601
14-тарау
•
Модернизмнің заманауи теориялары
дің өзіміз туралы және өз қоғамымыз туралы айтатын, бәрін қамтитын тарих
арқылы жеткізіліп отырады. Постмодернистер әлеуметтік теорияшылардың
ұлы хикаяттарды (17-тарауды қараңыз) пайдаланбауы қажеттігі туралы айтса,
Тейлор біздің өміріміз заманауи ұлы хикаяларда келтірілген мәндер арқылы
жалғастырылатынын айтады. Бұл хикаялар қарастырылатын жағдайды те-
рең түсінуге мүмкіндік беріп, өмірімізді біздің түсінігімізсіз құрылымдайды.
Тейлор үшін, қазіргі Батыс қоғамының мүшелері
2
осы хикаялар мағынасы мен
маңыздылығына келіспесе де, олар ұсынған «мәндердің шегіне» бағытталмаса
болмайды.
Мысалы, теңдік тұжырымдамасы заманауи батыс қоғамындағы моральдық
игілік (яғни моральдық идеал) болды. Ол саясат, жұмыс және романтика сияқ-
ты әлеуметтік институттар туралы түсініктерді қалыптастырады. Гидденстің
осы тарауда талқыланған таза қарым-қатынас тұжырымдамасы – қазіргі заман-
ғы романтикалық әдістердің теңдік идеалдарымен қалай қалыптасатыны тура-
лы мысал. Адамдар қоғамның шынымен теңдікке қол жеткізгені немесе жет-
кізбегені туралы (мысалы, жақында ғана әйелдер саяси теңдікке қол жеткізді,
әсіресе қазіргі Батыста) дауласып, ал кейбіреулері теңдік идеалының заңдылы-
ғына (кейбір патриархалдық дүниетанымдық көзқарастар сияқты) шек келтіруі
мүм кін. Дегенмен теңдікке қатысты көзқарастарға қарамастан, қазіргі заманғы
Батыс қоғамында теңдік мәселесіне аса мұқият қарайды.
Мәселен, Тейлор заманауи моральдық бағдарлар туралы әңгімелеп жатқан-
да, қоғамдық өмірдің құрамына тереңінен еніп, біздің өзіміз туралы ойлайтыны-
мыздың тетігі болып табылатын идеалдар жиынтығы туралы айтады. Тейлор осы
заманғы әңгімелер мен моральдың қоғамдық өмірдің үш түрлі сферасын: өзіндік
мән (яғни selfhood) (1989), қазіргі заманғы әлеуметтік елес (2004) және дінді
(2007) зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: