Жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.
Аумақтық өзгерістер:ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «ЖетісуСырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генералгубернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астраха губерниясына қарады.Басқарудағы өзгерістер:1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды.Облыс орталықтарында полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейге сонша,сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолындаболды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.Сотжүйесіндегөзгерістер:1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырд Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақста отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлықпәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүру үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясын шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.Осындай шаралар арқыл Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аударуқозғалысына күштісерпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті.1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. .1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. .Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды. Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт–азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды. Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал–губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық, ауылдық) қызметкерлері, жергілікті (бұратана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді..Отарлық ұлт аудандарының “ұйқыдан оянуына” негіз болған оқиға – “Қанды жексенбі” Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда болды. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда ұйымдасқан қарсылықтар болып өтті. Торғай, Семей, Орал облыстарындағы қазақ шаруаларының бой көтеруі-патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсылығының көрінісі болды. Семей, Ақмолада құрылған социал-демократиялық ұйымдар, Орал мен Торғайдағы астыртын топтар еңбекшілердің әлеуметтік құрамын кеңейтті. 1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыда өткен осындай халықтық жиынға Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.
Мурхамбетов Тайлан Қолданылған материалдар: История Казахстана.Учебник для ВУЗов; https://world-