Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет87/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   596
Ұжымдық сана. Дюркгейм ортақ адамгершілікке деген қызығушылығын әр-
түрлі тәсілдермен және түрлі түсініктермен ұштастырды. Дюркгейм осы мә-
селені шешудегі алғашқы әрекеттерінде ұжымдық сана идеясын жарыққа шы-
ғарды. Француз тілінде conscience сөзі «сана» және «моральдық сана» дегенді 
бірдей білдіреді. Дюркгейм ұжымдық сананы төмендегідей сипаттайды:
«Бір қоғамның орташа азаматтарына ортақ наным мен сенімнің жиын- 
тығы өзінің жеке өмірі бар белгілі бір жүйені құрайды. Оны ұжымдық не-
месе ортақ сана деп атауға болады. Осылайша, бұл жеке санадан өзгеше 
ұғым және осы жеке сана арқылы ғана түсіндіріледі».
(Дюркгейм, [1893] 1964:79–80)


93
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Бұл анықтаманың назар аударатын бірнеше тұсы бар. Біріншіден, Дюркгейм 
ұжымдық сана туралы халықтың сенімі мен көңіл күйінің «тұтастығы» туралы 
жазған кезде, қоғамның бүкіл аумағында пайда болғанын меңзеді. Екіншіден, 
Дюркгейм ұжымдық сананы тәуелсіз деп санайды және басқа да әлеуметтік 
фактілерді анықтай алады. Бұл, Маркс ұсынғандай, материалдық базаның көрі - 
нісі ғана емес. Ақырында, Дюркгейм ұжымдық сана туралы көзқарас ұстанға-
ны мен, өзінің жеке сана-сезімі арқылы «іске асырылғанын» жазды.
Ұжымдық сана ортақ түсініктердің, нормалар мен нанымдардың жалпы құ-
рылымына қатысты. Демек, бұл – амалсыз және аморфты тұжырымдама. Тө-
менде көретініміздей, Дюркгейм бұл тұжырымдаманы қазіргі заманғы қо ғам - 
дарға қарағанда «қарапайым» қоғамдар ұжымдық санаға, яғни ортақ түсініктер-
ге, нормаларға және наным-сенімге ие болатынын айту үшін пайдаланды.
Ұжымдық көзқарастар. Ұжымдық сана өте кең және аморфты идея болған-
дықтан, оны тікелей зерттеуге болмайды, сананы өзара байланысқан мате-
риалды әлеуметтік фактілер арқылы қарастыру қажет (мысалы, біз ұжымдық
сана жайлы айту үшін Дюркгеймнің құқықтық жүйені қолдануына назар ау-
дарамыз). Дюркгеймнің бұл шектеуге қанағаттанбауы оның келесі еңбек терін- 
де ұжымдық сананы азырақ пайдаланып, оның орнына анағұрлым ерек-
ше ұжымдық көзқарастар түсінігін тудырды (Nemedi, 1995; Schmaus, 1994). 
Représentation дейтін француз сөзі тура мағынасында «идея» дегенді білдіреді. 
Дюркгейм бұл терминді ұжымдық түсінік пен әлеуметтік «күшке» қатысты бір-
дей қолданды. Ұжымдық көзқарастарға діни символдар, мифтер және та нымал 
аңыздар мысал бола алады. Осының барлығы – қоғамның өз-өзіне ық пал ете-
тін әдістерінің бірі (Durkheim, [1895] 1982:40). Олар ұжымдық көз қарастарды, 
нормаларды, құндылықтарды ұсынады және бізді осы ұжымның талаптарына 
сай болуға жігерлендіреді.
Ұжымдық көзқарастар да индивидтер деңгейінде қарастырылмайды. Себебі 
олар өзара әлеуметтік әрекеттесуден туындайды, бірақ олар ұжымдық санаға 
қарағанда тікелей зерттеуге ыңғайлы. Өйткені олар жалауша, икона, бейнелер 
сияқты материалдық символдармен немесе рәсімдер сияқты тәжірибелермен 
байланыста болады. Сондықтан әлеуметтанушы белгілі бір ұжымдық көзқа рас-
тардың қалай сәтті немесе сәтсіз қатар өмір сүруін немесе үйлесімдік табуын 
зерттейді. Мысал ретінде, біз басқа әлеуметтік фактілерге қатысты Авраам 
Линкольннің көзқарастары қалай өзгергенін көрсететін әлеуметтік зерттеуді
айта аламыз:
«Ғасырлар тоғысы мен 1945 жылдар аралығында өзге көш басшы пре-
зиденттер сияқты, Линкольн де идеал болды. Басылымдар оны Теодор 
Рузвельттің қолын алып, оны дұрыс бағытқа нұсқап тұрған немесе Вудро 
Вильсонның жанында соғыс пен бейбітшілік мәселелерін талқылаған, не 
Франклин Рузвельттің иығына қолын салып, жігерлендіріп тұрғандай 
етіп бейнелейді. Мультфильмдер оның мүсініне немесе портретіне қарап 
тұрған қолдаушыларды көрсетті. Оның мүсіндері неоклассикада өмірде-
гіден ірірек етіп бейнеледі; мемлекеттік портреттер оның тұлғасын пре-
зиденттік күштің ұлылығымен теңеді; «ұлы стиль» тарихи бейнелеу өне-
рі мемлекеттің тағдырын өзгертуші ретінде ұсынды. Алайда 1960 жыл-
дары дәстүрлі суреттер жоғалып, билбордтар, постер, мультфильмдер 
және журнал мұқабаларындағы сенімдердің жаңа түрлерімен алмасты. 
Онда Линкольн банктің мерейтойын атау құр метіне мерекелік қалпақ 


94
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
киіп, ысқырғыш үрлеп тұрады; рок-концертті жарнамалауға саксофон-
да ойнап; басқа жерде Мэрилин Монромен қол ұстасқан немесе өзінің 
мемориалды орындығында жергілікті сыра шөл мегімен отырған қалпын-
да көрінеді, немесе күннен қорғайтын көзіл дірік киген алып «сәнқой», 
сондай-ақ дәстүрлі туған күн тойын Ұлы Валентин күнімен алмастырға-
нының бір белгісі ретінде Джоржд Вашингтон екеуі мерекелік ашықхат 
алысып тұрған қалыпта бейнеленеді. 1960 жылдардан кейінгі иконогра-
фика кезеңі Линкольн беделінің төмендегенін көрсетеді».
(B. Schwartz, 1998:73)
Америка қоғамындағы Авраам Линкольннің әртүрлі тұрғыдағы ұжымдық 
көзқарас ретіндегі функциясы адамдарға өздерін америкалықтар ретінде, не 
америкалық патриот немесе америкалық тұтынушылар ретінде ойлауға мүм-
кіндік берді. Сонымен қатар оның бейнесі америкалықтарды патриоттық мін-
детін өтеуге немесе құттықтау ашық хаттарын сатып алуға үндейтін күш болып 
есептеледі. Осы көзқарасты зерттеу Америка қоғамындағы өзгерістерді жақсы-
рақ түсінуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет