Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет208/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   596
Әрекет жүйесі. Біз Парсонстың әрекет жүйесінің жалпы пішінін талқылауға 
дайынбыз. 7.2-сызба Парсонс сызбасын сипаттайды.
Парсонстың әлеуметтік талдаудың «деңгейлері» мен олардың өзара байла-
нысы туралы нақты түсінігі бар екені анық. Иерархиялық құрылым түсінікті 
және деңгейлер Парсонстың жүйесінде екі жолмен біріктірілген. Біріншіден, 
төменгі деңгейлердің әрқайсысы жоғары деңгейлер үшін қажетті жағдайларды
энергияны қамтамасыз етеді. Екіншіден, жоғары деңгейлер олардың иерархия-
сындағы төмендегілерді басқарады.
Әрекет жүйесі ортасының көзқарасы бойынша ең төменгі деңгей – физика-
лық және органикалық орта адам денесінің символдық емес аспектілерін, оның 
анатомиясы мен физиологиясын қамтиды. Жоғары деңгей, ең түпкі ақи қат ре-
тінде Джексон Тобидің ұсынысы бойынша «метафизикалық бояуға» ие, алайда, 
Тобидің сендіруінше, Парсонс «тылсым күшке тән емес символикалық шешуге 
бағытталған қоғамның әмбебаптық үрдісі ретін де қарамайды. Адам өміріндегі 
қасіреттер де әлеуметтік ұйымдардың маңызды лығына күмән келтіріп, әрекетке 
шақырады (1977:3).
Парсонс жұмысының өзегі оның төрт әрекет жүйесінен құралады. Бұл әре-


262
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
кет жүйелері тәртіп мәселесін шешуге арналған (Schwanenberg, 1971). Парсонс-
тың (1937) пікірінше, тәртіп мәселесі әлеуметтік соғыстың алдын алу немесе 
бәріне қарсы тұру философтар тарапынан қанағаттанарлық деңгейде шешілме-
ді. Парсонс өзінің құрылымдық функционализм теориясында тәртіп мәселесіне 
қатысты нақты жауабын берді. Бұл, оның көзқарасы бойынша, төмендегідей жо-
рамалдар жиынтығымен байланысты:
1. Жүйелер бөліктердің тәртібіне тәуелді және бәрі бір-бірімен өзара тәуелді.
2. Жүйелер өзі қалыптастыратын тәртіпке немесе тепе-теңдікке бейім.
3
3. Жүйе статикалық (тұрақты) болуы мүмкін немесе реттелген өзгерістер 
процесіне қатысады.
4. Жүйенің бір бөлігінің сипаты басқа бөліктерінің қалыптасу пішініне әсер 
етеді.
5. Жүйелер қоршаған ортамен шекараны қолдайды.
6. Бөлу және интеграция – жүйенің тепе-теңдік күйі үшін қажетті екі іргелі 
процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет