521
12-тарау
•
Қазіргі
феминистік теория
1. Бұл тарау, ең алдымен, осы халықаралық күш-жігердің ағылшын тіліне қосқан үлесіне негіз-
делді.
2.
Гендер сөзі XIV ғасырдың басында пайда болды, ол кезде бұл сөз әсіресе грамматиканы тал-
қылауда, жыныстық сипатты айқындау тұрғысында пайдаланылды (зат есім – еркек немесе
әйел деп түсінгеніне қарай).
Гендер кейбір мағынада
жыныс пен өзара алмастыруға келетін
негізде 1900 жылдардағы ерте әлеуметтану еңбектерінде жиі қолданылды.
Биологиялық
белгіленген атрибуттар мен әлеуметтік жаттанды мінез-құлық арасындағы айырмашылық-
тардың бірінші феминистік әлеуметтану тұжырымдамасын Шарлотта Перкинс Гилман 1898
жылы шыққан
Women and Economics («Әйелдер және экономика») атты классикалық еңбе-
гінде ұсынған еді. Ол жерде біз қазір
гендер деп түсінетін ұғымға сілтеме жасау үшін
шама-
дан тыс жыныстық айырмашылық тұжырымдамасын жасады.
3. Кейбір өзге классификациялық жүйелер (Chafetz (1988); Clough (1994); Glennon (1979);
Jaggar (1983); Jaggar and Rothenberg (1984); Kirk and Okazawa-Rey (1998); Lengermann and
Wallace (1985); Snitow, Stansell and Thompson (1983); Sokoloff (1980); Tong (1998) бұрыннан
бар. Оқырмандар мұнда ұсынылған идеалды типтің тепе-теңдігі немесе күшеюі үшін
осы жұ-
мыстарға жүгіне алады. Бәрін қосқанда, бұл еңбектер феминистік теорияның ұзын тізімін
құрайды, оның ішінде: қара феминизм, консерватизм, экспрессионизм, экофеминизм, экзис-
тенциализм, жаһандық инструментализм, лесбиян феминизмі, либерализм, марксизм, поля-
ризм, психоаналитикалық феминизм, радикализм,
сепаратизм, социализм және синтетизм.
Біздің типологиямыз осы теориялардың көпшілігін жинақтауға тырысады, бірақ әрдайым
осы нақты белгілер арқылы анықталғандай емес.
4. Еуропалық феминистердің лакандық психоаналитикалық теорияны қолдануы жоғарыда ай-
тылған «Жыныстық айырмашылық теориялары» бөлімінде талқыланды, бұл бөлім психо-
аналитикалық теорияның тағы бір тармағын – объектілі қарым-қатынас теориясын және
оны америкалық феминистердің тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қарастырады.
5. Кейбір неомарксистер, әсіресе сыншыл теорияшылар идеологияның түсіндірмелі мәнін қай-
та бағалады (8-тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: