Алеуметтану тероиясы indb


13-тарау • Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция Макроәлеуметтанудың микронегіздері



Pdf көрінісі
бет381/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   596
533
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Макроәлеуметтанудың микронегіздері. Рэндалл Коллинз (1981a; see also 
1981b) өзінің On the Microfoundations of Macrosociology («Макроәлеуметтанудың 
микронегіздері туралы») атты эссесінде микро-макродеңгейлердің байланысы 
жайлы сұраққа қатысты (for a critique, see Ritzer, 1985) аса редукционистік тә-
сілді ұсынды. Эссенің негізінен интегративті атауына қарамастан, Коллинздің 
өзі оны «радикалды микроәлеуметтану» деп атайды. Оның басты мақсаты «бел-
гілі бір уақытта бір-бірімен кеңістікте қиылысатын өзара әрекеттесу тәжірибе-
сінің жеке тізбектерінің» байламы немесе ол «өзара әрекеттесудің ритуалды тіз-
бектері» деп атаған (Randall Collins, 1981a:1998). Өзара әрекеттесудің ритуал-
дық тізбектеріне сүйене отырып, Коллинз өзі тым редукционистік деп санайтын 
жеке мінез-құлық пен сана қиындықтарының алдын алуға тырысады. Коллинз-
дің осындай талдау деңгейі өзара әрекеттесулер, «өзара әрекеттесу тізбектері» 
және оларға арналған «нарықты» қамтиды. Коллинз ойдың және іс-әрекеттің 
(мінез-құлықтың) экстремалды микродеңгейлерін жоққа шығарады және осы 
деңгейлерге назар аударатын теорияларды (мысалы, феноменология мен айыр-
бас теориясын) сынайды.
Сонымен бірге Коллинз макродеңгей құбылыстарына көз тігетін теория лар-
дан да бойын аулақ ұстайды. Мысалы, ол көбінесе макрообъективті (құры лым) 
және макросубъективті (нормалар) құбылыстарға қызығатын құрылымдық 
функционализмнің ізбасарларын сынайды. Шындығында, ол тіпті «норма лар-
дың терминологиясын әлеуметтану теориясынан алып тастау қажет» деп те 
айтқан (Collins, 1981a:991). Ол конфликт теориясымен байланысты тұжырым-
дамаларға да негативті көзқарас білдіреді. Онда конфликт теориясымен байла-
нысты тұжырымдамаларға ұқсас негативті қатынас бар, мысалы, меншік пен 
билік сияқты «бөлшектеуге келмейтін объективті» болмыс жоқтығын тұ жы-
рымдайды; тек әртүрлі сезімдер ғана бар, адамдар оларды белгілі бір жерлерде 
және белгілі бір уақытта ғана сезінеді, бұл мәжбүрлеуші коалициялар сонша-
лықты күшті (Collins, 1981a:997). Оның пікірінше, тек адамдар ғана шынымен 
бір нәрсені істеуге қабілетті; құрылымдар, ұйымдар, таптар мен қоғам «еш қашан 
еш нәрсе жасамайды. Себебі кез келген дүние, ақыр аяғында, шынайы индивид-
тердің іс-әрекеттерімен байланысты» (Collins, 1975:12).
Коллинз «барлық макроқұбылыстарды» «микрооқиғалардың комбинация-
сына» аудару мүмкін екенін көрсетуге тырысады (Collins, 1981:985). Соның 
ішінде, ол барлық әлеуметтік құрылымдар «қайталанатын микро- өзара әре-
кеттесу модельдеріне» эмпирикалық түрде ауыса алады деп тұжырымдайды 
(Collins, 1981:985). Яғни Коллинз интеграцияланған бағытты емес, микро-
теория мен микродеңгейдегі құбылыстардың басым болуын іздейді (for a 
similar critique, see Giddens, 1984). Коллинз айтқандай: «Макроәлеуметта-
нуды ради калды эмпирикалық микронегізде қалпына келтіруге бағыттал-
ған күш-жігер табысты әлеуметтану ғылымына бағытталған шешуші қадам»
(Collins, 1981b:82).
Коллинз ұсынған тәсілді Карин Кнорр Цетинаның (Knorr-Cetina, 1981a) 
теориялық бағытына қарсы қойып салыстыруға болады. Ол өзара әрекеттесу 
саласына біраз көңіл бөлсе де, оның жұмысында сана-сезімге, сондай-ақ макро-
деңгейдің құбылыстарына үлкен мән беріледі. Кнорр Цетина, Коллинз сияқты, 
макроәлеуметтануды микроәлеуметтану негізінде радикалды қайта құрудың 
пайдасына икемдейтін дәлелдер келтіреді, алайда бұл тұрғыда оның радикалды-
ғы төменірек, өйткені ол тек микроәлеуметтану нәтижелерін макроәлеуметтік 
теориямен біріктіруге ғана тырысады. Ол микроәлеуметтану зерттеуінің түпкі 


534
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
мақсаты – қоғамды, оның құрылымдары мен институттарын тұтас қарастырып, 
ең тиімді жолмен түсіну керек деген пікірге қосылады:
«Мен... микроәлеуметтік тәсілдердің көмегімен макротәртіп орнату тура-
лы көбірек біле түсеміз деген таңғарлық парадоксқа шынымен иланамын, 
өйткені олар өздерінің ашық эмпиризмінің арқасында біз айтып отырған 
шындықты көруге мүмкіндік береді. Әрине, біз микроскопиялық жазба-
мен бетпе-бет келгенде, олардың өзара әрекеттесуінің мәнін түсіне ал-
маймыз. Алайда біз макротәртіптің «тамыр соғуын» жіті сезінсек, бастама 
үшін соның өзі айтарлықтай жеткілікті болар еді».
(Knorr Cetina, 1981:41–42) 
Коллинзге қарағанда Кнорр Цетина макро- және микродең гейлерге қатысты 
әлдеқайда теңдестірілген позиция ұстанады.
Одан кейін Эрон Сикурелдің интегративті позициясы алдыңғы орынға шы-
ғады (Cicourel, 1981). «Микро, макроқұрылымдар ыңғайлылығына, белгілі бір 
уақытта өзара әрекеттесетініне қарамастан, талдаудың толыққанды деңгей ле-
рі емес» (Cicourel, 1981:54). Бұл жерде Коллинз ұстанатын тәсілдің сыны жа-
нама түрде берілген, бірақ Сикурел Коллинздің көзқарасын әлдеқайда ашық 
сынайды: «Мәселе талдаудың қандай да бір деңгейін елемеуде, зерттеушілік 
және теориялық шеңберлерді жоққа шығаруда ғана емес, сондай-ақ оларды бі-
рінен-бірін кемсітпей, тең дәрежеде қалай біріктіру қажет деген ойда жатыр»
(Cicourel, 1981:76). Сикурел макро- және микродеңгейлерді біріктірудің маңыз-
дылығын түсініп қана қоймай, ол осындай түрдегі интеграция онтологиялық, 
теориялық және методологиялық сипатқа ие екенін түсінеді.
Коллинз бір кездері микродеңгей құбылыстарын зерттеуді жалғастырып, ре-
дукционизмді ұстанған. Мысалы, өзінің кейінгі жазылған еңбектерінің бірінде ол 
мынадай тұжырым жасайды: «Макроқұрылым қайталанып тұратын (немесе кей-
де белгілі бір уақытта кеңістікте өзгеріп тұратын) микро әрекеттесулердің саны-
нан артық емес» (Collins, 1987:195). Ол: «Мен микро деңгейге көп мән беретіндей 
көрінемін. Бұл – шындық», – деп ашық мойындаған (Collins, 1987:195). Алайда 
бір жыл өткен соң Коллинздің (Collins, 1988) макро деңгейдің елеулі маңызын 
көрсетуге әрекет жасағанын айтып өткен жөн. Бұл оның микро, макродеңгей-
лердің өзара байланысының теңгерімді тұжырымдамасын ұсынуына алып келді: 
«Микродан макродеңгейге көшу барлық «макро» «микродан» құралатынын көр-
сетеді. Керісінше, барлық «микро» – макроқұрылымның бөлігі: ол макроконтекс-
те бар... Микро-, макродеңгейлі бай ланысты кез келген бағытта қолдануға бола-
ды» (Collins, 1988:244). Соңғы тұжырым айтарлықтай диалектикалық. Дегенмен 
Коллинз (1988:244), Коулман (1986, 1987) секілді, әлеуметтануға қойылатын 
«басты талап» – «микроөлшем макроға қалай әсер ететінін» көрсету деген пікірге 
қосылады. Осылайша, Коллинз өзінің микро-макротеориясының шамалап өсуін 
көрсет кенмен, ол әлі де шектеулі бағыт болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет