелдейтін жақсы мысал. Ол 
өзінің негізгі себеп-салдарлық моделінде материалдық емес әлеуметтік факторлардың 
өзгеруі, ақыр соңында, өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштері айырмашылығының себеп-
тері болатынын айтады. Дюркгейм өз-өзіне қол жұмсаудың эгоистік, альтруистік, ано-
миялық және фаталистік төрт түрін анықтаған, әрқайсысының әлеуметтік бағыттардағы 
әртүрлі өзгерістерге байланысын көрсетеді. Дюркгейм мен оның ізбасарлары өзін-өзі
өлтіру құбылысын зерттеу арқылы әлеуметтанудың әлеуметтік ғылымдарда заңды орны
бар екенін дәлелдеді. Жалпы алғанда, әлеуметтану өз-өзіне қол жұмсау әрекетін инди-
видуалды тұрғыда түсіндіре алатын болса, онда әлеуметтану «қоғамдық өмірдің басқа, 
индивидуалды көрсеткіші төменірек аспектілерін қарастыруға пайдаланылуы мүмкін» 
деген ойға әкеледі.
Дюркгейм өзінің The Elementary Forms of Religious Life («Дін ұстанудың қалыпты фор-
малары») атты соңғы негізгі еңбегінде мәдениеттің тағы бір аспектісі – дінді қарасты-
рады. Дюркгейм қарапайым дінді талдай отырып, қоғамның әлеуметтік құрылымында 
діннің шығу тегін көрсетуге тырысты. Бұл қоғам белгілі бір заттарды – қасиетті, ал бас-
қаларын зайырлы деп санайды. Дюркгейм діннің әлеуметтік шығу тегін қарапайым тоте-
мизмді және оның әлеуметтік құрылымындағы тамырын талдаумен көрсетті. Ол жалпы 
процестің екі көрінісі – «дін мен қоғам – тұтас және өзара ұқсас» деп қорытындылайды. 
Сондай-ақ осы еңбегінде білім әлеуметтануын ұсынды. Оның тұжырымдамасына сәйкес, 
біздің негізгі түсініктеріміз және қалыптасқан саналық категорияларымыз – бастапқыда 
діни рәсімдер арқылы қалыптасқан ұжымдық көзқарастар.
Дюркгейм кез келген түбегейлі өзгеріске қарсы болса да, оның негізгі моральға ден
қоюы қоғамдағы ұжымдық моральға әкеледі деп үміттендірген екі реформаны ұсынуға 
себептесті. Балалар үшін Францияда балаларды тәрбиелеуге, қоғамға және автономияға 
тәрбиелеуге бағытталған жаңа білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асырды. Ере-
сектер үшін ұжымдық моральды қалпына келтіруді және қазіргі заманғы еңбек бөлінісі-
нің ауытқушылық ауруларымен күресуде кәсіптік бірлестіктерді ұсынды.
Тарау Дюркгейм теорияларына айтылған бірнеше сыни пікірмен және оның қазіргі 
кезде қолданылуымен аяқталады. Көптеген сынның оның құрылым дық функционализ-
мі, позитивизмі мен оның болжамды консерватизміне қатысы бар. Оның теориясы әлеу-
меттануда кеңінен қолданылады, сондай-ақ нәсілдік, ақпараттық және коммуникация-
лық тех нологиялардың пайда болуы сияқты заманауи әлеуметтік мәселелермен де өзара 
сабақтасып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет