675
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
тұстары арқылы өтетін түрлі ағымдардың күрт ұлғаюы жаңалық болып отыр.
Кейбір сыншылар бұл тұжырымдармен келіспейді, ұлттық мемлекеттің құлды-
рауы жайындағы сыбыстар тым асыра айтылған деп санайды (M. Wolf, 2005),
шекара жаһандану кезеңінде
негізгі ойыншы болып қала береді (Gilpin, 2001),
жаһандану кезінде қалай болғанда да кейбір мүмкіндігін сақтайды (Conley and
Weiner, 2002) және әртүрлі ұлттық мемлекеттердің тиімділігі әртүрлі (Mann,
2007) деп мәлімдейді.
Кейбір ғалымдар бүгінгі әлемде мемлекеттің рөлі тұрақты ғана емес, қайта
бұрынғыдан да артуда деп санайды (Beland, 2008). Оған себеп – ұжымдық се-
німсіздіктің төрт негізгі көзі: лаңкестік, аутсорсингке және ықшамдалуға әке-
летін экономикалық жаһандану, иммиграция салдарынан ұлттық бірегейлікке
төнетін қауіп, ЖҚТБ сияқты жаһандық аурулардың таралуы.
Сонымен қатар мемлекет өз мүддесі үшін қауіпті жағдайды әдейі өршітіп
қолдан жасай алады, осылайша өз азаматтарына одан сайын қауіп төндіреді.
2003 жылғы Иракпен соғысқа дейін АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Саддам
Хусейннің екі елге тікелей қауіп төндіретін жаппай қырып-жоятын қару-жарақ-
тары (ЖҚҚ) бар екенін мәлімдеген. Құрама Штаттар тіпті Иракты Америка қа-
лаларына құрамында химиялық немесе биологиялық қарулар бар бөшкелерді
лақтыру үшін теңіз кемелерін пайдаланып, миллиондаған адамды өлтіре алады
деп мәлімдеді. Осындай қисынсыз айыптаулардан туындаған ұжымдық қауіп-
сіздік Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейнді құлатуға көмектесу үшін қоғамдық
пікірге ықпал етті.
Ұлттық мемлекетке қолдау көрсетудегі бұл дәлелдің екінші жағы – әртүр-
лі жаһандық процестер, көпшілік ойлағандай мықты емес. Мысалы, жаһандық
бизнес көптеген елдердің
ішіндегі, соның ішінде АҚШ-тағы бизнеспен салыс-
тырғанда бәсеңдейді. Басқа жағынан, ұлттық мемлекеттердің
шекаралық әл-
сіздігі туралы сұрақ туындайды. Мысалы, Құрама Штаттар мен басқа елдерге
қоныс аудару көрсеткіші XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағыдан
анағұрлым төмендегенін көрсетеді (Gilpin, 2001).
Осыған байланысты жаһандануды ұлттық мемлекеттерге төнген қауіп неме-
се шектеу ретінде қарастыру қателік болар еді, өйткені ұлттық мемлекет үшін
даму мүмкіндігі болуы ықтимал (Conley and Weiner, 2002). Мысалы, жаһандану
талаптары австралиялық қоғамға қажетті өзгерістерді (кем дегенде неолиберал-
дық тұрғыдан) жасау үшін пайдаланылды, соның нәтижесінде протекционизм-
нен бас тартып, (нео)либералдандыру бағытына ауысуға, мемлекеттік кәсіп -
орындарды жекеменшік кәсіпорындарға трансформациялауға және әлеуметтік
қамсыздандыруды жақсартуға мүмкіндік туды. Жаһанданудың риторикасы, әсі-
ресе оның әсерін асыра айту осындай өзгерістерді қалаған саясаткерлер үшін
пайдалы болды. Басқаша айтқанда, австралиялық саясат керлер австралиялық
қоғамды реформалау үшін жаһандануды идеология ре тінде пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: