Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет373/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   596
Ескертпелер
ныштылар арқылы орындалады. Доминанттар қоғамның өнімді жұмысын реттеп, бақылап оты-
рады. Оның ішінде тек экономикалық өндірісті ғана емес, сондай-ақ қайта өндіру саласындағы 
әйелдердің әлеуметтік жұмысын қоса бақылайды. Үшіншіден, қоғамдағы микроиндус триалдық 
процестер – үстем-бағынышты тарап келісімдерінің күшіне енуі, бұл процесс мықты актор-
лар және бағынышты акторлар тұрғысынан әртүрлі түсіндіріледі. Төртіншіден, бұл жағдайлар 
әйелдер субъективтігінде патриархалдық идеология мен әйелдер өмірінің өзекті мәселелерінің 
тәжірибесін салыстыруға байланысты жарық бойымен бифуркацияланған сананы қалыптасты-
рады. Бесіншіден, әйелдер үшін айтылған сөздер барлық бағыныштыларға бірдей болмаса да, 
сол мағыналы формада қолданылады.


13
Микро-макро
және агенттік-құрылымдық
интеграция


523
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Микро- және макроинтеграция
Агенттік-құрылымдық интеграция
Агенттік-құрылымдық және микро-макробайланыстар: басты айырмашылықтар
Тарау мазмұны
Б
ұл тарауда ХХ ғасырдың аяғындағы әлеуметтану теориясындағы жетекші 
екі бағыт талданады. Біріншіден, әлеуметтанудың Құрама Штаттардағы 
1980 жылдардан қазірге дейін жалғасып келе жатқан қарқынды дамуын 
қарастырамыз (алайда оның маңызды алғышарттары болды). Бұл, ең алды-
мен, микро- және макробайланыстарға қызығушылықтың артуына байланысты 
(Barnes, 2001; J. Turner, 2007b; Turner and Boyns, 2001). Әрі қарай Еуропа әлеу-
меттану теориясында кеңінен қатар дамыған агенттік пен құрылым арасындағы 
өзара байланысқа қызығушылықтың өсуін талқылаймыз. Америкалық ғалым-
дардың микро- және макроинтеграциялар және еуропалық зерттеушілердің 
агенттік пен құрылымға арналған еңбектері арасында ұқсастықтары да, сондай-
ақ елеулі айырмашылықтары да бар.
Бұл тарауда көрсетілген теорияларды метатеориялық жұмыс үлгілері деп 
басқаша сипаттауға болады. Теорияшылар әлеуметтік әлемді өздерінің зерттеу 
пәні ретінде қабылдаса да, метатеорияшылар әлеуметтану теориясының негізін 
қалайтын құрылымды жүйелі зерделеуге қатысады (Ritzer, 1991b, Ritzer, Zhao 
and Murphy, 2001; Zhao, 2005, 2001). Метатеориялар теориялар жүйесін құрас-
тыру үшін әртүрлі теорияларды (мысалы, макробағытталған теориялар немесе 
микробағытталған теорияларды) тұтас қамтып, біріктіруге тырысады.
1
Микро-
макро- және агенттік-құрылымдық әдебиеттерді теориялық синтездің үлгілері 
ретінде қарастыруға болады, осылайша олар осы кітаптың ІІ бөлімінде берілген 
әртүрлі көзқарастарды қамтитын теориялық синтезге қарай бағытталған кең 
өрісті қозғалыстың бөліктері ретінде талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет