Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет371/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   596
 еді. 
Субъективтіліктің феминистік әлеуметтануы алдымен мына сұрақты қояр 
еді: өз тәжірибесі қалыптасқан әлеуметтік тәжірибеге сәйкес болмаған кезде 
адамдар қалай тіршілік етеді? Бәз біреулер ол жайлы бас қатырмай-ақ өмір сүре 
береді; басқалар өз тәжірибесін түсінуі үшін индивидуалды типтерді қалыптас-
тырады; үшіншілері осындай екіжақты шындықты қабылдайтын өзгелермен ор-
тақ тіл табысуға тырысады; төртіншілері өз тәжірибелерінің шындығын жоққа 
шығарады.
Әйелдер субъективтігіне қатысты жалпылама тұжырымдамалар барлық ба-
ғыныштылардың субъективтігіне ортақ болуы мүмкін: 1) олардың рөлді қабыл-
дау тәжірибесі биліктегі айырмашылықтарға байланысты жат болып саналатын 
басқаның болжамын зерттеу қажеттігін түсінумен күрделенеді; 2) олар тек бір 
ғана жалпыланған өзгемен емес, сондай-ақ мықтылардың мәдениетіндегі де, 
билігі әлсіз немесе билігі жоқ әртүрлі субмәдениеттердегі де көптеген жалпы-
ланған өзгелермен байланысты болу керек; 3) оны жүзеге асыра алатындары 
туралы әсіресе америкалық этос аясында жиі айтылса да, олар өздерін бір мақ-
сатқа бағытталған әлеуметтік акторлар ретінде сезінбейді; 4) ең бастысы, олар 
күнделікті өмірде екіге бөлінген санамен өмір сүреді, өздерінің бастан өткізген 
тәжірибелерімен үстемдік ететін мәдениет тұжырым дамасы арасындағы айыр-
машылық сезімі – бұл әлеуметтік шындық.
Біздің талқылауымыз толыққанды субъектіге, яғни үздіксіз, тоқтаусыз өзін-
өзі танып, түйсінуге қабілетті индивидке (әйел мен ерге) қатысты айтылды. 
Тұтас субъекті жайлы тұжырым феминистік теория үшін аса маңызды, өйткені 
дәл осындай субъектінің ғана азапқа төзуге, құндылықты бағалауға, қарсылық 
көрсетуге немесе барлығын өз қалпында қабылдауға қарым-қабілеті жетеді. 
Тұтас субъект – әлеуметтік өзгерістердің маңызды агенті. Бірақ бізді осындай 
субъектінің қаншалықты толыққанды екені қызықтырады. Жалпылама өзге-
ні шын мәнінде «өзге» немесе «бөтен» субъектінің, тек белгілі бір жалпылама 
өзгемен ғана емес, сонымен бірге осындай көптеген образдар арқылы кезіге-
тін субъектінің, санасы екіге бөлінген, тұлғасы өзгеруге және дамуға қабілетті 
субъект нәтиже ретінде емес, процесс ретінде қарастырылу қажет. Осындай 
тұтас болудың орнына басқа бөліктерден тұратын «менді» қабылдау тұлғаның 
феминистік теорияларына тән, сонымен қатар бұл қарсыласумен өзгерістер 
жайлы феминистік идеялардың түпкі мағынасы. «Менді» қолда нулары «тұтас 
субъектінің немесе сананың» болу мүмкіндігіне күмән тудыратын сыни пост-
модерндік феминизмде (жоғарыда қарастырылып өткен) тым бөл шектеніп ке-
теді. Бірақ тұлға, яғни кез келген «мен» ұдайы өзгерісте бол са, ондай жағдайда 
жалпы тұлғаны қалай анықтауға болады? Дегенмен постмодернизмді сынға 
алатын феминистер әйелдердің күнделікті өмір тәжі рибелеріндегі мәлімдеме-


520
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лерге негізделіп, жауап қайтарады. Олар «мен ол кезде өзім болмадым» немесе 
«мен осы кезге дейін өзім болмағанмын» деп айтқан кезде, өзгеріске ұшыраған 
тұрақты өзіндік болмысын және осы өзгеріс туралы білетін белгілі бір өзіндік 
болмыс бар екенін меңзейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет