Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет241/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   596
Негізгі үлестер 
Субъективизм. 
Сыни мектеп марксистік теорияны субъективті бағытта қайта 
бағдарлау арқылы әлеуметтануға белгілі дәрежеде үлес қосты. 
Бұл бағдарлаудың мақсаты – марксистік материализм мен оның экономи-
калық құрылымдарына деген айрықша назарын сынауға бағытталғанмен, оның 
жеке және мәдени деңгейлерде әлеуметтік өмірдің субъективті элементтерін 
түсіну үшін маңызы зор.
Марксистік теорияның гегельдік түп тамырлары субъективтілікке деген 
қызығушылыққа дем бергені белгілі. Көптеген сыни мектеп өкілдері өздерін 
Маркстің ерте шығармаларында байқалған осы түп тамырға қайта оралудамыз 
деп есептеді. Осы негізге сай әрекет жасай отырып, олардың идеясы ХХ ғасыр-
дың басында Георг Лукач секілді марксист-революцияшылдардың еңбектерін 
әрі қарай дамытты. Георг Лукач субъективтілікке ерекше көңіл бөлмей, оны 
объективті құрылымдарға деген дәстүрлі марксистік қызығушылықпен бірік-
тіруге тырысты. (Agger, 1978). Лукач марксистік теорияны түбегейлі өзгертуге 
тырыс паған, дегенмен кейінгі сыни теорияшылар өздерінің алдына аса ауқым-
ды әрі барынша жасанды мақсат қояды.
Біз әңгімемізді сыни мектептің мәдениетке деген қызығушылығынан бас-
таймыз. Жоғарыда аталып өткендей, сыни мектеп өзінің басты назарын эконо-
микалық базистен (base) қондырма (superstructure) қарай аударды. Осы өз-
геріске себепші болатын факторлардың бірі – сыни мектептің түсінігі бойын-
ша – марксистер экономикалық құрылымның рөлін тым әсірелеп жібергені 
және ол әсірелеу олардың әлеуметтік шынайылықтың басқа да аспектілеріне
әсіресе мәдениетке деген қызығушылығын көлеңкеде қалдырды. Сонымен 
қатар осындай акценттердің орын ауыстыруы қоғамда бірқатар сырттай өзге-
рістер бар екенін көрсетеді (Agger, 1978). Соның ішінде Америкадағы Екінші 
дүниежүзілік соғыстан кейінгі гүлдену кезеңінде ішкі экономикалық қайшы-
лық пен таптық жанжалдардың жойылуын атап айтуға болады. Жалған сана 
әмбебапқа жақын секілді: барлық әлеуметтік таптар, еңбек етушілерді қоса 
есептегенде, капиталистік жүйеден пайда табатындар және оның жақтаушы-
лары болып шықты.
Онымен қоса бұрынғы Кеңес Одағы әлеуметтік экономикаға қарамастан, ка-
питалистік қоғамнан асып түспесе кем түспейтін қатыгез болды. Екі қоғамның 
әртүрлі экономикалық жүйеде дамығанын көріп отырған ойшылдар – сыни 
мектеп өкілдері деспоттықтың түп тамырын іздеуге мәжбүр болды. Олардың 
ең басынан іздегені – мәдениет.
Франкфурттық мектептің ертеде қарастырған мәселелерін талдай отырып, 
нақтырақ айтқанда, рационалдықты, мәдени индустрияны және білім индус - 
т риясын қосымша қызығушылықтар қатарына қосуға болады, олардың ішіндегі 
ең есте қаларлығы – идеологияға деген көңіл. Идеология дегенде сыни теорияшы-


310
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лар көбінесе әлеуметтік элита арқылы туылатын, естен жаңылдыратын жалған 
идеялар жүйелерін тұспалдаған. Қондырма мен бағыттарға сыни мектептің осы 
ерекше аспектілерін «үстемдіктің сынауы» деп аталатын категорияға жатқызуға 
болады (Agger, 1978; Schroyer, 1973). Үстемдікке деген қызығушылық бастапқы-
да 1930–1940 жылдары фашизм арқылы туындады, бірақ ол кейіннен капиталис-
тік қоғамдағы үстемшілдікке деген көзқарасқа қарай орнын ауыстырды. Қазіргі 
әлемде жеке тұлғалар өздерінің қайталанбас үстемдігіне қол жеткізді. Шынды-
ғында, басқару жүйесі соншалықты жетілген, оған басқарушылар тарапынан әде-
йілеп әрекет етудің қажеті жоқ. 
Бақылау мәдени әлемнің барлық аспектілеріне таралған, ең бастысы, ол ак-
тордың бойында интернализацияланады. Нәтижесінде, акторлар аса ірі әлеу-
меттік құрылымға үстемдік ете бастайды. Ал үстемдік ең жоғары деңгейіне жет-
кенде біртіндеп байқалмай кетеді. Себебі үстемдік акторларға кері әсер ететін 
және оларды шеттететін сипатта қабылданбағандықтан, әлем өз болмысына 
лайықты болып көрінеді. Акторлар әлемнің қандай болу керек екенін енді анық 
көрмейді. Осылайша, рационалды талдау жағдайды қалай өзгерте алатынын 
көре алмау салдарынан, сыни ойшылдардың пессимистік көзқарастары нығайа 
түседі. 
Сыни мектептің мәдени деңгейде назар аударған тақырыптарының бірі – 
Хабермастың (Habermas, 1975) легитимдік деп аталатын құбылысы. Леги-
тим дікті саяси жүйе арқылы, ал теориялық тұрғыдан қарағанда жүйенің өмір 
сүруін қолдайтын кез келген басқа жүйе арқылы реттеліп отыратын идеялар 
жүйесі ретінде сипаттауға болады.
Осы идеялар жүйесі, шындығында, не болып жатқанын жасыру үшін, саяси 
жүйені «мистификациялауға (mystify)» арналған. 
Мұндай мәдени қызығушылықтардан басқа сыни мектеп, сондай-ақ актор-
лар мен олардың саналары, қазіргі әлемде олар қандай өзгерістерге ұшырап 
жатқанына қатысты мәселеге назар аударды. Көпшілік санасы сыртқы күш-
тер (мәдени индустрия секілді) бақылауына тап болды. Нәтижесінде, көпші-
лік революциялық сананы сіңіре алмады. Өкінішке орай, сыни теорияшылар 
көп теген марксистер, әлеуметтанушылар секілді жеке сана мен мәдениет ара-
сын дағы нақты айырмашылықты парықтауға шамалары келмеді, сонымен қоса 
көптеген байланыстарды да атамай үстіртін болжам жасаумен шектеледі. Өз 
еңбектерінің басым бөлігінде олар деңгейлерді ауыстырып жатқанын түсінбей, 
сана және мәдениет арасында әрі-бері байбалам салумен болады.
Бұл тарапта сыни мектеп өкілдерінің, әсіресе Маркузе (1969), Фрейдтің са-
налы (және бейсаналы) деңгей идеясын мәдениетті түсіндіруге қолданбақ бол-
ған талпынысы зор маңызға ие болды. Сыни теорияшылар Фрейдтің шы ғар-
машылығындағы үш бөлікті атап өтті: 1) теория түзу барысында жұмыс істеуге 
қажетті психологиялық құрылым; 2) қазіргі қоғамның негативті әсерін, сонымен 
қатар революциялық сана дамуындағы сәтсіздіктерді түсінуге мүмкін дік бере тін 
психопатология; 3) психикалық тұрғыдан босату мүмкіндігі (G.Friedman, 1981).
Жеке санаға қызығушылық білдірудің артықшылықтарының бірі – бұл сыни 
мектептің ұстанатын пессимизміне және мәдени шектеулерге қатысты көзқа-
растарына пайдалы түзетуді ұсынады. Адамдар жалған қажетті ліктермен рух-
танып, бақыланады және сезімталдығынан айырылады, Фрейдтің терминімен 
айтатын болсақ, олар либидоны (кең мағынада, жыныстық энергия) иеленеді. 
Ал ол өз кезегінде үстемдіктің басты формаларын құлатуға бағытталған шығар-
машылық әрекеттің қайнар көзін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет