Алеуметтану тероиясы indb


Неомарксистік экономикалық әлеуметтану



Pdf көрінісі
бет249/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   596
Неомарксистік экономикалық әлеуметтану
 
Көптеген неомарксистер (мысалы, сыни теорияшылар) экономикалық инсти-
тутқа қатысты ескертулердің кемшіліктерін сынай отырып, ішінара түсі нік те-
ме берді, оған экономикалық детерминистердің қарсы реакциясы себеп болды. 
Алайда бұл сыни ескертулер бірқатар қарсы шабуылға тап болғаны белгілі. Бұл 
бөлімде біз экономикалық салаға қайта баса назар аударған кейбір марксистер-
дің жұмысын талдаймыз. Олардың басты мақсаты марксистік теориясын зама-
науи капиталистік қоғамның болмысына бейімдеу болып табылады (Lash and 
Urry, 1987, Mészáros,1995).
Біз осы бөлімде олардың шығармашылығының екі негізгі бағытын қарас ты-
рамыз. Біріншісі, капитал мен еңбектің ауқымды мәселесіне баса назар аударады. 
Екіншісі, тар әрі заманауи фордизмнен постфордизмге көшу мәселесін қамтиды.
Капитал және еңбек
Маркстің экономикалық құрылымдар мен процестерге қатысты бастапқы тү-
сінігі оның кезіндегі капитализмді талдауға негізделді, біз оны бәсекеге қабі-
летті капитализм деп санаймыз. Капиталистік салалар салыстырмалы түрде 
кең ауқымды болмаған, соның нәтижесінде бірде-бір сала немесе кішігірім 
сала топтары нарыққа түбегейлі, даусыз бақылау жүргізе алмады. Маркс 
экономикасының көптеген қағидасы капитализм бәсекеге қабілетті жүйе 
деген тұжырымдамаға негізделген. Бұл тұжырымдама сол заманға сай келе-
тін. Әрине, Маркс болашақ монополиялардың мүмкіндігін болжады, бірақ 
ол оларға қысқаша ғана түсініктеме берді. Кейінірек марксистік теорияшы-
лардың көпшілігі Маркс кезіндегі капитализм сол күйі сакталғандай әрекет 
етуді жалғастыра берді.
Монополиялық капитал.
Бұл тұрғыда біз Пол Бэран мен Пол Суизидің
(Paul Baran and Paul Sweezy, 1966; Toscano, 2007) жұмыстарын зерделеуіміз 
керек. Олар марксизмнің әлеуметтік ғылымдар мен қоғамдық танымал тұжы-
рымдарды қайталауын және капиталистік қоғамдағы маңызды оқиғаларды тү-
сіндіре алмағанын сынаудан бастады. Олар марксистік теорияны бәсекелестік 
экономикаға деген көзқарасқа негізделгені үшін тоқырауда деп айыптады. Қа-
зір гі заманғы марксизм теориясы, олардың пікірінше, бәсекеге қабілетті капита-
лизмнің ығысып, монополистік капитализмге орын бергенін мойындауы керек.
Монополиялық капитализмде бір немесе бірнеше капиталистер экономи-
каның нақты секторын басқарады. Әрине, монополистік капитализмде, бәсе-


322
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
келестік капитализмге қарағанда, бәсекелестік әлдеқайда аз. Бәсекелестік ка-
питализмде ұйымдар бағалық негізде бәсекелеседі, яғни капиталистер арзан 
бағаларды ұсына отырып, көбірек тауар сатуға тырысады. Монополиялық ка-
питализмде фирмалардың мұндай жолмен бәсекеге түсуінің қажеті жоқ, себебі 
бір немесе бірнеше фирма нарықты басқарады; бәсекелес сату саласына көшеді. 
Жарнама, қаптама және әлеуетті тұтынушылардың назарын аудартудың басқа 
да әдістері бәсекелестіктің негізгі аумағы болып табылады.
Бағадан сатылымға дейінгі бәсекелестік қозғалысы – монополистік капи-
тализмге тән басқа процесс прогрессивті рационалдандырудың бір бөлігі. Баға 
жарыстары жоғары деңгейде өте иррационалды болып көрінеді. Демек, моно-
полистік капиталистің көзқарасына сәйкес, төменгі пайдамен тіпті банкроттық 
туралы ештеңе айтпай тұрып, бағаларды төмендетуді ұсыну нарықтағы хаосқа 
ғана әкелуі мүмкін. Сату бәсекелестігі, керісінше, қатаң жүйе болып саналмай-
ды, іс жүзінде жарнама өнеркәсібін жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа 
тауардың сату құны мен жарнамалауды қоса отырып, жоғары бағаны сақтауға 
болады. Осылайша, сатылымдық бәсекелестік баға бәсекелестігіне қарағанда 
әлдеқайда қауіпті.
Монополистік капитализмнің тағы бір маңызды аспектісі – ірі корпора-
циялардың өсуі, экономиканың көптеген секторларын басқаратын бірнеше ірі 
корпорацияның пайда болуы. Бәсекелестік капитализм кезінде ұйым дербес 
кәсіпкердің бақылауымен бақыланатын. Қазіргі заманауи корпорация көпте-
ген акционерлерге тиесілі, бірақ бірнеше ірі акционерлер тобы акциялардың 
көпшілігіне ие болады. Корпорация акционерлерге «тиесілі» болғанмен, ме-
неджерлер өзекті күнделікті бақылауды жүзеге асырады. Менеджерлер моно-
полистік капитализмде шешуші рөл атқарады, ал кәсіпкерлер бәсекелестік ка-
питализм кезінде басты рөлге ие болған. Менеджерлердің айтарлықтай билігі 
бар, олар сол билікті сақтап қалуға тырысады. Олар тіпті қаржыландырудың 
сыртқы көздеріне сүйенуді мақсат тұтпай-ақ, ішкі қажеттіліктерге қол жеткі-
зуге мүмкіндігінше тырысып, өзінің фирмалары үшін қаржы тәуелсіздігіне ие 
болудың амалдарын іздейді.
Бэран мен Суизи заманауи капиталистік қоғамдағы корпоративтік менед-
жердің орталық ұстанымына қатысты ескертулерді атап көрсеткен. Менеджер-
лер ұйымның кірісін барынша арттыруға тырысатын жоғары ұтымды топ бо-
лып есептеледі. Сондықтан олар ерте кәсіпкерлерге тән тәуекелшіл қадамдарға 
баруға бейім емес. Менеджердің кәсіпкерлерге қарағанда болашағы әлдеқайда 
өрісті. Ерте кезеңдегі капиталистер қысқа мерзімде табысын арттыруға мүд-
делі болған болса, қазіргі заманғы менеджерлер мұндай әрекеттер фирманың 
ұзақ мерзімді кірісіне кері әсерін тигізетін бейберекет бағалық бәсекелестікке 
әкелуі мүмкін екенін біледі. Осылайша, менеджер қысқа мерзімді белгілі бір 
пайдадан бас тартып, өнеркәсіп үшін ұзақ мерзімді кірісті барынша арттыруға 
тырысады.
Бэран мен Суизи әртүрлі сипаттағы сыни пікірлерге ұшырады. Мысалы, 
олар менеджерлердің рационалдығын асыра бағалады дейді. Герберт Саймон 
(1957) менеджерлер ең тиімді және ең рационалды шешімдерден гөрі, мини-
малды қанағаттанарлық шешімдер табуға (және тек қана олар оны табуға қабі-
летті) мүдделі екендіктерін айтады. Тағы бір мәселе – менеджерлердің шын мә-
нінде заманауи капитализмнің негізгі тұлғалары болып табылатыны. Көптеген 
адамдардың капиталистік жүйені шын мәнінде бақылайтын ірі акционерлер 
екенін дәлелдеуіне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет