ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Сіз үшін ілімі, жалпы философиядағы ең ұнамды, көңіліңізден шыққан философ-ойшыл
Орындаған:Қоңыржан Оразгүл
Тексерген: Туганбаев К. Т
ПМНО 109 топ
Эссемді бастамастан бұрын өзіме Философия пәнін оқып не түсіндім, керекті не алдым, жалпы бұл пәнді меңгере алдымба деген сұрақтарды қойғым келеді. Мен басында бұл пән бізге не үшін керек, қызықсыз пәнғой деп ойлағанмын. Бірақ уақыт өте келе қателескенімді білдім. Ия, басында сабақты түсінбей жүрдім бірақ, ағайдың ғылыми тілде жазылған ақпараттарды бізге түсінікті болсын деп өзіміздің өмірден неше түрлі оқиғалармен мысал келтіріп айтқан кезде құдды бір сол заманға өзің кіріп кеткендей сезімде отырасың.Осы пәнді 1 семестр оқи келе филасофияның біз үшін маңызды екенін түсіндім. Толығырақ айтып өтсем біз өзімізді жан-жақты дамытып ой-өрісіміздің жоғары болғанын қалаймыз және соған ұмтыламыз. Ал филасофия болса бізге ой-өрісімізді дамытып, басқаларға ұқсамайтын жеке тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнымызды табуға және адами қасиеттерімізді жоғалтпай адам болып қалыптасуымызға жетелейтін пән екен. Шынымен де біз бір-бірімізге ұқсамайтын жеке тұлғамыз. Өмір болғаннан соң бәріміздің басымызда проблемалар болады. Сол кезде ашуға салынбай, асықпай жан-жақты ойланып зиянды жағымен пайдалы жағын салыстырып шешім қабылдауымыз керек. Сондағана біз болашағымды айқын қыла аламыз.
Ал, енді филасофиядағы өзіме ұнаған философ-ойшыл жайында айтып өтсем. Маған ұнаған философ «Қайта өрлеу филасофиясындағы» Микеланджело Буоннарито болды. Ол Леонардо да Винчидің замандасы әрі негізгі бәсекелесі болған.Ол талантты суретші, мүсінші, тіпті сәулетші болған. Оның қолынан көптеген танымал суреттер мен мүсіндер шыққан. Микеланджелоның ұстанымы: әркім өзі білетін, жасай алатын іспен ғана айналысу керек деген. Әрбір істің құзіретті маманы болуға тырысу керек және сонымен айналысу керек. Сонда ғана ол іс өз нәтижесін береді деп айтқан. Міне маған ұнаған жері осы. Шыныменде, әрбір адам осылай істесе қоғам дамып көркейіп кетер еді. Қазіргі біздің қоғамғада осы ұстанымды ұстанғанда мүмкін біз әлде қашан дамыған 30 елдің қатарына кірермедік кім біледі? Мысалы күнделікті көріп жүрген әншілерді алатын болсақ олар біреуге ән жаздырып соны Құдай берген дауыстарымен айтып жүреді. Адамдар оларды жақсы көріп ол танымал болады. Міне осы кезде олар аяқ асты саясатқа араласып депутат болып кетеді. Олар өздерінің танымалдылығын пайдаланады десекте болады. Менің айтқым келгені олардың саясаттан ешқандай хабары жоқ бола тұра саясатқа араласады. Ал саясат жайында түк білмейтін адам халықтың мұң-мұқтажын біліп қоғамды дамытуға бас қатыруы екі талай емес пе? Міне осы үшінде мен Микеланджелоның пікірін ұнатып, үлкен мағынамен қабылдадым десем болады.
Қорытындылай келе, филасофия біз үшін маңызды екенін айтқым келеді. Филасофия арқылы дін, саясат, әлеумет, тарих туралы барлығын білуге болады. Біздің ой-өрісіміздің кең болып жан-жақты дамып отыруымызға үлкен көмегін тигізеді десекте болады.Ең бастысы өмірде ешкімге ұқсамайтын дара тұлға жасап адамды адам қылып қалдыра алатын пән.
Достарыңызбен бөлісу: |