Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет65/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   596
тестерін жатсынып кетеді. Маркстің пайымдауынша, адамдар табиғатта аман 
қалу үшін, қажетті нәрселерді табу үшін бірігіп жұмыс істеуді қалайды және 
қажет етеді. Бірақ капитализмде бұл ынтымақтастық бұзылып, көбінесе бейта-
ныс адамдар капиталистер үшін бірге жұмыс істеуге мәжбүр. Тіпті құ растыру 
желісіндегі жұмысшылар жақын дос болса да, технологияның табиғаты оларды 
оқшаулануға әсер етеді. Міне, бір жұмысшы өзінің құрастыру желісіндегі әлеу-
меттік жағдайын былай деп сипаттайды:
«Сіз бір жігіттің жанында, тіпті оның атын білмей-ақ, бірнеше ай бірге 
жұмыс істей аласыз. Бір айта кететіні, сіздің сөйлесуге уақытыңыз жоқ. 
Тыңдау да мүмкін емес… Құлағына айқайлауыңыз қажет. Олардың ерсі-
лі-қарсылы жүретін ақ жейделі жігіттері бар, олар сіздің аузыңыз қимыл-
дап, бірдеңе айтып жатқаныңызды көрсе, «бұл жігітке көбірек жұмыс 
беру керек» дейді. Сөйлесуге де уақыты жоқ қой». 
(Terkel, 1974:165)
Әрине, жинақтау желісінің жаңа нұсқасында да көп нәрсе бар: кеңсе бөлме-
сі. Бірақ бұл әлеуметтік жағдайда жұмысшылар қарапайым оқшауланудан гөрі 
нашар нәрсе көреді. Жұмысшылар жиі бір-бірімен тікелей бәсекелестікке, кей-
де қақтығыстарға түсуге мәжбүр болады. Өнімділікті барынша арттыру үшін 
және кооперативтік қарым-қатынастардың дамуына жол бермеу мақсатында 


60
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
капиталистер кім көбірек еңбек ете алады, тезірек жұмыс жасай алады немесе 
кім бастықтың оңтайын таба алады деп, жұмыскерлерді бір-біріне қарсы қоя-
ды. Табысқа жеткен қызметкерлер қосымша сыйақы алады; жолы болмағандар 
шеттетіледі. Кез келген жағдайда қызметкерлер арасында өздерінің әріптесте-
ріне деген қаскөйлік пиғыл пайда болады.
Бұл капиталистер үшін пайдалы, себебі олар өздеріне бағытталуға тиісті 
дұшпандықтың алдын алады. Оқшаулану мен адамдар арасындағы дүрдараз-
дық капитализмде жұмысшыларды өз әріптестерінен алшақтата түседі.
Сонымен, капиталистік қоғамда жұмыс істейтін қызметкерлер өздерінің 
адами әлеуетінен алшақтап келеді. Жұмыс орны біздің адами табиғатымызды 
өзгертетін басты күш болудың орнына, жай ғана өзімізді ең аз мөлшерде адам 
сезінетін, өзіміз бола алатын жерге айналады. Адамдар адам ретінде аз жұмыс 
істейді, себебі олар өз жұмыстарында машиналар сияқты жұмыс атқарумен 
шектеледі. Тіпті күлімсіреп сәлемдесулер бағдарламаланып, сценарий бойын-
ша жүреді. Басқа адамдармен және табиғатпен қарым-қатынас бірте-бірте ба-
қылауға алынатындықтан, сана-сезім жоғалады және, сайып келгенде, біржо-
лата жойылады.
Нәтижесінде адамның негізгі қасиеттерін бейнелеуге қабілетсіз адамдардың 
бұқара тобы, бәріне жатсынып қарайтын жатбауыр жұмысшылардың қарадүр-
сін қалың тобыры пайда болады.
Иеліктен айыру – Маркстің диалектикалық таныммен зерделеген қай шы-
лықтардың үлгісі. Капитализмдегі еңбек және әлеуметтік жағдайлар мен өзгер-
ген адам табиғаты арасында нақты қайшылық бар. Маркстің бұл қайшылықтың 
кейбір қырларын ескере бермейтінін атап өту керек. Біз жұмыс берушімен жа-
лақымызға сатып алатын нәрселермен бөлісетіндіктен, біраз игілікке қол жет-
кіземіз емес пе? Шынында да, бұл – нақты әлеуметтік өзгеріс арқылы шешуге 
болатын иеліктен айырудың белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет