Алеуметтану тероиясы indb


III бөлім • Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер) Хабермас және постмодернистер



Pdf көрінісі
бет416/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   596
598
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Хабермас және постмодернистер
Хабермас заманауилыққа қатысты жұмыспен ғана айналыспайды, сонымен қа-
тар постмодернистерге де қарсы күресті. Ол ілгерідегі сыни ескертпелерін кеңі-
нен танымал болған Modernity versus Post-modernity («Жаңа заман постмодернге 
қарсы») (1981) эссесінде ұсынды.
1
Бұл эсседе Хабермас ХХ ғасырдағы келеңсіз-
діктер негізінде «Ағартушылық идеалдарын ұстануға «ты рысып» көру керек пе 
немесе қазіргі заманның барлық жобаларын құрдымға кеткен іс деп жариялау 
керек пе?» (1981:9) деген сұрақты көтереді. Әрине, Хабермас ағарту жобасынан 
да, басқаша айтқанда, жаңа заманның жобасынан да бас тартуға шақырмайды. 
Керісінше, жаңа заманнан бас тартқан дардың «қателіктеріне» назар аударуды 
дұрыс деп санайды. Соңғының ең бас ты қателігі – ғылымнан, әсіресе тіршілік 
әлемі туралы ғылымнан бас тартуға ден қоюы. Ғылымды тіршілік әлемінен бө-
ліп алып, оның мамандарға тәуелділігін басқа автономды сфераларды жасаумен 
қатар жүзеге асырса, онда ол «қазіргі заман жобасынан тұтастай» шегіну болар 
еді (Habermas, 1981:14).
Хабермас тіршілік әлемін «ғылыми» түсінуден, сонымен қатар бұл әлемді 
оңтайландыру мүмкіндігінен бас тартпайды.
Голуб (1991) постмодернистердің Хабермасқа жасаған сыни ес кертпелеріне 
маңызды шолу жасады. Біріншіден, постмодернистер салмақты теорияны неме-
се әдебиетті жасағалы отыр ма – осы жағы белгісіз. Оларды елеулі теория жа-
саушылар ретінде қарастыратын болсақ, олардың жұмысы «институттық тұрғы-
дан бекітілген сөздіктерге енбеуі» (Holub, 1991:158) түсініксіз. Егер постмодер-
нистердің жұмысын әдебиет ретінде қарайтын болсақ, «олардың дәлелі барлық 
логикалық күшін жояды» (Holub, 1991:158). Әрдайым олардың сөз қолданысын 
немесе әдеби шығармаларының мазмұндық қуатын жөнді түсіне бермейтініміз-
ге уәж айтады, себебі постмо дер нис тердің жұмысын кез келген жағдайда байсалды 
сыни тұрғыдан талдау мүмкін емес.
Екіншіден, Хабермастың ойынша, постмодернистер нормативтік сезім дер-
ден қуат алады, ал бұл көңіл күй көпшілік оқырманға беймәлім болып тұр. 
Сондықтан постмодернистерді шын мәнінде түсінуге мүмкіндік бермейді. Сон-
дай-ақ постмодернистердің жасырын нормалары болғанымен, оны ашық түрде 
жоққа шығарады. Мұндай әрекеттер постмодернистердің әлемде орын алған 
мәселелерді шешуіне кедергі келтіреді. Ал Хабермастың нормативтік бағыты 
(еркін және ашық байланыс) айқын және ол қоғамды ашық сынайды, бұл саяси 
тәжірибені дамытуға негіз болады.
Үшіншіден, Хабермас постмодернизмді «қазіргі қоғамда болып жатқан құбы-
лыстар мен іс-әрекеттерді жіктеп қарауға мүмкіндік бермейтін» тұтас болашақ ре-
тінде кінәлайды (Holub, 1991:159). Мысалы, билік пен қадағалауы басым әлемнің 
көрінісі Жер шарындағы қысым көрсетудің нақты көздерін талдау үшін жеткіліксіз.
Ақырында, постмодернистер күнделікті өмір мен іс-әрекеттерге абсолют-
ті орталық ретінде қараған Хабермастың пікірін елемеуді әдетке айналдырған. 
Бұл қадағалау постмодернистер үшін екі есе шығын әкеледі. Бір жағынан, олар 
нормативтік стандарттарды әзірлеу үшін маңызды болып табылатын көздер-
ден таса. Себебі күнделікті тұрмыстағы рационалдылық потенциалы – Хабер-
мастың коммуникативтік рационалдыққа қатысты идеясының маңызды көзі 
(Cooke, 1994). Екінші жағынан, күнделікті әлем әлеуметтік ғылымдар үшін жұ-
мыс істеудің түпкі мақсаты, себебі мұндағы теориялық идеялар практикаға әсер 
етуі мүмкін. 


599
14-тарау

Модернизмнің заманауи теориялары
Юрген Хабермас, бәлкім, бүгінгі әлемдегі ең бе-
делді әлеуметтанушы, ойшыл шығар. 1929 жылы 
18 маусымда Германияның Дюссельдорф қала-
сында дүниеге келді. Отбасы дәстүрлі құн дылық-
тарды өте берік ұстанатын орта таптан шықты. 
Хабермастың әкесі сауда палатасының директо-
ры болды. Жасөспірім шағы Екінші дүниежүзілік 
соғысқа тап келген Хабермасқа соғыс өте қатты 
әсер етті. Соғыстың аяқталуы көптеген неміс-
терге, соның ішінде Хабермасқа, жаңа үміт пен 
мүм кіндіктер алып келді. Нацизмнің құлдырауы 
Германияның жарқын болашағына үміт сыйла-
ды, бірақ Хабермас соғыстан кейінгі жылдары 
үлкен өзгерістердің бола қоймағанына наразы 
болды. Нацизмге тоқтау салынған соң барлық 
зияткерлік ресурс тарға жол ашылды, тыйым 
салынған кітаптар жас Хабермасқа қолжетім-
ді болды. Солардың ішінде батыс және неміс 
әдебиеті, сондай-ақ Маркс пен Энгельс жазған 
трактаттар бар еді. 1949–1954 жылдар аралы-
ғында Хабермас Геттинген, Цюрих және Бонн 
қалаларында көптеген салаларды (мысалы, философия, психология, неміс әдебиеті) зерт-
теді. Алайда Хабермас зерттеген мектептердегі мұғалімдердің ешқайсысы танымал бол-
ған жоқ және олардың басым көпшілігі әсіреұлтшылдарды қолдауды не әсіреұлтшыл ре-
жимде өздерінің академиялық міндеттерін атқаруды жалғастырды. Хабермас 1954 жылы 
Бонн университетінде докторлық дәрежесін алып, екі жыл журналист болып қызмет істеді.
1956 жылы Хабермас Франкфурттағы әлеуметтік зерттеулер институтына келді және осы уа-
қыттан бастап оны Франкфурт мектебінің абыройы деп санады. Шынында да, ол осы мек-
тептің ең көрнекті мүшелерінің бірі Теодор Адорноның ғылыми ассистенті және институттың 
(Wiggershaus, 1994) қызметкері болды. Көбінесе оқу орны Франкфурт мектебінде жүйелі бо-
лып саналса да, бұл көзқарасты Хабермас қолдаған емес:
«Мен үшін ешқашан дәйекті теория болған жоқ. Адорно мәдениетті сынау туралы эссе 
жазған, сондай-ақ Гегель туралы семинарлар өткізді. Ол марксистік нақты идеяны не-
гізге алды – барлығы осы».
(Habermas, cited in Wiggershaus, 1994:2)
Әлеуметтік зерттеулер институтымен байланыста болған Хабермас басынан бастап өзінің 
тәуелсіз интеллектуалды бағдарын көрсетті. Оның 1957 жылғы мақаласы институт жетекшісі 
Макс Хоркхаймермен арада кикілжің тудырды. Хабермас сыни ой мен практикалық әрекеттер-
ге шақырды, бірақ Хоркхаймер мұндай позицияның мемлекет арқылы қаржыландырылатын 
институт үшін қауіптілігінен қорықты. Хоркхаймер Хабермасты институттан шығарып жіберу 
туралы ұсыныс жасады. Ол былай дейді: «Мүмкін, оны жарқын болашақ, тіпті керемет ман-
сап күтіп тұрған шығар, бірақ ол институтқа тек үлкен зиян келтіреді» (Wiggershaus, 1994:555). 
Ақырында, мақала институттың аты көрсетілмей, сілтемесіз жарияланды. Хоркхаймер Хабер-
мастың жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, түрлі кедергілер жасады, осылайша Хабермас жұ-
мыстан кетті.
1961 жылы Хабермас приват-доцент болып, Марбург университетінде докторлық диссерта-
циясын (неміс университеттерінің екінші диссертациясын) аяқтады. Көзге түсер бірқатар ма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет