Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Еңбек



Pdf көрінісі
бет64/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   596
56
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Еңбек
Маркс үшін түрлер мен адам әлеуеті еңбекпен тығыз байланысты:
«Еңбек, ең алдымен, адам және табиғат екеуі де қатысатын процесс және
онда өз еркімен, адам өзі мен табиғат арасындағы материалдық реак ция-
ларды реттейді және басқарады... Осылайша, сыртқы әлемде әрекет етіп, 
оны өзгерткенде, сол арқылы ол өзінің табиғатын да өзгертеді. Ол өзінің 
қалғыған қабілетін дамытады және оларды өз еркіне бағынуға мәжбүр 
етеді.
...Біз еңбекті тек адам ретінде белгілейтін форма түрінде қарастырамыз. 
Өрмекші тігіншіге ұқсайтын операцияларды жүзеге асырады, ал аралар 
өзінің ұяшықтарын жасағанда сәулетшіні ұятқа қалдырады. Бірақ үздік 
аралардың нашар сәулетшіден айырмашылығы – сәулетші өз құрылы-
сын дүниеге алып келмес бұрын оны өз қиялында елестетеді. Әрбір ең-
бек процесінің соңында біз оның басында жұмысшы қиялында өмір сүр-
ген нәтижеге қол жеткіземіз. Ол жұмыс істейтін материалдағы форманы 
өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар мақсатын да түсінеді».
(Marx, [1867] 1967:177–178)
Бұл дәйексөзде Маркстің еңбек пен адам табиғаты арасындағы қарым-қа-
ты насқа қатысты көптеген маңызды пікірін көреміз. Біріншіден, бізді басқа 
жануарлардан, біздің түрлерімізден ерекшелендіретін нәрсе – еңбегіміздің 
бұрын қиялымызда ғана болған нәрсені жасайтынында. Біздің өніміміз мақ-
са тымызды көрсетеді. Маркс ішкі ойымыздың объективтілігінен тыс сыртқы 
объектілерді жасайтын осы процесті атайды. Екіншіден, бұл еңбек – материал-
дық (Sayers, 2007). Ол материалдық қажеттіліктерімізді қанағаттандыру үшін 
таби ғаттың маңызды аспектілерімен (мысалы, жемістер мен көкөніс тер ді өсі-
ру, ағаштарды кесу сияқты) жұмыс істейді. Соңында, Маркстің пайым дауын-
ша, бұл еңбек табиғаттың материалдық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар 
біздің өзімізді, оның ішінде қажеттіліктерімізді, санамызды және адами таби-
ғатымызды өзгертеді.
Еңбек бір мезгілде: 1) біздің мақсатымызды объективтеу; 2) адам қажет-
тілігі мен материалдық объектілер арасындағы маңызды қарым-қатынасты
орнату; 3) біздің адами табиғатымызды өзгерту бола алады.
Маркстің еңбек терминін пайдалануы экономикалық қызметпен шектел-
мейді; ол біздің мақсатымызға сәйкес табиғаттың материалдық аспектілерін 
өзгерткен барлық өнімді әрекеттерді қамтиды. Бұл еркін мақсатты әрекет ар-
қылы пайда болған нәрсе – адам табиғатының өрнегі және оның өзгеруі.
Көріп отырғанымыздай, еңбек процесі капитализм кезінде өзгеріп, біз-
ге Маркстің теориясын түсінуге қиындық тудырады, бірақ суретшінің шы-
ғарма шылығын ойлаған кезде Маркстің тұжырымдамасына жақындаймыз. 
Өнер туындысы – суретшінің ойы. Маркс бойынша, сурет – сурет шінің
объек тив тілігі. Дегенмен өнерді жасау процесі суретшіні өзгертеді. Өнер 
туын дысы арқылы суретшілердің өнер өзгерісі туралы немесе суретші объек-
тивтеуді қажет ететін жаңа көзқарасты білуі мүмкін. Сонымен қатар аяқтал-
ған өнер туындылары суретшінің тарапынан жаңа мағынаға ие болуы және 
суретші осы жұмысты немесе жалпы өнердің тұжырымдамасын өзгертуі
ықтимал.


57
2-тарау

Карл Маркс
Еңбек, тіпті көркемдік еңбек қажеттілікке жауап береді, ал еңбектің өзгеруі 
біздің қажеттіліктерімізді де өзгертеді. Қажеттіліктерімізді қанағаттандыру 
жаңа қажеттіліктердің пайда болуына әкелуі мүмкін (Marx and Engels, [1845–
1846] 1970:43). Мысалы, алыс қашықтыққа тасымалдау қажеттілігімізді қана-
ғаттандыру үшін автокөліктер өндірісі автожолдарға деген жаңа қажеттілікті 
тудырды. Автомобильдерді алғаш рет ойлап тапқан кезде автокөліктерді қа-
жет ететіндер аз деп ойлағанымен, қазір адамдардың көпшілігі көлік қажет 
екенін сезеді. Осыған ұқсас өзгерістер ұялы телефонға қатысты болды (мыса-
лы, iPhone). Ғасыр бұрын ұялы телефондарға қажеттілік аракідік қана болса, 
қазіргі кезде көпшілік жеке телефонды қажет етеді және жаңар тылған модель-
дерді, жарыққа шығуына қарай, ұдайы сатып алып отырады.
Біз жұмысты мұқтаждығымызға жауап ретінде істейміз, бірақ еңбектің өзі 
біздің қажеттілігімізді өзгертеді, бұл, өз кезегінде, өндірістік қызметтің жаңа 
формаларының туындауына алып келуі мүмкін. Маркстің пікірінше, қажеттілі-
гімізді еңбек арқылы түрлендіру – адамзат тарихының қозғаушы күші.
«Өндірісте объективті жағдайлар ғана өзгермейді... бірақ өндірушілер де 
өзгереді, олар өздерінің бойынан жаңа қасиеттерді шығарып, өндірісте
өзін дамытып, түрлендіреді, жаңа күштер мен идеяларды дамытады, қа-
рым-қатынастың жаңа режимдерін өзгертеді, жаңа қажеттіліктер мен 
жаңа тіл туындатады».
(Marx, [1857–1858] 1974:494)
Маркс үшін еңбек – біздің шынайы күшіміз бен әлеуетімізді дамыту. Мате-
риалдық болмысты мақсатымызға сай етіп өзгертсек, біз өзімізді де өзгертеміз. 
Сонымен қатар еңбек – әлеуметтік қызмет. Жұмыс бір лескен өндіріс барысын-
да, яғни басқалар біздің жұмысымызға қажетті құралдарды немесе шикізатты 
ұсынғандықтан немесе біздің еңбегіміздің жемісін көрген діктен, басқалармен 
тікелей байланысты. Еңбек жеке адамды ғана өзгертпейді, қоғамды да өзгерте-
ді. Шындығында, Маркс үшін адамның адам ретінде пайда болуы қоғамға бай-
ланысты. Маркс: «Адам – тек қоғамда ғана адамға айнала алатын әлеуметтік 
жануар емес, ол тікелей мағынада zoon politikon дегенді білдіреді», – деп жазды 
([1857–1858] 1964:84]. Сондай-ақ Маркс бұл өзгерістердің тіпті біздің сана-
мызды да қамтитыны жайлы айтады: «Демек, сана – әуел бастан әлеуметтік 
өнім және адамдар жер бетінде тіршілік етіп тұрғанда солай болып қала бере-
ді» (Marx and Engels, [1845–1846] 1970:51). Сонымен, адамның еңбек арқылы 
өзгеруі және қоғамның өзгеруі бір-бірінен ажыратылмайды.
Айыру 
Маркс еңбек пен адам табиғаты арасында тәуелділік бар деп санағанына қа-
рамастан, осы қатынас капитализм арқылы бұрмаланған деп ойлады. Бұл бұ-
зылған қарым-қатынасты мүліктен айыру деп атайды (Beilharz, 2005a; Cooper, 
1991; Meisenhelder, 1991). Маркстің адам табиғаты мен мүліктен айыру тұжы-
рымдамасын талқылау ертеректегі еңбектерінен бастау алады. Капиталистік 
қоғам ның табиғаты туралы өзінің кейінгі жұмысында «мүліктен айыру» деген 
фи лософиялық терминнен жалтарды, бірақ мүліктен айыру оның басты мәсе-
лесінің бірі болып қалды (Barbalet, 1983:95).


58
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Маркс капитализмнің арқасында біздің еңбегімізге деген қарым-қатынасы-
мызға қатысы ерекше форманы талдады. Енді жұмысымызды мақсатымыздың 
көрінісі ретінде қабылдамаймыз. Объективтеу жоқ. Керісінше, бізді жұмысқа 
алатын және ақша төлейтін капиталистің мақсатына сәйкес жұмыс істей міз. 
Аясы тар мақсат – адами мүмкіндіктердің көрінісі болудың орнына капита-
лизмдегі еңбектің пайда болуы, ақыр аяғында, ақша табу деген мақсатқа қол 
жеткізу құралы (Marx, [1932] 1964:173). Себебі еңбегіміз енді біздің өзімізге 
тиесілі емес, ол бізді өзгертпейді. Керісінше, өз еңбегімізді жатсынып, өзіміздің 
шынайы адами табиғатымыздан алыстап кетеміз.
Капиталистік қоғамда мүліктен айыруға тап болатын дәл осы адам бол-
са да, Маркстің негізгі аналитикалық алаңдаушылығы мүліктен айыруға әкеп
соқтыратын капитализмнің құрылымында еді (Israel, 1971). Маркс капита-
лизмнің адамдар мен қоғамға тигізетін қиратушы әсерін анықтау үшін мүліктен 
айыру тұжырымдамасын қолданады. Бұл жерде капиталистер жұмыс шыларды 
жалға алатын (және жұмысшының еңбек уақытын өзіне ием денетін), оған қоса
өз кезегінде, өндіріс құралдарын (құрал-саймандар мен ши кізат) меншіктене-
тін қостаптық жүйе шешуші мәнге ие. Күнкөріс үшін жұ мысшылар өз уақыт-
тарын капиталистерге сатуға мәжбүр болады. Бұл құрылымдар, әсіресе еңбек 
бөлінісі – мүліктен айырудың әлеуметтік негізі.
«Демек, еңбек қызметкерден тыс болады, яғни ол өзінің негізгі тіршілігіне 
тиесілі емес; сол себепті ол өз жұмысында өзін нығайтып жетілдірмейді, 
керісінше, өзін жоққа шығарады, мазмұнды сезінбейді, бірақ бақытсыз, 
дене және ақыл-ой қабілетімен еркін дамымайды, оның тәнін тоздырады 
және ақылын бұзады. Сондықтан жұмысшы өз-өзін тек жұмысынан тыс
уақытта және өз жұмысын сырттан сезінеді. Ол жұмыс істемеген кез-
де үйінде болады, ал жұмыс істеген кезде үйінде болмайды. Сондықтан 
оның еңбегі өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде болады; бұл – мәжбүрлі 
еңбек. Бұл – қажеттілікті қанағаттандыру емес, тек сыртқы қажеттілікті 
қанағаттандыруға арналған құрал».
(Marx [1850] 1964:72)
Нәтижесінде адамдар өздерінің жануарлық функциясында ғана өздерін ер-
кін сезінеді: тамақтану, ішу, ұрықтандыру. Негізінен, адамдар еңбек процесінде 
өздерін жануарлардан басқа ештеңе деп сезінбейді. Жануарлар адамға айна-
лады, ал адам жануарға айналады. Әрине, тамақтану, ішіп-жеу, ұрықтандыру 
және т.б. адамның қызметі, бірақ адам қызметінің барлық саласынан бөлініп, 
жалғыз және түпкілікті мақсатқа айналдырғанда – олар жануарлардың қызметі 
болады.
Мүліктен айыруды төрт негізгі компоненттің жиынтығы ретінде қарасты-
руға болады. Біріншіден, капиталистік қоғамда жұмыс істейтін қызметкерлер 
өзде рінің өндірістік қызметінен алшақ кетеді. Олар өз идеялары бойынша 
немесе өз қажеттілігін тікелей қанағаттандыру үшін объектілерді жасап шы-
ғармайды. Демек, жұмысшылар өздерінің өмір сүруіне қажетті ақы төлейтін 
капиталистер үшін жұмыс істейді, капиталистер есесіне жұмысшыларды өз-
деріне ыңғайлы түрде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Өндірістік қызмет 
капиталистерге тиесілі болғандықтан және олар онымен не істеу керектігін 
шешетіндіктен, жұ мысшылар осы қызметті жатсынады деп айта аламыз. Со-
нымен қатар жо ғары кәсіби тапсырмаларды орындайтын көп жұмыс шы жал-


59
2-тарау

Карл Маркс
пы өндірістік процесте атқаратын өз рөлін түсінбейді. Мысалы, қоз ғалтқышқа 
бірнеше болтты бұрайтын автокөлік құрастырушылары өздерінің еңбегі бүкіл 
көлікті шығаруға қалай ықпал ететінін онша сезінбеуі де мүмкін. Олар өздері-
нің идеяларын объективті түрде қарастырмайды және еңбектену барысында 
ешқандай мағыналы, мәнді іспен айналыспайды. Маркстің пайым дауынша, 
капитализмдегі өндірістік процесс көп жағдайда қызықсыз, адамның ой-сезі-
мін қозғап, көңілін қанағаттандырмайды, бар ынта-жігер күнкөріске жеткілік-
ті ақша табу үшін жұмсалады.
Екіншіден, капиталистік қоғамда жұмыс істейтіндер өндірістік іс-әрекеттен 
ғана емес, сонымен қатар осы қызметтің объектісінен – өнімнен де шеттеті-
леді. Еңбек өнімі жұмысшыларға емес, капиталистерге тиесілі, капиталистер 
оны өз қалауынша пайдалануы мүмкін, себебі бұл – капиталистің жекеменші-
гі. Маркс: «Жекеменшік – өнім, нәтиже, мүліктен айырылған еңбектің қажетті 
салдары», – дейді ([1932] 1964:117). Капитализм өнімнің пайдасын сату үшін 
меншік құқығын пайдаланады .
Егер жұмысшылар өздерінің еңбек өнімін иеленгісі келсе, оны басқа адам-
дар сияқты сатып алу керек. Қызметкерлердің қаншалықты қажет екеніне
қарамастан, олар өздерінің еңбек ресурстарын өз қажеттіліктерін қанағаттан-
дыру үшін пайдалана алмайды. Нан пісіретін жұмысшылар нанды сатып алуға 
ақшасы болмаса, тіпті өздері нан пісіріп отырса да, аш қалады. Осы ерекше қа-
рым-қатынас себебінен біз сатып алатын – басқалар жасайтын заттар – біз үшін 
жұмыста өзіміз жасайтын нәрселерден гөрі өзімізді көрсету болып саналады. 
Адамдардың тұлғалық қасиеттері олар жүргізетін көлік, киген киім, қолдана-
тын гаджеттер, яғни жасалуына олардың тікелей қатысы жоқ заттар арқылы 
бағаланады. Керісінше, заттарды сатып алу үшін ақша жасаудың еркін және 
кездейсоқ құралы болып саналатын, олардың күнделікті жұмысында шынды-
ғында өндірілетін заттар ескерілмейді.
Үшіншіден, капиталистік қоғамда жұмыс істейтін қызметкерлер өз әріп-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет