640
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ішінде қоғамның, биліктің және сананың теорияларын қамтиды: «Subaltern
саясаты жергілікті өмір сүру салтынан туындады, осылайша жергілікті дін-
дердің тілінде сана-сезімнің нақты түрлерін білдірді» (2007:168).
«Оңтүстік теориясының» тағы бір мысалы – Нигерия әлеуметтанушы-
сы Акинсола Акивовоның жұмысы. Акивово «дәстүрлі Yoruba поэзиясы мен
салттары бірегей африкалық әлеуметтік теория мен әлеуметтік онтологияны
қамтиды» деп тұжырымдайды. Ол осы дәстүрлі дереккөздерден әлеуметтану
тұжырым дамаларын әзірлеуге және оларды «әлемнің қалған бөлігіне» «экс-
порттауға» тырысты (Raewyn Connell, 2007:90). Коннелл (2007:91) Yoruba
теория сының кейбір болжамдарын «қоғамдық өмірдің бірлігі – индивид, ин-
дивид қауымдастықсыз өмір сүре алмайды, өзін-өзі иеліктен шығару – күнә
және өзін-өзі кемелдендіру үшін, сондай-ақ ортақ игілік үшін шынайы әлеу-
меттік адам... күнделікті жұмыс істейді және өзін ықыласпен құрбан етеді...»
деп қорытындылайды. Африкада және шетелде ғалымдар дәстүрлі поэзия-
ға негіз делген әлеуметтану теориясының маңыздылығын талқылағанымен
(мысалы, Коннеллдің Дагомея философы Полин Хоттонджидің талқылауын
қараңыз), Акивовоның талпынысы кәдімгі жазбаша мәтіндерден басқа мате-
риалдарда негізделген теорияларды қарастыру қажеттігін көрсетеді.
Тұтастай алғанда, Коннеллдің пайымдауынша, Оңтүстік теориясы Солтүс-
тік теориясына бірқатар маңызды бағыттарымен қайшы келеді. Ең маңызды-
сы, бұл оқулықта талқыланған теория тек теорияның түріне ғана қарсы тұра-
ды. Ол сондай-ақ теорияшыларды әлеуметтік теорияларға негізделген әртүрлі
ақпарат құралдарын қарастыруға шақырады. Солтүстікте әлеуметтік теория
әдетте дерексіз және байланыспаған мәтіндермен ерекшеленеді, бірақ Коннелл
күнделікті өмірден шығатын теориялардың мысалдарын ұсынады: діни салт-
жоралғылар мен оқиғалар, өнер және жергілікті саяси қозғалыстар. Әлеумет-
тік теория көптеген мәдени формаларда көрінеді деген ұғым Солтүстік тео рия-
ның анықтамаларын шегіне дейін жетелейді. Әрине, Патрисия Хилл Коллинз
(1990, 12-тарауды қараңыз) афроамерикалық әйелдердің әртүрлі мәдениеті-
нен әлеуметтік білімнің жаңа түрлерін іздестірді. Теорияның мағынасын қайта
түсіндіру маңызды. Батыстың ғылыми дәстүріндегідей, теориялар жалпылама
және әмбебап болуы керек пе? Әлде Лианн Симпсон (2011) айтқандай, «біз
істеп жатқан дүниелерді не үшін істеп жүргенімізге түсінік беретіндей» болуы
керек пе (2011:39)? Егер соңғысының маңызы болса, онда теорияның өлшемі
өз мәдениеті мен қоғамы белгілеген жағдайда ғұмыр кешіп жатқан адамның
өмірін түсінумен байланысты. Бұл туралы көбірек білу үшін Солтүстік Амери-
каның байырғы халқының қайта жаңғыру теориясына жүгінеміз.
17
Достарыңызбен бөлісу: