ЗИГМУНД ФРЕЙД
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
shutterstock.com
33
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Вебер теориясының қабылдану себептерінің бірі, ол өз ұстаны мы ның саяси
тұрғыдан қолайлырақ екенін дәлелдеді. Маркс тің радикализмін мойындаудың
орнына, Вебер кейбір жағдайда либерал, ал басқа тұрғыда консерватор болды
(мысалы, мемлекеттің рөліне). Ол заманауи капиталистік қоғамның көп жағын
қатаң сынға алып, кезінде Маркс салған сыни қорытындыларға табан тіресе де,
мәселелер дің радикалды шешімін көрсете алған жоқ (Heins, 1993). Шынды-
ғында, ол марксистер мен басқа социалистер ұсынған радикалды реформалар-
дың пайдасынан зияны көбірек деп пайымдаған.
Кейін әлеуметтанушы-теорияшылар, әсіресе америкалықтар марксистік тео-
рияның өздерінің қоғамдық жүйесіне қатер төндіргенін байқады. Олар өз дү-
ниетанымы бойынша әлдеқайда консервативті болып, марксизмге төтеп беретін
теориялық балама іздестірді. Олардың көңілін аулағандардың бірі – Макс Вебер
(басқалары – Дюркгейм мен Вильфредо Парето). Айналып келгенде, рационал-
дандыру тек ка питалистік емес, соған қоса социалистік қоғамдарға да тән құбы-
лыс еді. Ақиқатында, Вебердің көзқарасы бойынша, рационалдандыру капита-
листік қо ғамға қарағанда социалистік қоғамда көбірек мәселе туындатпақ.
Сонымен қатар Вебердің өз пікірін ұсыну формасы оған пайдасын тигізді.
Вебер өмірінің көп уақытын тыңғылықты тарихи зерттеу жүргізумен өткізді
және оның саяси тұжырымдары көбінесе зерттеу контекстінде жасалды. Әдет-
те олар тым ғылыми және академиялық түрде болды. Макс көптеген маңызды
зерттеулер жүргізді, сондай-ақ ол ашық даулы ой-пікірлерді де жазды. Тіпті
оның академиялық жұмысы да әжуа, саяси пікірлермен астасып жатады. Мы-
салы, «Капиталда» ([1867] 1967) капиталистерді «вампирлер» мен «құбыжық-
тар» деп суреттейді. Вебердің әлдеқайда академиялық стилі, оның кейінгі әлеу-
меттанушыларға ұнамды болуына ықпал етті.
Веберді жатырқамай жылы қабылдаудың тағы бір себебі, ол кейінгі әлеу-
меттанушылар жұмыстарының қалыптасуына көмегін тигізген философиялық
дәстүрде жұмыс істеді. Вебер Канттың дәстүрлеріне сай әрекет етті, ал ол, біз-
дің білуімізше, себеп-салдар категорияларымен ойлау үрдісіне мықтап ден қой-
ды. Ойлаудың осындай типі кейінгі әлеуметтанушыларға, Маркс ең бектерінің
негізінде жатқан диалектикалық логикаға қанағаттанбаған және таныс емес
әлеуметтанушыларға әлдеқайда ұнамды, қолайлы болды.
Ақырында, Вебер әлеуметтік әлемді Маркске қарағанда кеңірек қарастыра-
тын бағыт ұсынған болатын. Маркс экономикаға барынша көңіл бөлсе, Вебер
әлеу меттік феномендердің кең спектріне қызығушылық білдірді. Маркстің әл-
деқайда тар бағыттағы қызығушылықтарынан гөрі, фокустың бұл әртүрлілігі
кейінгі әлеуметтанушылар үшін анағұрлым көп пайдалы мағлұматтар берді.
Вебер өз туындыларының едәуірін 1800 жылдардың соңы мен 1900 жыл дар-
дың басында жарыққа шығарды. Вебер әуелгіде әлеуметтік мәселелермен айна-
лысатын тарихшы ретінде көрінді, алайда 1900 жылдардың басында ол өзінің
назарын әлеуметтануға аудара бастады. Шынымен де, ол сол замандағы Герма-
нияның жетекші әлеуметтанушысына айналды. 1910 жылы (басқалармен, со-
ның ішінде Георг Зиммельмен бірге, біз ол жайлы кейінірек тоқталамыз) Неміс
әлеуметтану қоғамының негізін қалады (Glatzer, 1998). Оның Гейдельбергтегі
үйі тек әлеуметтанушылар үшін емес, сондай-ақ білімнің әртүрлі салаларында
жүрген ғалымдар үшін зияткерлік орталық болды. Еңбектері Германияда көп-
шілікке танымал болғанмен, Құрама Штаттарда бел гісіз болды, бірақ соңынан,
әсіресе Толкотт Парсонс Вебер идеяларын (және басқа да еуропалық теория-
шылардың, соның ішінде Дюркгейм идеяларын) Американың кең аудитория-
34
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
сына таныстырғаннан кейін танымалдығы арта түсті. Маркстің идеялары 1960
жылдарға дейін америкалық әлеуметтанушы-теория шыларға айтарлықтай оң
әсер етпесе, ал Вебердің ықпалы 1930 жылдардың соңына қарай өте жоғары
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |