Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет111/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   596
Қорытынды


121
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
1. Дюркгеймнің әлеуметтануды философиядан бөлуге тырысқанын сыни талдау үшін 
Том Ботлер-Боудонның 50 Great Books on Philosophy («Философия бойынша маңызды 
50 кітабы») (1995) еңбегін қараңыз.
2. Қанды репрессияға ұшырауға дейін Маркс Париж Коммунасын пролетариат төң керісі-
нің жаршысы деп білді.
3. Спенсердің эволюциялық теориясымен салыстыру үшін The Knights of the Black Earth 
(«Қара Жердің рыцарлары») (1995) еңбегін қараңыз.
4. Дюркгейм бұл зерттеуінде ұжымдық сана терминін қолданудан сақтанады, бірақ ол 
ұжымдық көзқарастар идеясын толық дамытқан жоқ. Оның Suicide «Суицид» еңбегінде-
гі ұжымдық көңіл күй және The Division of Labor «Қоғамдағы еңбек бөлінісіндегі» ұжым-
дық сана ұғымдарын қолдануы арасында айыр машылық байқалмаған.
Ескертпелер


4
Макс Вебер


123
4-тарау

Макс Вебер
Әдіснама
Субстантивті әлеуметтану 
Сын-пікірлер
Қазіргі қолданылуы
Тарау мазмұны
М
акс Вебер (1864–1920) – әлеуметтану теориясындағы ең танымал әрі 
айрықша ықпалды тұлғалардың бірі (Burger, 1993; R. Collins, 1985; 
Kalberg, 201 la, 2016; Sica, 2001; Whimster, 2001, 2005). Вебер еңбегінің 
саналуандығы мен әр тұрғыда түсіндірілуі оның әлеуметтану теорияларының 
кең ауқымда таралуына әсер етті. Әрине, ол құрылымдық функционализмге 
Толкотт Парсонс еңбектері арқылы ықпал жасады. Сонымен қатар оның кон - 
фликтілер дәстүрі (R. Collins, 1975, 1990) – Вебердің идеяларының және Маркс-
тің көзқарастарының негізінде қалыптасқан сыни теория, сонымен қатар сыни 
теория дәстүрін жалғастырушылардың ең ірі өкілі Юрген Хабермас (Outhwaite, 
1994) үшін Вебер еңбектерінің маңызы зор болды. Символикалық интеракцио-
низмге Вебердің ойлары, әсіресе verstehen (түсіну) идеясы әсер етті. Альфред 
Шюц Вебердің мән-мағына және мотив туралы еңбектерінен елеулі әсер алды. 
Оның ғылыми еңбектері ethnomethodology (этноәдіснама) бағытын дамытуда 
маңызды рөл атқарды (10-тарауды қараңыз). Рационалды таңдау теорияшыла-
ры да Вебер еңбектеріне көптеген ескертпелер жасаған (Norkus, 2000). Вебер ең 
ықпалды теорияшылардың бірі болып қала береді.
Бұл тарауда Вебердің ([1903–1917] 1949) әлі де өзектілігі мен маңыздылы-
ғын жоғалтпаған (Bruun, 2007; Ringer, 1997:171) әлеуметтік ғылымдардың әдіс-
намасы туралы идеяларын жан-жақты талқылауға тырысамыз. Вебер идея ла-
рын тереңірек түсіну үшін, оның негізгі және теориялық идеяларын қарастыру-
дан бастаған дұрыс болады. Вебер таза абстрактілі теорияландыруға түбе гейлі 
қарсы болды. Мұның орнына оның теориялық идеялары эмпирикалық тарихи 
зерттеулермен тығыз байланыстырылды. Вебердің әдіснамасы осылайша тео-
риялармен бірге эмпирикалық зерттеулерді де үйлесімді ұштастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет