538
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Дәлірек айтсақ, Элиасты Батыс адамдарының мінез-құлқы мен психо-
ло гиялық бейнесінде бірте-бірте болатын өзгерістер қызықтырады (Elias,
1997). Нақ осы өзгерістер
The Civilizing process («Өркениет процесі») кіта-
бының ([1939] 1978)
The History of Manners («Әдеп та рихы») атты бірін-
ші томында талданған. Ал
Power and civility атты екінші томында ([1939]
1982) Элиас адамдардың мінез-құлқы мен психологиясындағы бір-бірімен
тығыз байланысты үлкен өзгерістерге назар аударады. Жалпы алғанда,
Элиас «қоғамдық құрылым және мінез-құлық, психологиялық кейіп құ-
рылымындағы өзгерістер арасындағы өзара байланыстармен» айналысады
(Elias, 1939/1994:xv).
Әдеп тарихын зерттей келе, Элиас бірте-бірте қазіргі кезде мәдениетті
деп атайтын мінез-құлықтың ең үлгілі түрлерінің тарихи трансформация-
сына көңіл бөледі (алайда өзгерістердің кері бағыты байқалған кезеңдерді
де белгілейді; Elias, 1995; Mennell, 2005b). Тарихи бейнені орта ғасырлардан
бастаса да, ол өркениет дамуының бастапқы (немесе соңғы) нүктесі жоқ және
болуы мүмкін еместігін түсіндіреді: «Ұзақ әлеуметтік процестерді қарастыру
барысында абсолютті бастауын нұсқау әрекетімен салыстырғанда, еш нәр-
се соншалықты жеміссіз бола алмас» (Elias, [1969] 1983:232). Сәйкесінше,
өркениеттену үдерісін ежелгі кезеңнен байқауға болады, олар қазіргі кезде
бар және болашақта да болады. Өркениетке қадам басу – үздіксіз эволюция-
лық процесс, Элиас оны тиімді ету үшін орта ғасырлар мұрасынан қарастыра
бастады. Ол бізді ыңғайсыз жағдайға түсіретін дамып келе жатқан сезімтал-
дығымызды, бірте-бірте өзгелерді бақылауымызды, сондай-ақ басқа адам-
дарды терең түсінуімізге қатысты өзгерістерді бақылауға мүдделі. Алайда
Элиастың не істеп жатқанын түсінудің ең жақсы тәсілі абстракция арқылы
емес, керісінше, оның кейбір жеке нақты мысалдарын талқылау арқылы қол
жеткізіледі.
Дастарқан басындағы әдеп – Элиастың уақыт өте келе ұялу сезімінің ар-
туымен байланысты болған ең негізгі ұстанымы. Адамдардың ХІІІ ғасырда
қысылмай жасаған әрекеті ХІХ ғасырда дөрекі болып көрінді. Сонымен бірге
жиіркеніш тудыратын нәрсе күн өткен сайын
«қоғамдық өмірден мүлдем өшірі-
луі» де мүмкін (Elias, [1939] 1994:99).
Мысалы, ХІІІ ғасырдағы поэмада: «Кейбір адамдар сүйекті мүжіп, ке-
йін оны қайтадан табаққа қояды – бұл ауыр қылмыс», – деп ескертеді (Elias,
[1939] 1994:68). Басқа бір кітапта: «Дастарқан басында көз уқалап, құлақ, мұр-
нын шұқу әдепсіздікке жатады» делінген (Elias, [1939] 1994:71). Аталған ты-
йымдар сол уақыттағы адамдар өздерін әдепсіз ұстап, бұл әрекеті қоршаған
ортасы үшін қолайсыздық тудырмағанын көрсетеді. Мұндай ескертулер қажет
еді, өйткені адамдар оның «мәдениетсіздік» екенін білмеді. Уақыт өте келе ол
жазылмаған қағидаға айналды. ХVI ғасырдың соңындағы құжатта: «Тамақты
қолмен алып жеп, саусақты жалап, тұздықты саусақпен араластыру немесе
оған шанышқымен нан батырып, кейін оны сорудан асқан ұят нәрсе жоқ» де-
лінеді (Elias, [1939] 1994:79). Әлбетте, мұрын шұқу сынды саусақ жалаудан
әлдеқайда әдепсіз нәрселер
бар, дегенмен өркениеттің дамығаны соншалық –
мәдениетсіз іс-әрекетке тыйым салған қағидалар жалпы жұртқа белгілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: