Алеуметтану тероиясы indb


Толкотт Парсонстың құрылымдық функционализмі



Pdf көрінісі
бет207/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   596
Толкотт Парсонстың құрылымдық функционализмі
Толкотт Парсонс өмір бойы көптеген теориялық еңбектер жазды (Holmwood, 
1996; Lidz, 2011b; Münch, 2005). Оның алғашқы туындысы мен кейінгі шығарма-
сының арасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұл бөлімде біз кейінгі кезеңдегі 
құрылымдық-функционалдық теория негіздерін қарас тырамыз. Біз Парсонс-
тың құрылымдық функционализмінің төрт функционалды императивін барлық 
«іс-әрекет» жүйелеріне, оның атақты AGIL схемасына қатысты талқылаудан 
бастаймыз. Осыдан кейін төрт функцияны тал қылап, Парсонстың құрылымдар 
мен жүйелерге қатысты идеясын талдауға тырысамыз.
AGIL функциясы – «жүйенің қажеттіліктерін немесе қажеттіліктерді қанағат-
тандыруға бағытталған іс-әрекеттер кешені» (Rocher, 1975:40; R. Stryker, 2007). 


261
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
Бұл анықтаманы пайдалана отырып, Парсонс барлық жүйелерді бейімделу (A), 
мақсатқа жету (G), интеграция (I) және латенттік (L) немесе үлгіні қол дау тұр-
ғысынан (функционалды) сипаттауға қажетті төрт функционалдық императив 
бар деп санайды. Осы төрт функционалды императив AGIL схемасы ретінде 
танымал. Өмір сүру үшін жүйе осы төрт функцияны орындауы керек:
1. Бейімделу: жүйе сыртқы жағдаяттық талаптарға сай болуы тиіс. Ол қорша-
ған ортаға бейімделіп, қоршаған ортаны өзінің қажеттіліктеріне бейімдеуі 
қажет.
2. Мақсатқа жету: жүйе өзінің негізгі мақсаттарын анықтап және оған қол 
жеткізуі керек.
3. Интеграция: жүйе өзінің құрамдас бөліктерінің өзара байланысын реттеуі 
тиіс. Ол сондай-ақ басқа үш функционалдық императив арасындағы қа-
рым-қатынасты басқаруы керек (A, G, L).
4. Латенттік (үлгіні қолдау): жүйе жеке адамдардың мотивациясын да, со-
ны мен қатар оларды жасап, қолдап отыратын мәдени модельдерді де қам-
тамасыз етіп, жаңартып, қолдап отыруы тиіс.
Парсонс өзінің теориялық жүйесіндегі барлық деңгейлерде AGIL сызбасын 
қолданды (for one example, see Paulsen and Feldman, 1995). Төмендегі төрт әрекет 
жүйесін талқылау барысында Парсонстың AGIL-ді қалай қолданатынын сурет-
тейміз. 
Мінез -құлық организмі – сыртқы ортаны реттей отырып, өзгертетін, бейімде-
лу функциясын басқаруды жүзеге асыратын әрекет жүйесі. Жеке тұлға жүйесі 
мақсаттарға жету үшін жүйелік мақсаттарды анықтап, оларға жету үшін ресурс-
тарды жұмылдырады. Әлеуметтік жүйе өзінің құрамдас бөліктерін бақылау 
арқылы интеграциялық функцияны жүзеге асырады. Соңында, мәде ни жүйе 
акторларға оларды іс-әрекетке ынталандыратын нормалармен құнды лықтарды 
ұсына отырып, латенттік қызметін жүзеге асырады. 7.1-кестеде AGIL сызбасы 
бойынша әрекет ету жүйесінің құрылымы сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет