Алеуметтану тероиясы indb


Символикалық интеракционизм: негізгі принциптер



Pdf көрінісі
бет281/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   596
Символикалық интеракционизм: негізгі принциптер
Бұл тараудың негізгі мәселесі – символикалық интеракционизм теориясының 
негізгі қағидаларын қарастыру. Аталмыш теорияны жалпы түрде сипаттауға 
тырысуымызға қарамастан, оны негіздеу қиынға соғады, себебі Пол Рок айт-
қандай, оған «әдейі жасалған бұлыңғырлық» пен «жүйелендіруге қарсылық» 
сипаты тән (1979:18–19).
Символикалық интеракционизмде айтарлықтай айырмашылық бар, олар-
дың бір бөлігін төменде қарастырамыз.
Кейбір символикалық интеракционистер (Blumer, 1969a; Manis and Meltzer, 
1978; A. Rose, 1962; Snow, 2001) бұл теорияның негізгі қағидаларын жүйелеп 
беруге тырысты.


375
9-тарау

Символикалық интеракционизм
1. Адамның төменгі сатыдағы жануарларға қарағанда ойлау қабілеті бар.
2. Ойлау қабілеті әлеуметтік өзара әрекеттесу арқылы қалыптасады.
3. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас барысында адамдар ерекше ойлауға 
мүмкіндік беретін мәндер мен символдарды игереді.
4. Мағына мен символдар адамдарға өзара қарым-қатынас жасауға мүмкін-
дік береді.
5. Адамдар жағдайды түсіндіру үшін өзара әрекеттесу барысында қолда ны-
латын мағыналар мен символдарды түрлендіріп немесе өзгерте алады.
6. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау қабілетінің арқасында моди-
фикация мен өзгертуді жүзеге асырады, бұл оларға әрекет ету бағыттарын 
зерттеуге, өздерінің салыстырмалы түрдегі артықшылықтары мен кем ші-
ліктеріне баға беріп, кейін бір жолды таңдауларына мүмкіндік ашады.
7. Әрекет пен өзара әрекеттесудің бір-бірімен байланысқан құрылымдары 
топтар пен қоғамды құрады.
Ойлау қабілеті
Адамның ойлау қабілетіне қатысты түсінік символикалық интеракционизмді 
оның бихевиористік тамырынан мүлде ерекшелейді. Бұл болжам символика-
лық интеракционизмнің барлық теориялық бағдарының іргесін қалады. Бер-
нард Мельцер, Джеймс Петрас және Ларри Рейнольдс сынды ғалымдар Джемс, 
Дьюи, Томас, Кули, сонымен қатар Мид сияқты алғашқы символикалық инте-
ракционистердің адамның ойлау қабілетінің бар екенін болжап дәлелдеулері, 
олардың ірі жетістіктерінің бірі дейді: «Индивидтер адамзат қоғамындағы ішкі 
және сыртқы күштерімен немесе белгіленген құрылым шеңберінде бақы лан-
байтын бейтарап тұлға ретінде қарастырылған жоқ. Керісінше, олар әлеуметтік 
тұтастықты құрайтын ойлау қабілеті бар және өзара әрекеттесетін тұлға ретін-
де қарастырылған еді» (1975:42). Ойлау қабілеті адамға шалыс баспай, саналы 
әрекет етуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда адамдар өздерін ұстап, еркінсімей 
өз әрекеттерін басқарулары қажет.
Ойлау қабілеті сананың астарында жатады, алайда символикалық инте-
рак ционистердің ақылға қатысты ерекше тұжырымдамалары бар, ол бойын-
ша, ақыл сананың әлеуметтенуі барысында пайда болады. Олар оны мидың 
физиологиялық құрылымынан өзгешелейді, ақылды болуы үшін адамдардың 
миы болуы қажет, алайда ақыл мидан пайда болмайды (Тгоуег, 1946). Сим-
воликалық интеракционистер де ақылды – зат, физикалық құрылым ретінде 
емес, жүзеге асып жатқан процесс ретінде қарастырады. Бұл процесс кейіннен 
өзі ынталанған реакцияның жалпы процесінің бөлігіне айналады. Ақыл симво-
ликалық интер ак ционизмнің барлық ұғымдарымен, соның ішінде әлеуметте-
ну, мағына, символдар, өзіндік мән, өзара әрекеттесу, тіпті қоғам ұғымдарымен 
байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет