Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет417/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   596
ЮРГЕН ХАБЕРМАС
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
shutterstock.com


600
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ЮРГЕН ХАБЕРМАС
Хабермас (1994:107) постмодерндік әлеуметтік теория болып табылатын за-
манауи-постмодернизмге қатысты өз көзқарасының және осы мәтіннің 17-та-
рауына көшудің жағымды түйінін ұсына келіп, былай дейді: «Жаңа заман ұғы-
мы бақытты уәде ету емес. Бірақ постмодернизм туралы барлық әңгімелерге 
қарамастан, өмірдің бұл түріне ұтымды балама жоқ. Онда біз үшін өмірдің осы 
түрін тәжірибелік тұрғыдан жетілдіруді іздеуден басқа тағы не қалды?».
Өзіндік мән, қоғам және дін
Чарльз Тейлор (1989, 2004, 2007) – әлеуметтану теориясындағы мәселелерді 
тікелей қарастырған философ. Ол әсіресе модернизм туралы еңбектерімен та-
нымал. Тейлордың шығармашылығындағы басты дәлел – қазіргі адам мен қо-
ғамның моральдық тәртіппен қалыптасатыны. Бұл моральдық бұйрықтар мәде-
ни құрылымдар арқылы немесе, Тейлордың атауы бойынша, ұлы хикаялар біз-
қалалар жариялаған Хабермас докторлық диссертациясын қорғамай тұрып, Гейдельбург уни-
верситетіне философия профессоры қызметіне шақырылды. Онда 1964 жылға дейін, Франкфурт 
университетіне философия және әлеуметтану профессоры болып барғанша жұмыс істеді. 1971 
жылдан 1981 жылға дейін Макс Планк университетінің директоры болып қызмет атқарды. Ол 
Франкфурт университетіне философия профессоры ретінде қайта оралып, 1994 жылы осы оқу 
орнының Құрметті профессоры атанды. Бірқатар беделді академиялық жүлделерді жеңіп алып, 
бірнеше университетте Құрметті профессор атағына ие болды.
Хабермас көп жылдар бойы әлемдегі жаңа марксистік көзқарастағы (Nollman, 2005b) жетекші 
маман болды. Дегенмен оның жұмысы көптеген теориялық материалдарды қамту үшін жылдар 
бойы кеңейтілді. Хабермас қазіргі әлемнің болашағына үміт артуды жалғастыруда. Бұл тұрғыдан 
жаңа заманның аяқталмаған жобасы туралы жазады. Маркс еңбекке баса назар аударса, Ха-
бермас, негізінен, коммуникациямен айналысады және оны еңбекпен салыстырғанда неғұрлым 
жалпы процесс деп есептейді. Маркс еңбекке капиталистік қоғам құрылымының бүркемеле-
ген әсеріне баса назар аударды, Хабермас болса, қазіргі қоғамның құрылымы коммуникация-
ны бұрмалап отырғанын зерттейді. Маркс толық және шығармашылық еңбекпен айналысатын 
болашақ әлемді іздесе, Хабермас еркін және ашық қарым-қатынаспен сипатталатын болашақ 
қоғамды іздейді. Осылайша, Маркс пен Хабермас теориялары арасында таңғаларлық ұқсастық 
бар. Жалпы алғанда, екеуі де модернист ретінде қазіргі заман жобасына сеніммен қарап (Маркс 
үшін – шығармашылық және орындаушылық жұмыс, Хабермасқа – ашық қарым-қатынас), оны 
әлі аяқталмаған деп есептеді. Алайда екеуі де болашақта бұл жобаның аяқталатынына сенді.
Болашаққа деген сеніммен қатар, дәл осы модернизмге мән беруімен, Хабермас көптеген 
атақты заманауи ойшылдардан, атап айтқанда, Жан Бодрийяр және басқа да постмодер-
нистерден ерекшеленді. Соңғылары нигилизмге жиі ұмтылғанымен, Хабермас өзінің өмір 
бойғы (және жаңа заманғы) тұжырымына сенуін жалғастырады. Сондай-ақ сол уақытта-
ғы басқа постмодернистер (мысалы, Лиотард ұлы әңгімелер жасау мүмкіндігін жоққа шы-
ғарғанда, Хабермас жаңа заманғы әлеуметтік теориядағы ең керемет теориямен жұмыс 
істеді және оны қолдап отырды. Постмодернистермен шайқас Хабермас үшін үлкен мән-
ге ие болды. Егер олар жеңетін болса, Хабермас соңғы ұлы модернист ойшыл ретінде көрі-
нуі мүмкін. Егер Хабермас (және оның жақтастары) жеңіске жетсе, оны модерндік жобаның 
және әлеуметтік ғылымдардағы ұлы теорияның құтқарушысы ретінде қарастыруға болады. 


601
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
дің өзіміз туралы және өз қоғамымыз туралы айтатын, бәрін қамтитын тарих 
арқылы жеткізіліп отырады. Постмодернистер әлеуметтік теорияшылардың 
ұлы хикаяттарды (17-тарауды қараңыз) пайдаланбауы қажеттігі туралы айтса, 
Тейлор біздің өміріміз заманауи ұлы хикаяларда келтірілген мәндер арқылы 
жалғастырылатынын айтады. Бұл хикаялар қарастырылатын жағдайды те-
рең түсінуге мүмкіндік беріп, өмірімізді біздің түсінігімізсіз құрылымдайды. 
Тейлор үшін, қазіргі Батыс қоғамының мүшелері
2
 осы хикаялар мағынасы мен 
маңыздылығына келіспесе де, олар ұсынған «мәндердің шегіне» бағытталмаса 
болмайды.
Мысалы, теңдік тұжырымдамасы заманауи батыс қоғамындағы моральдық 
игілік (яғни моральдық идеал) болды. Ол саясат, жұмыс және романтика сияқ-
ты әлеуметтік институттар туралы түсініктерді қалыптастырады. Гидденстің 
осы тарауда талқыланған таза қарым-қатынас тұжырымдамасы – қазіргі заман-
ғы романтикалық әдістердің теңдік идеалдарымен қалай қалыптасатыны тура-
лы мысал. Адамдар қоғамның шынымен теңдікке қол жеткізгені немесе жет-
кізбегені туралы (мысалы, жақында ғана әйелдер саяси теңдікке қол жеткізді, 
әсіресе қазіргі Батыста) дауласып, ал кейбіреулері теңдік идеалының заңдылы-
ғына (кейбір патриархалдық дүниетанымдық көзқарастар сияқты) шек келтіруі 
мүм кін. Дегенмен теңдікке қатысты көзқарастарға қарамастан, қазіргі заманғы 
Батыс қоғамында теңдік мәселесіне аса мұқият қарайды.
Мәселен, Тейлор заманауи моральдық бағдарлар туралы әңгімелеп жатқан-
да, қоғамдық өмірдің құрамына тереңінен еніп, біздің өзіміз туралы ойлайтыны-
мыздың тетігі болып табылатын идеалдар жиынтығы туралы айтады. Тейлор осы 
заманғы әңгімелер мен моральдың қоғамдық өмірдің үш түрлі сферасын: өзіндік 
мән (яғни selfhood) (1989), қазіргі заманғы әлеуметтік елес (2004) және дінді 
(2007) зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет